Азамат ЕСЕНЖОЛ
Азамат ЕСЕНЖОЛ«Egemen Qazaqstan»
84 материал табылды

Көрме • 08 Ақпан, 2024

Бірлескен апталық

Астанада Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы мен Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшілігі жанындағы Мәдени өкілдігі бірлесіп ұйымдастырған «Иран Ислам Республикасының каллиграфия және жазба мұраларды қалпына келтіру өнері» атты апталығы басталды. Апталықтың алғашқы іс-шарасы «Каллиграфия» көрмесімен ашылды.

Жәдігер • 31 Қаңтар, 2024

Қастеевтің сирек суреті

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде атақты қылқалам шебері Әбілхан Қастеевтің жұртшылыққа беймәлім суреті сақталған. Онда халық батыры Амангелді Имановтың серігі Әбжан Тұрмановтың портретін салған.

Кино • 25 Қаңтар, 2024

Ұлт болмысының бейнесі

Жазушы Төлен Әбдіктің «Қыз Бәтіш пен Ерсейіт» атты хикаятын оқымаған жан кемде-кем шығар, сірә. Шығармада Қожабек қария ел-жұртқа жастайынан аты шығып, енді үйленгелі жүрген баласынан аяқ астынан айырылып қалды. Артында тұяқ қалмады. Бір әулеттің тұқымын бір өзімен біржола тоқтатты да кете барды. Қайғыдан қан жұтқан қарияға ұлының бірге оқыған жолдасы одан бала қалғанын айтады. Хабарды естігеннен кейін қартта дегбір қалмады. Бір күні кемпіріне «сұраған біреу-міреуге дәрігерге кетті дерсің», деп қалаға ұрпағын іздеп жолға шығады. Қысқасы, оқиға осылай өрбиді. 1983 жылы хикаят желісімен «Өтелмеген парыз» атты көркем фильм түсірілді. Режиссері – Серік Жармұхамедов, сценарийін Смағұл Елубай жазды.

Зерде • 22 Қаңтар, 2024

Ыбырай мектебі

Биыл Торғайдағы ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған қазақ мектебінің ашылғанына – 160 жыл. Міне, содан бері бұл білім ордасы қаншама баланың санасына сәуле түсіріп, сауаттылық шырағын жағып келеді.

Тарих • 17 Қаңтар, 2024

Аштық ақиқаты

Назарбаев университетінде неміс тарихшысы Роберт Киндлердің «Сталиндік көшпенділер» атты кітабы таныстырылды. Мазмұнды іс-шараға алыстан ат терлетіп автордың өзі келіп, қатысты. Бұл ғылыми монографияда өткен ғасырдың 20-30 жылдарында қазақ даласында болған аштықтың себеп-салдары нақты тарихи деректерге сүйеніп жазылған.

Қоғам • 16 Қаңтар, 2024

Әкесін іздеген әже

Әріптесім сізді телефонға шақырады деді. Ар жағынан бір кейуананың дауысы естілді. – Азамат деген сенсің бе?– Иә, мен.–Айналайын, мен жасым тоқсанға келген Қазиза Наурызбаева деген әжең боламын. Сенің «Аманаттың жүгі ауыр» атты сұхбатыңды оқып, 6 жасымда соғысқа кеткен әкемді ойлап, көзімнің жасын бір сығып алдым. Әкем сол кеткеннен оралмады. Әлі күнге дейін бір дерек жоқ. Енді осы материалды оқып, «өшкенім жанып, өлгенім тірілгендей» деп қуандым.

Тұлға • 15 Қаңтар, 2024

Сұлу ағыс

Өткен ғасырдың 60-жылдары әдебиетімізге соны леп, өзгеше өрнек әкелген бір буын бар. Бұл буынның балалық шағы соғыс жылдарына тап келіп, жетімдікті, қиындықты бастан кешті. Соның бәрі – болашақ қаламгерлердің өмірдің сан қатпарлы қыры мен сырын ерте тануына мүмкіндік берді. Тәжірибелерін байытты. Осы буынның бірегей өкілі – әп дегеннен алғашқы лирикалық әңгімелерімен оқырман жан дүниесін баурап алған жазушы Сайын Мұратбеков.

Қоғам • 09 Қаңтар, 2024

Тұғыры биік тұлғалар

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Тұғыры биік тұлғалар» атты иллюстрациялы кітап көрмесі ашылды. Дәстүрге айналған көрмеге биыл елімізде және ЮНЕСКО көлемінде мерейтойы өтетін тарихи тұлғалар мен қабырғалы қаламгерлер және белгілі қоғам қайраткерлеріне қатысты құжаттар, кітаптар, суреттер қойылған.

Өнер • 04 Қаңтар, 2024

«Астана Опера» және Вивальди, Пьяццолла...

Жаңа жыл қарсаңында «Астана Опера» симфониялық оркестрінің бірінші скрипкашысы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілханов пен театрдың Камералық оркестрі елорда қонақтары мен тұрғындарына тамаша тарту жасады. Әсіресе Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, дирижер Айдар Әбжахановтың жетекшілігімен орындалған италиялық барокко мен аргентиналық танго туындылары жұртшылықты жылы әсерге бөледі.

Тұлға • 02 Қаңтар, 2024

Екі тумас Елағаң

Еллеки. Елағаң. Елубай Өмірзақов. Осының бәрі бір актердің есімі. Замандастары, қатарластары, інілері оны Елағаң деп төбесіне хан көтерсе, қазақтың тұңғыш режиссері Жұмат Шанин Қалибек Қуанышбаевты – Қаллеки, Елубай Өмірзақовты – Еллеки деп еркелетіп атапты.