Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2442 материал табылды

Спорт • 22 Қазан, 2020

«Вуэльта» веложарысы басталды

Велоспорттан әлемдегі ең маңызды үш ірі жарыстың бірі саналатын «Испания Вуэльтасы» гранд-турының жалауы желбіреді. 8 қарашаға дейін жалғасатын бәсекеге Қазақстандық «Астана» велокомандасының өкілдері де қатысып жатыр.

Саясат • 21 Қазан, 2020

Бұқаралық спорт – басты назарда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты биылғы Жолдауында балалардың спорттық және шығармашылық әлеуетін дамытуға ерекше назар аударды. Балалар үшін қатерлі бүгінгідей аумалы-төкпелі заманда олардың күш-жігері мен қызығушылығын дұрыс арнаға бағыттау аса маңызды.

Оқиға • 21 Қазан, 2020

Әлемдік серияның кестесі бекітілді

Пандемияға байланысты биыл садақ атудан жабық ғимараттағы әлемдік кезеңнің бірде-бір жарысы өткізілген жоқ. Алайда қараша айынан бас­тап аталған турнир онлайн түрде ұйым­­дастырылады. Мұны ҰОК-тың бас­пасөз қызметі хабарлады.

Хоккей • 21 Қазан, 2020

Аптаның үздігі атанды

Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) арнайы комиссиясы тұрақты бірін­шіліктің жетінші аптасын қо­рытындылап, өткен жеті күнде үздік ойынымен көзге түскен хоккейшілердің есімін атады. Олардың қатарында «Барыс» ойыншысы да бар.

Футбол • 21 Қазан, 2020

74 жастағы кәсіпқой футболшы

Мысырдың 74 жастағы тұрғыны Эззел­дин Бахадер әлемдегі ең қарт кәсіп­қой футболшы атанды. Бұл туралы халық­аралық Reuters агенттігі хабарлады.

Футбол • 21 Қазан, 2020

Чемпионат қыза түсті

Футболдан Қазақстан чемпионатының кезекті тур ойындары түрлі оқиғалармен жанкүйерлердің есінде қалды. Мәселен, «Тараз» екінші таймның ортасына дейін 2:0 есебімен алда тұрғанымен, матч соңында әрең дегенде тең есепті сақтап қалса, «Жетісу» да дәл сондай есеппен «Қайратты» жеңіп жатып, қарсыласына ірі есеппен жол берді. Сонымен қатар алматылықтар екі бірдей 11 метрлік айып добын орындай алмады.

20 Қазан, 2020

АХҚО компаниялары қанша салық төледі?

Короновирус дағдарысының іскерлік белсенділікке теріс әсеріне қарамастан 2020 жылдың үш тоқсанында "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушы компаниялары мемлекеттік бюджетке 5,678 млрд теңге салық пен төлем төледі. Салыстыру үшін айта кетейік, 2019 жылдың 12 айында көрсеткіш 6,99 млрд теңге болған еді.

Хоккей • 20 Қазан, 2020

Бірі кетіп, екіншісі келді

Шайбалы хоккейден Қазақстан чем­пионатында өнер көрсететін Қара­ғандының «Сарыарқа» клубына жаңа бас бапкер тағайындалды.

Кәсіпқой бокс • 20 Қазан, 2020

Жаңа салмақ қосылды

Кәсіпқой бокста ең белді ұйымның бірі саналатын Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) алдағы уақытта кәсіпқойлар арасында жаңа салмақ қосылатынын мәлімдеді.

Кәсіпқой бокс • 20 Қазан, 2020

Ломаченко-Лопес: жастың аты жас екен

Күллі әлем жұрты тағатсыздана күткен жеңіл салмақтағы украиналық Василий Ломаченко мен америкалық Теофимо Лопес арасындағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін тартысты жекпе-жек өтті. 12 раундқа жоспарланған айқаста 23 жастағы америкалық жас талант Теофимо Лопес төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті.