Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2442 материал табылды

Бокс • 05 Сәуір, 2022

Халықаралық жарыстарға қатысып жатыр

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы қыркүйек айында Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін жазғы Азия ойындарына дайындық ретінде бірнеше халықаралық турнирде бақ сынап, шеберліктерін шыңдап жатыр. Мәселен, ұлттық құраманың екінші нөмірлі боксшылары Сербия астанасы – Белградта мәресіне жеткен турнирде өнер көрсетіп келсе, негізгі құрам боксшылары осы күндері Таиландта басталған халықаралық жарыста бақ сынауда.

Бокс • 04 Сәуір, 2022

Жекпе-жек уақыты белгіленді

Орта салмақта өнер көрсететін қазақ­стандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегін 21 мамырда АҚШ-та өткізетін болды. Бұл туралы амери­калық инсайдер Дэн Рафаэль мен отан­дасымыздың командасы ресми түрде мәлімдеді.

Теннис • 04 Сәуір, 2022

Финалға шыға алмады

Қазақстандық теннисші Александр Недовесов Испанияның Марбелья қаласында өтіп жатқан халықаралық челленджер турнирінің финалына шыға алмады.

Футбол • 04 Сәуір, 2022

Әлем чемпионатының жеребесі тартылды

Өткен жұма күні Қатар астанасы – Дохада жыл соңында ұйымдастырылатын футболдан кезекті әлем чемпионатының жеребесі тартылды. Қараша және желтоқсан айларында өтетін биылғы жаһандық доп додасына әлемнің 32 құрамасы қатысады.

Спорт • 03 Сәуір, 2022

Геннадий Головкин: Мен шындықтың бетіне тура қарайтын адаммын

Орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин алдағы сенбі күні Жапонияда жергілікті боксшы Рета Муратамен шаршы алаңға шығады. Отандасымыз маңызды жекпе-жек алдында америкалық бокс маманы Тедди Атластың The Fight with Teddy Atlas жобасына сұхбат беріп, өзінің қазіргі мотивация­сы, кәсіпқой бокстың шыңына шығудағы қиындықтары, сондай-ақ мексикалық Сауль Альвареспен (57-1-2, 39 КО) өтуі мүмкін болған үшінші жекпе-жек туралы әңгімелейді. Назарларыңызға сұхбаттың жазбаша нұсқасын ұсынамыз.

Футбол • 31 Наурыз, 2022

«С» лигасындағы орнын сақтап қалды

Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы аясында елордада Молдова футболшыларын қабылдап, ойынның негізгі кезеңінде 0:1 есебімен жеңіліп қалса да, матч соңындағы пенальти сериясында бағы жанды – 5:4. Өз елімізде өткен кездесуде жерлестеріміз жеңіс үшін барын салып, матчты стадионнан және теледидар арқылы тамашалаған барша футбол жанкүйерін жігерлі жеңісімен қуантты.

Хоккей • 30 Наурыз, 2022

«Барыс» маусымды қорытындылады

Шайбалы хоккейден Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) биыл 14-ші маусымын өткізген елорданың «Барысы» Гагарин кубогы жолындағы плей-офф кезеңінің алғашқы раундында сүрініп, жарысты ерте аяқтауға мәжбүр болды. Қатарынан үш жыл плей-оффтың алғашқы кезеңінде Магнитогорскінің «Металлург» клубымен күш сынасып, кейінгі екі жылында сәтсіздікке ұшырады. 2019/20 жылғы маусымда екі клуб арасындағы бәсекеде «Барыстың» мерейі үстем болғанымен, қазақстандық ұжым коронавирус пандемиясына байланысты жарысты жалғастырудан бас тартқан еді.

Футбол • 28 Наурыз, 2022

Сырт алаңда Молдованы жеңді

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Ұлттар лигасы аясында сырт алаңда Молдова құрамасымен кездесіп, «С» лигасындағы орнын сақтап қалуға мүмкіндік беретін матчтың алғашқы ойынын­да жеңіске жетті. Кишиневтегі 11 мыңға жуық жанкүйер сыятын «Зимбру» стадионында өткен ойын 2:1 есебімен жерлестеріміздің пайдасына аяқталды.

Теннис • 25 Наурыз, 2022

20 аптадан бері көш бастап келеді

Tennis Europe ұйымы биыл күзде Монте-Карлода өтетін Junior Masters турнирінің жаңартылған рейтингін жариялады.

Футбол • 25 Наурыз, 2022

Екі құрлық чемпионы кездеседі

Футболдан былтырғы Еуропа чемпионы Италия мен 2021 жылғы Оңтүстік Америка кубогының ие­гері Аргентина құрамалары өзара матч өткізіп, ескі турнирді қайта жаң­ғыртпақ.