Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2442 материал табылды

Спорт • 01 Желтоқсан, 2021

Үздіктер қатарынан көрінді

Түркияның Анталия қаласында өз мәресіне жеткен көру қабілеті нашар спортшылар арасындағы әлем чемпио­натында қазақстандық спортшылар 2 алтын, 1 күміс және 1 қола медаль жеңіп алды.

Спорт • 01 Желтоқсан, 2021

Тбилисиде топ жарды

Грузияның бас шаһары – Тбилисиде өтіп жатқан пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында қазақстандық Давид Дегтярев үздік шықты.

Футбол • 30 Қараша, 2021

«Қайрат» – 10 дүркін Қазақстан кубогының иегері

Футболдан Қазақстан кубогы жолындағы жарыстың финалында Алматының «Қайраты» Қарағандының «Шахтерін» жеңіп, өз тарихында аталған жүлдені оныншы мәрте жеңіп алды. Елордадағы «Астана Аренада» өткен тартысты бәсекенің негізгі және қосымша таймы 3:3 есебімен тең аяқталып, матч пенальти сериясына ұласты. 11 метрлік нүктеде дәлдік танытқан «Қайрат» футболшылары жеңімпаз атанды.

Теннис • 30 Қараша, 2021

Келесі қарсылас – Сербия

Теннистен Қазақстан құрамасы Испанияның бас шаһары – Мадридте өтіп жатқан Дэвис кубогының ширек финалына шықты. Топтық кезеңнің алғашқы ойынында жерлестеріміз Швецияны жеңсе (2:1), екінші матчта Канада құрамасынан 3:0 есебімен басым түсті. Сөйтіп, В тобында бірінші орынға ие болған қазақстандық теннисшілер ширек финалға жолдама алды. Бұл сында отандастарымызды әлемнің бірінші ракеткасы Новак Джокович бастаған Сербия құрамасы күтіп тұр.

Спорт • 29 Қараша, 2021

Финалға шыға алмады

Төрт кезеңге жалғасқан шорт-тректен Әлем кубогы жарысы өз мәресіне жет­ті. Қазан айында Қытайда басталған бай­рақты бәсеке кеше төртінші кезең­мен Нидерландтың Дордрехт қала­сында аяқталды.

Бокс • 29 Қараша, 2021

Желтоқсанда жұдырықтасады

Екінші орта салмақта жұдырықта­са­тын қазақстандық боксшы Бек Нұр­ма­ғанбет (5-0, 3 КО) кәсіпқой бокстағы ке­лесі кездесуіне дайындықты бас­тады.

Футбол • 22 Қараша, 2021

Купердің қателігі, Амартидің симуляциясы

Африка құрлығында 2022 жылы Қатарда өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің соңғы тур ойындары тосын оқиғаларға толы болды. Шешуші турда Эктор Купер жаттықтыратын Конго Демократиялық Республикасы Бенинді 2:0 есебімен, Гана ұлттық құрамасы Оңтүстік Африка Республикасын (ОАР) 1:0 есебімен жеңіп, бірінші орынмен Қатарға жолдама беретін соңғы іріктеу сатысына шықты. Алайда біріншісіне – бас бапкердің болмашы қателігі, екіншісіне  футболшының симуляциясы салдарынан жаһандық додадан тыс қалу қаупі туып тұр.

Бокс • 22 Қараша, 2021

Жәнібек пен Жанның жарқын жеңістері

Жексенбі күні орта сал­мақта жұдырықтасатын қазақ­стандық боксшы Жәні­бек Әлімханұлы (11-0, 7 KО) мен ауыр салмақ­тағы Жан Кособуцкий (16-0, 15 КО) кезекті жек­пе-жектерін өткізіп, жан­кү­йер­­лерін жарқын жеңі­сімен қуантты.

Спорт • 21 Қараша, 2021

Әлем чемпиондары мен жүлдегерлері марапатталды

Өткен аптада Алматы қаласында Ұлттық Олимпиада комитеті мен Қазақстан бокс федерациясы Сербия астанасы – Белградта өткен бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін, сонымен қатар спортшылардың табысты өнер көрсетуіне мүмкіндік жасаған жаттықтырушылар мен ғылыми-кешенді топтың мүшелерін қаржылай сыйақымен марапаттады.

Спорт • 19 Қараша, 2021

Екінші орынды еншіледі

Бұл күндері Бангладештің Дакка қала­сында садақ атудан Азия біріншілігі өтіп жатқаны белгілі. Жарыстың екін­ші күнінде Қазақстан командасы Сары құр­лық чемпионатындағы екінші ме­далін жеңіп алды.