Мұрат ҚАПАНҰЛЫ
Мұрат ҚАПАНҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
402 материал табылды

Қазақстан • 08 Қазан, 2023

Тіл меңгеру: бастама мен шеберлік

Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне оқытудың әдістемесін бүгінде әр маман өзінше түзіп, жүргізеді. Тілді қызықты етіп әрі жеңіл меңгертудің жолы қандай? Бұл сауалдың жауабы әлі күнге өзекті күйінде қалып отыр.

Өндіріс • 05 Қазан, 2023

Арқа төсіндегі ақ металл

Арқа төсінде кеңінен көсіліп, 200 гектарға жуық алқапты алып жатқан алып зауыт алыстан көз тартады. Екінші кезегі іске қосылған сәттен бұл өндірістік кешен жылына 250 мың тонна жоғары сапалы алюминий шығаратын жобалық қуатында жұмыс істей бастады. Сапалы алюминий бүгінде Ресей, Өзбекстан, Беларусь, Түркия, Грузия, Нидерланды, Италия, Грекия мемлекеттеріне және Еуропаның өзге де елдеріне экспортталып жатыр.

Аймақтар • 05 Қазан, 2023

Жер дауына не себеп?

Май ауданының бір топ тұрғыны айдың-күннің аманында ортақ пайдала­нымдағы жерлерінен айырылып отыр. Айтуларынша, жергілікті әкімдік өкілдері «Бәсеке», «Қылышбек», «Бақбер» шаруа қожалықтарына және 4 жеке азаматқа тиесілі 122 гектар жерді конкурсқа шығарудан бас тартқан. Онымен қоймай, сонау 1998 жылдан бері өздері шөбін шауып келе жатқан шүйгін жердің 18 гектарын өзге тұрғындарға негізсіз беріп жіберген.

Ұстаз • 05 Қазан, 2023

Жаңашыл педагог

Мұғалім алдындағы мақсат – оқушының оқуға ынтасын көтеру, қызығушылығын арттыру. 20 жылдық ұстаздық қызметінде жүздеген шәкіртті түрлі олимпиадаларға даярлап, үлкен додаларда жеңістің ауылын жақындатқан Сәндігүл Аханбаеваның сабақты меңгерту тәсілі де ерекше.

Өнер • 04 Қазан, 2023

«Ақбетке қонған аққу жыр»

Жер маржаны Баянауыл төрінде «Ақбетке қонған аққу жыр» атты поэзия кеші өтті. Әдемі кештің атауы Баяндағы биік шың – Ақбетпен астарласуында өзіндік мән бар. Еліміздің әр өңірінен келген ақын қыздардың шығармашылығы негізінен махаббат лирикасына арналды.

Жәдігер • 03 Қазан, 2023

Мәшһүр ұстаған Құран

Заманында Мәшһүр Жүсіп­тің өзі қолданған жеке заттары облыс орта­лығында­ғы көрмеге әкелінді. Құран кіта­бы мен кітап қоржыны, тіс тазалағышы және қол­жаз­баларының көшірмесі көп­шілікке ұсынылып, жұрт­шылық ұлыдан қалған жәдігерді тамашалауға асықты.

Қылмыс • 03 Қазан, 2023

Есірткі саудасы желілік маркетингке ұласып барады

Есірткі саудасы желілік маркетингтің бір түріне айналып келеді. Жеңіл жолмен келетін ақшаға қызыққан жас­өс­пірім­дер көп жағдайда заңсыз есірткі саудасына араласып, тәртіп сақ­шыларының қолына түсіп жататын оқиғалар аз емес.

Қоғам • 29 Қыркүйек, 2023

Батагөй Балтабай

Қазақта «Саф өнер саңлаққа ғана қонады» деген жақсы сөз бар. Осы бір әдемі теңеуді заманында суырыпсалма ақындығымен, шебер күйшілігімен елді аузына қаратқан, бүгінде «Керекудің батагөй ақсақалы» атанып отырған Балтабай Сыздықовқа қай жағынан айтсақ та жарасатындай.

Аймақтар • 28 Қыркүйек, 2023

Екібастұзға жылу беріле бастайды

Екібастұздағы жылу желілерін жаңарту жоспары іс жүзінде тәмамдалуға жақын. Қаладағы жылу тораптары мен магистральдерді жаңарту, жылу-электр орталығындағы жабдықтарды жөндеу кестеге сәйкес атқарылып жатыр. Қазан айының 1-нен шаһардағы үйлерге жылу беріле бастайды деп күтілуде.

Аймақтар • 26 Қыркүйек, 2023

Тобылжандағы тиянақты тірлік

Тобылжан ауылында тұз өндірісінің тамырына қайта қан жүгіре бастады. «Қазтұз» ЖШС Кіші Тобылжан көліндегі тұз тиеу жұмыстарын бастап, өндірісті іске қосуды қолға алды. Келешекте мұнда табиғи өнімді қайта өңдейтін цех пайда болуы ықтимал.