Мұрат ҚАПАНҰЛЫ
Мұрат ҚАПАНҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
402 материал табылды

Аймақтар • 19 Қараша, 2023

Өңірлерді тоғыстырған дода

Облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығының 20 жылдығына орай өңірде «Өнер додасы» байқауы ұйымдастырылды. Қалалар мен аудандардың арасындағы өнер бәсекесі бір айға созылып, финалдық кезеңдері қызықты өрбіді.

Аймақтар • 08 Қараша, 2023

Жаңа тариф: Монополистің дегені бола ма?

Екібастұз қаласындағы жылу монополисі тарифті бірден 149 пайызға көтеруге әрекеттеніп отыр. Орта есептегі тариф бойынша қазіргі күні 1 Гкал жылу 5 579,55 теңге тұрса, ал келер жылы бұл 13 911,98 теңгеге жетуі мүмкін. Мұндай жағдайда жеке тұтынушылар үшін жылу бағасы бірден 60 пайызға өссе, бюджеттік мекемелердегі тариф бірнеше есеге қымбаттамақ.

Сайлау • 05 Қараша, 2023

Аудандар халқының таңдауы

Павлодарда үш ауданның халқы өз әкімдерін сайлауға белсене қатысып, дауыс берді. Ақтоғай, Шарбақты, Железин өңірлерінде бұл күні 87 сайлау учаскесі жұмыс істеді.

Аймақтар • 01 Қараша, 2023

Жиырмаға жуық үй жылуға жарымай отыр

Екібастұзда әлі де 20-ға жуық көпқабатты баспана жылумен толық қамтылмаған. Жылу жүйесіндегі қысым мен айналымдағы параметрлердің әлсіз болуынан мыңдаған пәтердің тұрғындары қарашаның қара суығында тонып отыр.

Мирас • 01 Қараша, 2023

Мәскеуді думанға бөлеген «Әл-Әки»

Республика күніне орай Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде салтанатты қабылдау рәсімі өтіп, мерекелік концертте павло­дарлық «Әл-Әки» фоль­­клорлық-этногра­фия­лық ансамблі өнер көрсетті.

Қоғам • 31 Қазан, 2023

Майдангерді мерейтойымен құттықтады

Павлодар облысының әскери қызметшілері Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерін ғасырлық мерейтойымен құттықтады.

Жәдігер • 29 Қазан, 2023

Қанағаңның жазу мәшіңкесі

Заманында академик Қаныш Сәтбаев пайдаланған жазу мәшіңкесі табылды. Жәдігерді баянауылдық ерлі-зайыпты Михаил және Галина Баек отбасы осы уақытқа дейін сақтап келген.

Шахмат • 26 Қазан, 2023

Кіл мықты Керекуге жиналды

Павлодарда шахматтан «Pavlodar Open» халық­аралық турнирі басталды. Бұл жарысқа жуықта Дохада өткен дүниежүзілік бәсекеде әлемнің үздік шах­матшыларының бірі Магнус Карлсенді жеңген павлодарлық Әлішер Сүлейменов те қатысып жатыр.

Ауыл • 24 Қазан, 2023

«Біз Қаныш Сәтбаев ауылынанбыз!»

«Бірде республикада шың ас­қан шәкіртіммен Мәскеудегі төрткіл дүниенің дарынды балалары жи­налған білім сынына бардық. Сонда Қазақстандағы Қаныш ауылынан келгенімізді білген ресейлік оқымыстылар бізді көпке дейін жібергілері келмеп еді. Туған үйден 4 мың шақырым жерде жүрсек те, Қаныш ағаның шапағатын сезіндік. Академиктің ауылында туу бір бөлек, ал оған лайықты болудың салмағы зіл батпан екен...».

Аймақтар • 24 Қазан, 2023

Жылу маусымы алдындағы алаң көңіл

Кереку өңірінде кешеден бері ызғарлы жел тұрып, қар ұшқындай бастағаны сол, екібастұздық тұр­ғын­дар жаурап жатырмыз деп дабыл қақты. Қала­ның №19 шағын ауда­нын­дағы көппәтерлі төрт үй­де жылу да, ыстық су да жоқ. Жылытқышпен бой жы­лытқан отбасылар жер­гілікті әкімдіктің уәдесіне тойып болдық деп отыр.