Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2442 материал табылды

Спорт • 11 Наурыз, 2021

Тартысты кезең жалғасуда

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) Гагарин кубогы жолындағы жарыстың плей-офф кезеңінде сынға түсіп жатқан елорданың «Барысы» мен Магнитогорскінің «Металлургі» мұзайдындағы төртінші кездесуін өткізген болатын. Нұр-Сұлтандағы «Барыс-Аренада» өткен бәсекеде жерлестеріміз жеңіске жетіп, сериядағы жалпы есепті теңестірді – 2:2.

Спорт • 11 Наурыз, 2021

Алатау баурайындағы әлем чемпионаты

Алматыдағы «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортында елімізде тұңғыш рет қысқы спорттың фристайл-могул және фристайл-акробатика түрінен әлем чемпио­наты өтіп жатыр. Өз еліміздегі дүниежүзілік додада осы спорт түрінен бақ сынайтын жерлестеріміз медаль үшін бәсекелерде аянып жатқан жоқ.

Спорт • 10 Наурыз, 2021

«Тобыл» – тұңғыш жеңімпаз

Футболдан Қазақстанның жаңа маусымы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен облыс орталығына айналып, қайта түрленген Түркістан өңірінде бастау алды. Жуырда ғана ел игілігіне пайдалануға берілген «Түркістан Арена» стадионында еліміздің ең үздік деген төрт командасы бас қосып, биылдан бастап жаңа форматта ұйымдастырылған футболдан Қазақстан Суперкубогын сарапқа салды.

Спорт • 05 Наурыз, 2021

Шетелдік жанкүйерлер қатыспайды

Токиодағы Олимпиада және Паралим­пиада ойындары шетелдік жанкүйер­лердің қатысуынсыз өтуі мүмкін. Бұл туралы Жапонияның үкімет мүшелері Халықаралық Олимпиада комитетінің (ХОК) басшылығымен өткізген жиында мәлімдеді.

Спорт • 05 Наурыз, 2021

Әлем чемпионаты Алматыда өтеді

Наурыздың 9-ы мен 11-і күндері Ала­тау бөктеріндегі «Шымбұлақ» тау шаң­ғы курортында елімізде тұңғыш рет фристайл-могул мен фристайл-акро­батикадан әлем чемпионатының жалауы желбірейді.

Спорт • 05 Наурыз, 2021

Суперкубок кімге бұйырады?

Түркістанда өтіп жатқан футболдан Қазақстан Суперкубогының финалына шыққан командалар белгілі болды.

Спорт • 04 Наурыз, 2021

Алғашқы ойындағы сәтсіздік

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) плей-офф кезеңіне шыққан елор­даның «Барысы» Гагарин кубогы жолын­дағы жарыстың 1/8 финалында Маг­ни­тогорскінің «Металлург» командасы­мен кездесіп, сырт айдында өткен ал­ғаш­қы ойында ірі есеппен жеңіліп қалды.

Спорт • 04 Наурыз, 2021

Испанияда бақ сынауда

Бұл күндері Испанияның Костельеон қаласында бокстан халықаралық Boxam турнирі өтіп жатыр. Еліміздің бірін­ші нөмірлі боксшылары қаты­сып жатқан жарыстың алғашқы күнінде шаршы алаңға шыққан үш қазақ­стандық жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Спорт • 04 Наурыз, 2021

Беларусьтен басым түсті

Футзалдан Қазақстан ұлттық құра­масы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріндегі кезекті тур ойынын Нұр-Сұлтанда өткізіп, Беларусь футзалшыларын айқын басымдықпен ұтты.

Туризм • 04 Наурыз, 2021

Ішкі туризмді «үштік» өркендетеді

Мәдениет және спорт министрлігі «Ата­мекен» ҰКП және «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, 2021 жылға арналған ұлттық туристік өнімді дайындау жөніндегі үшжақты жол картасына қол қойды.