Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
1100 материал табылды

Спорт • 10 Маусым, 2019

Бельгияға қарсы дәрмен қайда!

Қазақстан ұлттық құрамасы футболдан 2020 жылғы Еуропа чем­пиона­тының іріктеу кезеңінің үшінші тур ойынын сырт алаң­да өткі­зіп, Бельгия құрамасына есе жіберді. Брюссельдегі «Руа Бодуэн» ста­дионында өткен матчта алаң иелері қақпа­мызға жауап­­сыз үш гол соқты.

Сайлау • 09 Маусым, 2019

Үміткер Сәді-Бек Түгел өз таңдауын жасады

«Ұлы Дала қырандары» республикалық қоғамдық қозғалысынан Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Сәді-Бек Түгел елордадағы №82 «Дарын» лицейінде орналасқан 136 сайлау учаскесіне отбасымен бірге келіп, дауыс берді.

Спорт • 08 Маусым, 2019

Айбек Нұғымаров екі дүркін «Қазақстан барысы» атанды

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Барыс Арена» мұз айдыны сарайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен ІХ «Қазақстан барысы» турнирі өтті. Еңселі елордамыздың төрінде тоғызыншы рет ұйымдастырылған айтулы додаға еліміздің ең мықты деген 36 балуаны бақ сынады. Жалпы биылғы жарысқа 37 балуан қатысуы керек болған. Алайда былтырғы «барыс» Ержан Шынкеев спорттық ғұмырын аяқтап, жолын жастарға беретінін мәлімдеген еді.

Спорт • 07 Маусым, 2019

Торғай тарландары төс түйістіреді

Ертең елордада қазақ күресінен Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін «Қазақстан барысы» республикалық турнирі өтеді. Осымен тоғызыншы рет ұйымдастырылып жатқан айтулы бәсекеге еліміздің 14 облысынан, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан және күштік құрылымдар арасындағы турнирде іріктеуден өткен 36 үздік балуан қатысады. Осы орайда Қостанай облысының атынан белдесетін балуандар Асылбек Әбдіров пен Ғабит Балғынбаевпен аз-кем әңгімелесіп, турнирге дайындық барысын сұрадық.

06 Маусым, 2019

Халықаралық рейтинг агенттігі ForteBank рейтингтерін "В"-дан "В+"-ке көтерді

S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі ForteBank рейтингтерін "В"-дан "В+"-ке дейін көтеру туралы шешім қабылдады, ал қаржы нарығындағы болжамы – "Тұрақты"

Спорт • 05 Маусым, 2019

«Астана» рейтингте жоғарылап келеді

Еуропа футбол қауымдастығы (УЕФА) 2018/2019 жылғы Еуродода маусымын қорытындылап, командалардың жаңарған рейтингін жариялады. Клубтардың рейтингі соңғы бес жылдағы нәтижелеріне қарап жасалған.

Спорт • 05 Маусым, 2019

Головкин мен Роллс ашық жаттығу өткізді

Орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы, әлемнің экс-чемпионы Геннадий Головкин мен канадалық Стив Роллс 9 маусымда өтетін жекпе-жек алдында жанкүйерлерге арнап ашық жаттығу өткізді.

Спорт • 02 Маусым, 2019

«Ливерпуль» – Чемпиондар лигасының жеңімпазы

Испаниядағы «Ванда Метрополитано» стадионында ағылшынның қос командасы «Тоттенхэм» мен «Ливерпуль» биылғы Чемпиондар лигасының бас жүлдесін сарапқа салды. Тартысты өткен кездесуде «Ливерпуль» 2:0 есебімен жеңіске жетті.

02 Маусым, 2019

«Джиро д'Италия»: Пельо Бильбао екінші рет кезең жеңімпазы атанды

Италия тасжолдарында өтіп жатқан велоспорттан «Джиро д'Италия» көпкүндігінің 20-шы кезеңінде «Астана» командасының испаниялық велошабандоз Пельо Бильбао жеңімпаз атанды.

31 Мамыр, 2019

Медициналық сақтандыру қорының қызметі цифрландырылып жатыр

Вице-премьер Гүлшара Әбдіхалықова «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ басшылығымен міндетті сақтандыру жүйесін енгізуге дайындық мәселелерін талқылады.