Мұрат ҚАПАНҰЛЫ
Мұрат ҚАПАНҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
417 материал табылды

Технология • 09 Ақпан, 2023

Мәшһүр Жүсіп балалары мехатрониканы меңгеріп жүр

Ауыл балаларының темір-терсекке үйірсек екені рас. Балалық шақта әкеміздің жанында жүріп, машина мен трактордың руліне жайғасқанды үлкен мәртебе көретін едік. Ал қазіргі жас буынның қызығушылығы заманға сай өзгеріске түскен. Соның бір жарқын мысалын Мәшһүр Жүсіп ауылындағы мектептен байқадық. Жергілікті оқушылардың роботтехникаға әуестігі көрген жанды тамсантады.

Инфрақұрылым • 08 Ақпан, 2023

Рельсті көліктің келешегі зор

Павлодарда трамвай паркінің дамуына басымдық беріліп отыр. Экологиялық жағынан қауіпсіз әрі қаладағы жолаушылар қозғалысын тиімді етуде рельсті көлік бүгінде ең қолайлы саналады. Қазір кәсіпорында жаңа вагондар сатып алудың жоспары жасалып жатыр. Бұған қоса, алдағы жылдары қаланың шеткі ықшам аудандарының бірі – Екінші Павлодарға дейін рельсті жол тартылмақ.

Музей • 08 Ақпан, 2023

Мәншүк шай ішкен самаурын

Павлодардағы Әскери даңқ музейінде Мән­шүк Мәметованың жез самаурыны сақта­лып тұр. Музей қызмет­кер­ле­рінің айтуынша, дәл осы самаурынды ұстағысы ке­ле­тін оқу­­шылардың қа­ра­сы қа­лың көрінеді.

Тарих • 07 Ақпан, 2023

Әлкейдің күнделігі

Әлкей Марғұланды Ленин­градта білім алуға көндірген ұлы жазушы Мұхтар Әуезов еді. Болашақ археолог он­дағы Шығыс инс­титутында оқып жүргенде орыс­тың шығыстанушылары мен өзге де түркітанушы оқы­мыс­ты­лардың әр дәрісінен қажетті мәліметтерді күн­де­лігіне талмай жазып отырған.

Жәдігер • 07 Ақпан, 2023

Шәкен Аймановтың әйгілі бөркі

Алдар көсе туралы ең алғаш фильм түсіріп, оның образын көрермен қауымға жеткізген Шәкен Айманов еді. Ұлттық киноның атасы сол картинада киген бөрік бүгінде Бұ­қар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінде сақтаулы тұр.

Аймақтар • 06 Ақпан, 2023

Аспалы жолда абайла!

Баянауылдың Мырзашоқы тау-шаңғы курортында күтпеген жерден шетел киносындағыдай оқиға болды. Шаңғы тебуге серуен құрып шыққандарды таудың төбесіне көтеретін аспалы жолдың айналдырғыш тетігі кенеттен істен шығып, 6 адам екі сағат бойы әуеде ілініп отырған.

Субсидия • 05 Ақпан, 2023

Шаруаны діңкелеткен субсидия шарты

Баянауылдағы «Діл-Нар-Ай» шаруа қожалығы мемлекеттен алған 20 млн теңге субсидияны қайтаруға міндеттеліп отыр. Алаяқ фирманың құрбаны болған шаруашылықтың шоттары мен мүлкі бүгінде бұғатталып, фермердің жағдайы қиындаған. Бір қызығы, кезінде қара малды жеткізушіні таңдауға облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы себепкер болған көрінеді.

Экология • 05 Ақпан, 2023

Ертіс орманының елеңдеткен ертеңі

Жер бетінде ең сирек кездесетін жалқарағай ормандары Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірінде, Ресей және Канада жерінде ғана сақталып қалған. Айтса айтқандай, ежелгі мұхиттың табанында, кәдімгі құм жалдарында өсіп шыққан реликті ормандардың ерекшелігі басым. Тамыры 70 метр тереңдікке бойлап, сонау шыңыраудағы жерасты суларынан қорек алатын қылқанжапырақтылар – бүгінде еліміз үшін баға жетпес табиғи байлықтың бірі. Адамзаттан да ерте пайда болған тамаша қазынаны қаз қалпында сақтап, көбейту үлкен мәселеге айналып отыр.

Инновация • 02 Ақпан, 2023

Келешектің инновациялық бағдары

«Цифрландыру, ғылым және инновациялар есебінен технологиялық серпіліс» ұлттық жобасы Павлодарда алғашқы жемісін бере бастады. Былтыр ел бойынша алғаш болып ашылған IT-мектеп бір жыл ішінде 400 адамды оқытып, жеке компаниялардың ақпараттық технологиялар саласындағы білікті мамандарының санын арттырды. Ал фрилансер ретінде өз бизнесін ашқандар мұнда қажетті IT-дағдыларды үйреніп, соның нәтижесінде кәсіптерін өркендету үстінде.

Аймақтар • 01 Ақпан, 2023

Баянауыл басына бұлан үйір

Өткен ғасырдың соңғы ширегінде Арқада жосып жүрген киіктер батыс өңірлерге ауса, Ресейдің Алтай таулары­нан асып келген бұландар Қазақстанның солтүстік-шығы­сын, Ертіс пен Жайық өзендерінің бойын мекендей бас­тағаны мәлім. Бұғы тектес жануар Баянауылдың таулы ай­мақтарында жиі байқалып, сортаң жерлерді жағалап жүр.