Мұрат ҚАПАНҰЛЫ
Мұрат ҚАПАНҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
414 материал табылды

Қоғам • 13 Желтоқсан, 2022

Арқада аяз қысса, жұрт жанын шүберекке түйеді

Облыс орталығының тұрғындары аяз қысқан күндері іштей кәлимасын айтып отырады. Көмірлі қаладағы апат Павлодар халқының басына келуі әбден мүмкін. Себебі бір ғана 28 қараша күні шаһардағы жылу-энерго орталықтарынан ысырап болған су мөлшері 620 тоннадан асып кетіпті. Бұл жылу желілеріндегі көзге көрінбейтін саңылаулар уақыт өткен сайын көбейіп, күніне тонналаған ыстық су жерге сіңіп жатқанын аңғартса керек.

Аймақтар • 12 Желтоқсан, 2022

Құрмет төрінде – қос тұлға

Павлодар педагогикалық университетінде көрнекті ғалым, атақты археолог Әлкей Марғұланның бюсті мен академик Әбікен Бектұров атындағы оқу аудиториясы ашылды. Осылайша, университет ұжымы 60 жылдық мерейтойын игілікті істермен қарсы алды.

Аймақтар • 10 Желтоқсан, 2022

Екібастұз: апат кезінде бүлінген пәтерлерді жөндеп береді

Екібастұздың жылу жүйесіндегі апаттан зардап шеккен пәтерлерді жөндеу, реттеу жұмыстары үшін «Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» (ОАЭК) АҚ дүйсенбіден бастап арнайы бригадаларды жұмылдырмақ, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аймақтар • 08 Желтоқсан, 2022

Барлық үйге жылу берілді

27 қараша күні болған апаттан зардап шеккен үйлердің барлығына жылу берілді. Шаһардың жылу жүйесіндегі теңгерімсіздікке байланыс­ты техногендік сипаттағы төтенше жағдай әлі де болсын сақталуда.

Экология • 08 Желтоқсан, 2022

Тау-тау қоқыс кәдеге жараса...

Ертіс-Баян өңірі қоршаған ортаны ластайтын заттардың шығарындылары бойын­ша елімізде көш бастап тұр. Өндіріс қалдықтары мен түрлі күл-қоқыстардың 30 пайызы, яғни 730 мың тоннасы осы аймаққа тиесілі. Ал отын-энергетика саласындағы бұл көрсеткіштердің үлесі тіпті сорақы 65 пайыздан асады.

Өнер • 07 Желтоқсан, 2022

Мұң мен қуаныштың айнасы

Уақыт пен кеңістік жоқ әлемде адами құндылықтар мен сезімдерді сақтап қалу, жансыз сурет болудан қашу, шынайы өмірдің мән-мағынасын түсіну, көз жанарындағы миллиондаған түстер мен суреттер арпалысы. Егер адам ғайыптан осы кеңістікке еніп кетсе не болар еді? «Мен жоқ жердегі «Менің өмірім» эксперименттік драмасы тұңғыш рет Жүсіпбек Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театрында сахналанды.

Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2022

Кезекте – жер үйлер

Екібастұзда апат салдарынан әлі де болсын жылуға қосылмаған көпқабатты 4 тұрғын үй қалды. Кеше таңертеңгілік №6 шағын ауданда орамішілік тағы бір құбыр жарылып, зақымдану көп ұзамай қалпына келтірілді.

Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2022

Көлік газына уланған

Көлік гаражынан «Екібастұз жылу-энерго» ЖШС учаске басшысының мәйіті табылды.

Аймақтар • 06 Желтоқсан, 2022

Екібастұзда жаңадан жылу құбыры салынуда

Екібастұздағы 5А шағын ауданында тұрғын үйлерді тұрақты жылумен қамтамасыз ету үшін жердің бетімен жаңадан 120 метр жерге қосқыш желі төселмек. 420 миллиметрлік құбырларды дәнекерлеуге дайындық жұмыстары басталып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қоғам • 06 Желтоқсан, 2022

Жөндеуші тапшы

Жылу жүйесіндегі апатты қалпына келтіру жұмыстары екінші аптаға кетті. Шаһардағы барлық үйдің жертөлесіне жылу кіргенімен, пәтерлердегі қатып қалған құбырлар мен кәріз жүйесін реттеу қиынға соғып тұр. Тұрғындар жөндеу бригадаларының жетіспейтіндігіне, кейбірі жылу батареяларын өз қаражаттарына сатып алып жатқанына шағымданып жатыр.