Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2442 материал табылды

Спорт • 02 Қыркүйек, 2021

Қазақстан – Украина – 2:2

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2022 жылы Қатар астанасы – Дохада өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы 4-тур ойынын елордадағы «Астана Аренада» өткізіп, Украина құрамасымен тең түсті.

TOKYO2020 • 01 Қыркүйек, 2021

Қоржын қоламен толықты

Жапонияда өтіп жат­қан XVI жазғы Пара­­лим­пия ойын­дары­ның кезекті күнінде Қа­зақ­стан құрама­сы­ның қоржынына қола жүл­де түсті. Жүзу спор­тыбойынша сынға түс­кен Нұрдәулет Жұма­ғали үшінші нәтиже көрсетті.

Бокс • 01 Қыркүйек, 2021

Азияда алдарына жан салмады

Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында бокстан жастар және жасөспірімдер арасындағы Азия біріншілігі өз мәресіне жетті. Айтулы жарыста Қазақстанның ұлдар және қыздар құрамасы барлық салмақ дәрежелері бойынша бақ сынады. Нәтижесінде, 51 салмақ бо­йынша жұдырықтасқан бокс­шыларымыз жалпы саны 47 медаль жеңіп алды (19 алтын, 15 күміс және 13 қола). Оның ішіндегі 11 алтын, 6 күміс пен 5 қола жас­тар, қалғаны жасөспірімдер құрамасына тиесілі.

Теннис • 01 Қыркүйек, 2021

Путинцева мен Диас Astana Open WTA 250 турниріне қатысады

Әлемдік рейтингте 33-орында тұрған қазақстандық теннисші Юлия Путинцева мен рейтингте 110-сатыға жайғасқан Зарина Диас 25 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Нұр-Сұлтанда өтетін Astana Open WTA 250 турниріне қатысады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Спорт • 30 Тамыз, 2021

Құрама қоржыны тағы үш медальмен толықты

Жапонияның бас шаһары – Токиода өтіп жатқан XVI жазғы Паралимпия ойындарының алғашқы аптасы аяқталмай жатып, қазақстандық параспортшылар ел қоржынына төрт жүлде салып үлгерді. Бұл – Қазақстанның Паралимпиада тарихындағы рекордтық нәтиже.

Спорт • 29 Тамыз, 2021

Тұңғыш рет топтық кезеңде ойнайды

Өткен аптада биылғы Еурокубок ойындарының іріктеу кезеңі аяқталып, негізгі үш турнирдің (Чемпиондар лигасы, Еуропа лигасы және Конференция лигасы) топтық кезеңіне шыққан командалар белгілі болды. Қазақстандық командалар арасында Алматының «Қайраты» іріктеу бәсекелерінен сүрінбей өтіп, Конференция лигасының топтық кезеңінде өнер көрсететін 32 клубтың қатарына қосылды.

Теннис • 24 Тамыз, 2021

Үздіктер елордада бас қосады

Елордадағы Ұлттық теннис орталығының корттарында 19-26 қыркүйек ара­лығында теннистен Astana Open ATP 250 халықаралық турнирі өтеді. Осы­лайша, Қазақстан астанасы екінші жыл қатарынан кәсіпқой теннисшілер қауым­дас­тығының (ATP) әлемдегі ең беделді турнирлерінің бірін өткізуге мүмкіндік алды.

Спорт • 23 Тамыз, 2021

Басты мақсат – ел үмітін ақтау

Ертең Жапонияның бас шаһары – Токиода XVI жазғы Паралимпия ойындарының жалауы желбірейді. Төртжыл­дықтың басты додасында еліміздің атынан 25 спортшы 7 спорт түрінен сынға түседі. Бұл – Қазақстанның Паралимпиада тарихында ең көп спортшы қатысатын ойыны болмақ. Енші­міздегі 25 жолдаманың алтауын пара дзюдошыларымыз жеңіп алған. Спорттың бұл түрімен көру қабілеті нашар немесе көзі көрмейтін спортшылар айналысады.

Спорт • 22 Тамыз, 2021

Топтық кезеңге жақындай түсті

Еурокубок бәсекелеріне қатысып жатқан Қазақстанның екі командасы өткен аптада плей-офф кезеңіндегі алғашқы ойындарын өткізді. Биылғы Еуродода ойындарын Чемпиондар лигасынан бастап, үшінші деңгейлі жарыс саналатын Конференция лигасына дейін түсіп қалған Алматының «Қайраты» аталған турнирдің топтық кезеңіне біртабан жақындай түсті. Ал қазақстандық командалар арасында күні бүгінге дейін сенсация жасап келген Қарағандының «Шахтері» үшін күзгі маусымның ауылы алыс­тап кеткен сияқты.

Футбол • 20 Тамыз, 2021

Кубок кімге бұйырады?

Биылдан бастап Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының бастамасымен ұйымдастырылған жаңа форматтағы футболдан Қазақстан кубогы жарысының топтық кезеңдегі ойындары аяқталды. Бір жарым айға созылған бәсекеде әр топта үздік атанған екі команда ширек финалға жолдама алды.