Дархан ҚЫДЫРӘЛІ«Egemen Qazaqstan»
89 материал табылды

16 Желтоқсан, 2017

Жасампаз жылдар жылнамасы

Әйгілі Уинстон Черчилльдің «Та­рих біз туралы жақсы айтатын бо­ла­ды, себебі оны өзіміз жазамыз» де­ген сө­зі бар екен.

24 Қараша, 2017

Түгел түркінің тұтқасы

Өткеннің өнегесі – бүгінгінің баға жетпес байлығы. Жеткенін бағамдап, барын бағалаған қашанда жүрісінен жа­ңылмайды. Сондықтан тағылым түйген­дер ғана тарихқа бағыт бере алады. Бұл ретте белгілі ғалым Бродель айтқандай, тарих тұлғаларды тудырады, сол сияқты тарихты да тұлғалар жасайды.

21 Қараша, 2017

Жүйелі сөз жүлгесін табады...

Халқымызда «Жүйелі сөз жүл­гесін табады, жүйесіз сөз иесін табады» деген ұлағатты сөз бар. Бауырлас халықтарға ортақ осы аталы сөз Атамбаевқа қарай айтылғандай көрінеді бұл күнде.

Қазақстан • 03 Қараша, 2017

Тақ тағылымы

Ұзақ тарих көшінде шашылып қалған ер-тұрманы бүтінде­ліп жатқан ел ретінде кейде кейбір ұсақ-түйек кемшіліктерге кешіріммен қарау – заңдылық. Ал, кей тұста көзге ұсақ секілді көрінгенмен көңіл­де ұлы ұғым ретінде бас көтеретін дүниелер болады. 

Қазақстан • 16 Қазан, 2017

Бөрілі менің байрағым...

Зымыраған заманға бағынбайтын заңғар тұлғалар болады.

Қазақстан • 14 Қазан, 2017

Мәңгілік елдің сарыны – Манас

Ақбас Алатау баурайында бір түйенің өркешіндей бірге жасасып, біте қайнасқан қазақ пен қырғыз тарихтың ұзын салқар керуенінде үзеңгілес те үндес жүрген. Сондықтан Мұхтар мен Шыңғыс, Кенен мен Оспанқұл, Жамбыл мен Тоқтағұл, Шоқан мен Боранбай сынды арда ұлдары төс түйістірген, тарихы ғана емес, тағдыры да қатар өрілген бауырлас жұртты біріктіретін қасиет-құндылықтар аз емес. Соның бірі де бірегейі – «Манас» дастаны. 

20 Қыркүйек, 2017

Дала данагөйлері: Майқыдан Мөңкеге дейін

Түмен-түмен қол төңкеріп, түйдек бұлттай жөңкіп көшкен аласапыран тарихты ат тұяғымен жазған баяғы бабаларымыздың парасат пен салтанатқа толы өмір салты да өзгеше болған ғой! Ұлы даланы уыстап тұрған қаһарлы ханның қасында отырып әділдікке келгенде туғаны жоқ тумадай қара қыл­ды қақ жарып тура сөйлеп, бі­тіс­пес дау­ды бір ауыз сөзбен тоқ­тат­қан би­лерінің биік ақыл-ойына орда­да­ғы орны да, ел ішіндегі беделі де сай болыпты.

Әдебиет • 14 Шілде, 2017

Мәңгілік өмір жоқшысы

Ол – бағзыдан жет­­кен түпкі сенімді се­рт етіп, түрік бітігінде «мың жылға, тү­мен күн­ге жететін» өсиетін өр­нек­теген То­ны­көк пен ислам өр­­кениетіне тәу еткен Ясауи ара­лығындағы рухани ке­ңіс­тік­ті ұлас­тырып тұрған бір­ту­ар кемеңгер. Жа­ғы­ра­фиялық тұр­­ғыдан қарасақ алтын бе­сік, баба мекен Алтай, оғыз-қып­шақ­тың ата­жұрты Сыр бойы, кей­інгі кенже то­пырақ Кавказ бен Анадолы аймағын өз есімі ар­қы­лы біріктіріп тұрған толағай тұл­ға.

16 Маусым, 2017

Текті Әмір

Тарихымызда қалың көпшілікке танылмай тасада қалған тұлғалар қаншама десеңізші. Қай қиырда жүрсе де еліне елеулі еңбек еткен ерен ерлердің қайсібірі тәуелсіздікпен бірге туған жерімен қауышып жатса, кейбірі көне көздердің қатары сиреген сайын ұмытылып барады. Жас ұрпақ біле бермейтін, интернеттен іздесеңіз де мардымды ақпарат табыла қоймайтын кесек тұлғаның бірі – біздің кейіпкеріміз Әмір Нәжіп.

Қазақстан • 08 Маусым, 2017

Астана саммиті: дамудың жаңа дәуірі

Бүгін, ертең елордада Шанхай ынтымақтастық ұйымына қатысушы мемлекеттердің басшылары бас қосады. Іргелі ұйым құрылғаннан бергі 16 жыл ішінде саммитке алғаш рет 6 қатысушы емес, ШЫҰ-ның толыққанды 8 мүшесі қатысуда.