Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2442 материал табылды

Спорт • 17 Тамыз, 2021

Орталық Азияның ММА жұлдыздары Алматыда бас қосады

Ертең Алматыда аралас жекпе-жектен Аlash Pride Grand Prix 67 турнирі өтеді. Бұл додаға тек Қазақстанның ММА спортшылары ғана емес, алыс-жақын шетелден де ең мықты деген файтерлер келеді, деп жазады Egemen.kz.

Хоккей • 17 Тамыз, 2021

«Барыс» – алты дүркін жеңімпаз

Елордада шайбалы хоккейден ұйымдастырылған Қазақстан Республикасы Президенті кубогы халықаралық жарысы өз мәресіне жетті. Финалда Қарағандының «Сарыарқа» клубынан басым түскен «Барыс» жарыстың алтын дүркін жеңімпазы атанды.

Спорт • 16 Тамыз, 2021

Олимпиаданы қорытындылады

Қазақ спортшылары үшін аса сәтті бола қоймаған Токио Олимпиадасының қорытындысы алдағы қыркүйек айының соңына қарай шығарылып, әрі қарай Париж Олимпиадасына дайындық басталады. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Андрей Крюков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлімдеді.

Саясат • 16 Тамыз, 2021

Жүлдегерлер марапатталды

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев пен Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Жапонияның бас шаһары – Токиода өткен XXXII жазғы Олимпия ойындарының жүлдегерлерімен және бапкерлермен кездесіп, оларға Мемлекеттік наградалар мен қаржылай сертификаттар тапсырды.

Футбол • 15 Тамыз, 2021

«Шахтер» мен «Қайратқа» үміт артамыз

Еурокубок ойындарының үшінші кезеңінен кейін кейбір қазақстандық командалардың Еуропадағы деңгейі белгілі бола бастады. Биылғы клубтар арасындағы маңызды үш жарыстың іріктеу сатысына еліміздің ең мықты деген төрт командасы қатысуға мүмкіндік алған еді. Өкінішке қарай, Еуродода бәсекесінің үшінші іріктеу ойындарынан кейін клубтарымыздың қатары сиреп, небәрі екі-ақ командамыз турнирді әрі қарай жалғастыруға мүмкіндік алды.

Спорт • 12 Тамыз, 2021

Испанияда топ жаруды көздейді

Алдағы сенбі күні велошабандоздар үшін әлемдегі ең маңызды үш ірі жарыстың бірі саналатын – «Испания Вуэльтасы» Гранд-турының жалауы желбірейді. 5 қыркүйекке дейін жалғасатын бәсекеге қазақстандық-канадалық Astana – Premier Tech велокомандасының өкілдері де қатысады.

Спорт • 12 Тамыз, 2021

Шацкий «Шахтерді» плей-оффқа шығарды

Конференция лигасының үшінші айналымына жолдама алып, кішігірім сенсация жасаған Қарағандының «Шахтері», әне-міне дегенше аталған турнирдің плей-офф сатысына да шықты. Ереванда өткен екінші іріктеу кезеңінің қарымта кездесуінде «кеншілер» командасы Румынияның атақты «Стяуа» клубын пенальти сериясында жарыстан шығарып жіберсе, күні кеше дәл сондай жағдаймен Украинаның «Колосын» ұтты.

Спорт • 03 Тамыз, 2021

Еурокубок: Қазақстан клубтарының сәтті қадамы

Биыл ғана тұсауы кесілген Конференция лигасында өнер көрсетіп жатқан Қазақстанның үш командасы да аталған турнирдің екінші іріктеу кезеңінде кішігірім сенсация жасап, жарыстың үшінші айналымына жолдама алды. «Астана», «Тобыл» және «Шахтер» клубтары жарыстың екінші іріктеу кезеңінде Еуропаның үздік клубтарымен сынға түсіп, барлығы да қарсыластарынан мықты екенін дәлелдеді. Сөйтіп үш клубымыз да қазақстандық футбол жанкүйерлеріне тамаша көңіл-күй сыйлады.

Туризм • 28 Шілде, 2021

Туристік қызметті жандандырады

Орталық коммуникациялар қызметінде Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков, Kazakh Tourism ұлттық компаниясы басқармасының төрағасы Ержан Еркінбаев және Қазақстан туроператорлар қауымдастығының басшысы Инна Рейдің қатысуымен «Туристік қызмет туралы заңнамаға қабылданған өзгерістер туралы» арнайы жиын өтті.

Спорт • 25 Шілде, 2021

Жаңа турнирдегі жорықтар басталды

Өткен бейсенбі түні қазақстандық футбол командалары УЕФА 2018 жылы негізін қалап, бірақ биылдан бастап ұйымдастырылған су жаңа Конференциялар лигасы турнирін екінші іріктеу кезеңінен бастады. Қазақстан чемпионатының былтырғы күміс жүлдегері Қостанайдың «Тобылы» сырт алаңда Хорватияның «Хайдук» клубымен, қола жүлдегер елорданың «Астанасы» Нұр-Сұлтанда Грекияның «Арисімен» және ҚПЛ-дің төртінші орын иегері Қарағандының «Шахтері» Румынияның ФКСБ (Стяуа) командасымен кездесті.