Әли БИТӨРЕ
Әли БИТӨРЕ«Egemen Qazaqstan»
2442 материал табылды

Спорт • 18 Наурыз, 2020

Теннис: «Ролан Гаррос» турнирі қыркүйек айына шегерілді

«Үлкен дулыға» санатына енетін ең ірі төрт жарыстың бірі – «Ролан Гаррос» коронавирус індетіне байланысты биыл өз уақытында өтпейтін болды. Жыл сайын мамыр айында Парижде ұйымдастырылатын халықаралық дода биыл қыркүйек айына шегерілді. Бұл туралы жарыстың ресми сайты хабарлады.

Теннис • 17 Наурыз, 2020

Ширек финалда ұтылды

Оманның Маскат қаласында өткен үстел теннисінен Oman Open халық­аралық турниріне қатысқан отандасымыз Кирилл Герасименко ширек финалда сүрінді.

Хоккей • 17 Наурыз, 2020

Жарысты жалғастырудан бас тартты

Елорданың «Барыс» хоккей клубы Пре­зидент Қасым-Жомарт Тоқаев­тың коронавирус індетінен сақтану мақ­са­тында ел аумағында төтенше жағдай жариялауына байланысты Гагарин кубогына қатысудан бас тарт­ты. Бұл туралы клубтың ресми сайты хабарлады.

Футбол • 17 Наурыз, 2020

Тартысқа толы тур

Футболдан ел біріншілігінің екінші турында 12 команда алты ойында 14 гол соғып, 11 метрлік үш айып добын орын­­дады.

Спорт • 16 Наурыз, 2020

Алты медаль жеңіп алды

Харьков қаласында жүзуден Украи­наның лицензиялық ашық чемпионаты мәресіне жетті. Халықаралық жарыста Қазақстандық спортшылар алты медаль жеңіп алды, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.

Спорт • 16 Наурыз, 2020

Фуркад спортпен қоштасты

Биатлоннан Олимпия ойындарының бес дүркін жеңімпазы, франциялық спортшы Мартен Фуркад Финлян­дияның Контиолахти қаласында мәресіне жеткен Әлем кубогының 8-кезеңінен кейін спорттық карьерасын аяқтағанын мәлімдеді.

Спорт • 16 Наурыз, 2020

Ірі жарыстарда іркіліс болады

Әлемді шарпыған коронавирус дертінің салдарынан қазіргі таңда әлемдік ірі додалар кейінге шегерілсе, кейбір спорттық жарыстар көрерменсіз өтуде. Оның ішінде Қазақстандағы спорт бәсекелері де бар. Ал кейбір шетелдік спортшыларда коронавирус белгілері табылды.

Бокс • 16 Наурыз, 2020

Токиоға толық құрамда барамыз

Иордания астанасы – Амманда аяқталған Токио Олимпиадасына жолдама беретін бокстан Азия және Тынық мұхит аймағы турнирінде Қазақстанның боксшылары табысты өнер көрсетті деп айтуға барлық негіз бар. Өйткені, айтулы жарыста жерлестеріміз төртжылдықтың бас­ты додасына барлығы 9 жолдама және 8 жүлде жеңіп алды. Тарқатып айтсақ, 2 алтын, 2 күміс және 4 қола медальді иелендік. Осылайша, жолдама иелену жағынан еліміздің ұлттық құрамасы сары құрлықтағы ең үздік командалардың санатына қосылды.

Теннис • 11 Наурыз, 2020

Рейтингте төмендеді

Қазақстандық теннисшілер Юлия Путинцева мен Зарина Диас Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) жаңарған рейтингінде орындарын сақтап қала алмады.

Хоккей • 11 Наурыз, 2020

Жартылай финалға шықты

Шайбалы хоккейден Гагарин кубогы аясында сынға түсіп жатқан елорданың «Барыс» клубы Нұр-Сұлтандағы «Барыс Аренада» Магнитогорскінің «Ме­таллург» командасын қабылдап, ірі есеппен жеңіске жетті.