
Спорт • 30 Қыркүйек, 2019
Елорданың «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) аясындағы кезекті тур ойынын Челябіде өткізіп, жергілікті «Трактор» командасынан тағы да басым түсті.
Спорт • 30 Қыркүйек, 2019
Бурятияның бас шаһары – Улан-Удэ қаласында 3 қазан күні бокстан қыздар арасындағы әлем чемпионатының жалауы желбірейді. Құрама бас бапкері Ерік Алғабек байрақты бәсекеде сынға түсетін спортшылар есімін атады.
Спорт • 30 Қыркүйек, 2019
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Батыр Жүкембаев Канаданың Монреаль қаласында өткен кәсіби бокс кешінің басты жекпе-жегінде шаршы алаңға көтеріліп, мексикалық Мигель Васкестен ұпай саны бойынша басым түсті. Сондай-ақ отандасымыз екі бірдей белдікке ие болды.
Спорт • 30 Қыркүйек, 2019
Тау көтере алмаған «ТОЛАҒАЙЛАР»
Қыркүйек айы спортшылар мен жанкүйерлердің есінде әлем чемпионаты өткен ай ретінде есінде қалатыны анық. Өйткені бұл айда әлемнің түкпір-түкпірінде төрт бірдей әлем чемпионаты ұйымдастырылды. Қатар астанасы Дохада өткен жұма күні жалауы желбіреген жеңіл атлетикадан әлем біріншілігі 5 қазанда мәресіне жетеді. Бүгінгі материалымызда біз Таиландтың Паттайя қаласында қазақстандық спортшылардың қатысуымен өткен ауыр атлетикадан әлем чемпионатын қорытындылаймыз.
Спорт • 26 Қыркүйек, 2019
Ауыр атлетикадан Таиландта өтіп жатқан әлем чемпионатының кезекті жарыс күнінде 96 кило салмаққа дейінгі спортшылар сынға түсті. Бұл салмақ дәрежесінде отандасымыз, төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин ел намысын қорғаған болатын.
Спорт • 26 Қыркүйек, 2019
Елена Рыбакина турнирдің ширек финалына шықты
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан WTA сериясына енетін халықаралық турнирдің ширек финалына жолдама алды. Жарыстың жалпы жүлде қоры – 2,8 миллион АҚШ доллары.
Спорт • 24 Қыркүйек, 2019
Өз жерімізде алтын ала алмадық
Қазақстанның бас шаһары – Нұр-Сұлтанда жалауы желбіреген күрес түрлерінен 2019 жылғы әлем біріншілігі өз мәресіне жетті. Дүние жүзінің 103 елінен келген 1002 балуан бақ сынаған байрақты бәсекеде 120 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Оның ішінде отандастарымыз 7 жүлде еншіледі. Яғни 3 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды.
• 23 Қыркүйек, 2019
Зүлфия Чиншанло үздіктер қатарынан көріне алмады
Ауыр атлетикадан Таиландта өтіп жатқан әлем чемпионатында Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Зүлфия Чиншанло төртінші орын алды, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі.
Спорт • 23 Қыркүйек, 2019
«Астана» велокомандасының өкілі Алексей Луценко Италия тасжолында өткен «Мемориал Марко Пантани» біркүндік веложарысында топ жарды. Бұл отандасымыздың осы маусымдағы 10-шы жеңісі.
Спорт • 23 Қыркүйек, 2019
Елорданың «Астана» футбол клубы Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі алғашқы ойынын атақты «Олд Траффорд» стадионында «Манчестер Юнайтед» командасына қарсы өткізіп, 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Алғашқы таймда алаң иелерімен тең дәрежеде ойнаған жерлестеріміз екінші таймда күтпеген жерден гол өткізіп алды.