Дархан ҚЫДЫРӘЛІ«Egemen Qazaqstan»
89 материал табылды

06 Маусым, 2017

Темірқазық

Атамекен эпикалық санада айшықталады, туған жер қанымыздың түйіршігінде, жанымыздың түкпірінде, тарихи санамыз бен таным-түйсігіміздің терең қатпарында қатталады. Бұл тұрғыдан алғанда, туған жер тұрған жермен өлшенбейді.

Руханият • 26 Мамыр, 2017

Тоныкөктей терең тұлға

Дәуірлер мен замандар ауысса да, сан қилы қоғамдық жүйелер алмасса да, қара тастың өзін кеміріп жоқ ететін уа­қыт пен кеңістік сапырылысса да, өлшемі кеміп өз­гер­мейтін, мыңқ етіп мызғымайтын, бояуы оңғанымен ішкі нәрі құлпырып қайта түлей беретін, халыққа сарқылмас өзен-өмірдің мәңгі сарынын жалғайтын рухани жауһар құн­дылықтар, мәйекті мәдени игіліктер болады. Мұндай ба­ға жетпес ақыл-ой қазыналары жекелеген халықтарды ға­на емес, тұтас адамзатты, бір өңір ғана емес, орасан ке­ңіс­тікті өркениет бесігінде тербетіп, ұшы-қиыры жоқ сал­қар уақыттың қоңыраулы рәмізіндей алыс ғасырлардан күм­­бірлеп үн қатып тұрады. Адам-қоғам-табиғаттың іл­гері жыл­жыған осынау ішкі үнінің дабысын естіп, нәзік ыр­ға­ғы­на зер салып, тамыр бүлкілін жүрек лүпіліне үйлестіріп, ай­наласын таңғажайып әсерге бөлей алатын қайталанбас тұл­ға­лар болады. Мұндай дарабоз жандар ұлттық ой-сананы жа­ңа белеске көтеріп, тұтас бір халықтың интеллектуалдық өре­сін өрісті көкжиекке жетелей береді.

03 Мамыр, 2017

​Ашина

Тарлан тарихымыз бен түйсік-санамыздың терең қатпарларында қалған жұмбақтарды аша түсетін құнды еңбегінде Рашид-ад-дин жан-жағы қамал сынды заңғар таулармен қоршалған Жерұйық мекен – Ергенеқоннан түскен Бөрте-чино жайында баяндайды. Оның «Уа, қасиетті көк бөрінің оғландары, ата жұртымызды қайтарып алайық» деген сөзінен кейін жауынгер жұрт тауды балқытып, жол салып, туған жеріне оралды дейді аңыз.

06 Сәуір, 2017

Дархан Қыдырәлі. Ергенеқон

Өткеннің өнегесі – бүгінгінің баға жетпес байлығы. Тарих – адамзаттың шындыққа айналған тағдыры. Жеткенін бағамдап, барын бағалаған қашанда жүрісінен жаңылмайды. Тарихтан тағылым түйгендер өз тағдырын айқындай алады. Бұл ретте Бродель айтқандай, тарих тұлғаларды тудырады, сол сияқты тарихты да тұлғалар жасайды.

15 Ақпан, 2017

Мәңгілік Ел мұраты жаңғыру жолында

Әр халықтың аңсар-арманы, мақсат-мұраты болады. Ұлы мис­сияға ұмтылған ұлттардың бағын­дырар белестері мен алар асулары да биік болмақ. Бұл ретте, Елбасы айтқандай, ержүрек, қаһарман қазақ халқының алға қойған ізгі мұраты – Ұлы Дала төсінде өзі құрған мемлекетті Мәңгілік Ел жасау! Мәңгілік Ел мұраты – бағ­зыны бүгінге жалғайтын терең тамыр, бүгінді болашаққа бастай­тын алтын арқау, ұлы аңсар!

05 Қаңтар, 2017

Мерейлі мезеттің мәресі

Табалдырығымыздан тағы бір жыл аттады. Жақсылыққа, табыс­қа толы жыл болғай деген тілек үстіндеміз.

06 Қыркүйек, 2016

Қайғымыз ортақ, қуанышымыз бір

Қыркүйек айының алғашқы күндері есте қаларлық оқиғаларға толы болды. Қазақстан Республикасы Парламентінің сессиясын ашқан Елбасымыз іле-шала маңызды халықаралық басқосуға қатысу үшін Қытайға жол жүрді.

27 Қыркүйек, 2011

Рухани ренессанс жолы

«Ислам қауымдастығына бейбітшілік, жаңғыру, ғылыми-техникалық даму және өркендеу ауадай қажет» Н.Ә. Назарбаев

31 Тамыз, 2011

Мағжанның мұрагері

Данышпан Абайдан бастау алып, Мағжан арқылы жаңа белеске көтерілген қазақтың тасқа түскен жазба поэзиясы ХХ ғасырда Қасымның өршіл жырларымен жалғасып, Мұқағалимен бірге тұтас дәуірді құрады.