Азамат ЕСЕНЖОЛ
Азамат ЕСЕНЖОЛ«Egemen Qazaqstan»
429 материал табылды

Қазақстан • 02 Наурыз, 2023

Ұлт айнасы – «Qazaqstan»

Қазір үйдің төрінде тұрған теледидарсыз таңымыз атып, күніміз батпайды. Жұмыстан қолымыз қалт ете қалса, соның алдына отыра қалуға дайын тұрамыз. Бір жағынан, цифрлық телевизия дамыған дәуірде қаптаған арналардан көз сүрінеді. Алайда солардың ішінен бала күнімізден жүрегімізге жақын «Qazaqstan» ұлттық телеарнасының жөні де, орны да бөлек.

Өнер • 28 Ақпан, 2023

«Talapai»-ға қызығушылық танытты

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистранты Айнұр Пола­това ұлттық ойындарды дәріптейтін «Ta­lapai» бірегей жобасын сәтті жүзеге асыр­ды. Енді ол Парижде киіз үй түрінде жасаған сөмкенің дизайнын таныстырады.

Қоғам • 27 Ақпан, 2023

Қолжазбалардағы зұлмат жылдар тарихы

Астанадағы Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында «Қолжазба деректеріндегі – зұлмат заман тарихы» атты халықаралық ғылыми танымдық дөңгелек үстел өтті.

Құқық • 27 Ақпан, 2023

Құқықтық реттеу тетігін әзірледі

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдары елімізде алғаш рет медицина және фармацевтика қызметкерлерінің еңбегін құқықтық реттеу тетігін әзірлеу бағытында ғылыми-зерттеу жүргізді.

Ұстаз • 22 Ақпан, 2023

Халықаралық зерттеудің берері мол

Биылғы ақпан-наурыз айында TALIS-2024 сабақ беру мен оқытудың зерттеу жұмысы өтеді. Оған еліміздегі маңызды деген 3 қала мен 5 шағын өңірден 800 мұғалім, 42 мектеп директоры қатысады.

Қоғам • 20 Ақпан, 2023

Жауапкершілік күшейеді

Енді полиграфиялық ақау, сондай-ақ пәндік сараптама комиссия­сы бекіткен нұсқадан ауытқу нә­ти­жесінде кеткен қателер мен бас­қа да кемшіліктер анықталған жа­ғ­­дайда, оқулықтар мен оқу әдіс­темелік кешендерді баспа өз есебі­нен ауыстыруға міндетті. Бұл туралы республикалық ғылыми-прак­тикалық білім мазмұнын сараптау орталығы хабарлады.

Қоғам • 16 Ақпан, 2023

Маман даярлаудағы тың қадам

Биылғы оқу жылынан колледждерге кәсіпорын өтінімдері бойынша маман даярлау енгізілді. Осындай өзара ынтымақтастық еңбек нарығының сұранысына сай білікті маман әзірлеуге мүмкіндік береді.

Жастар • 16 Ақпан, 2023

Жастарды әлеуметтендіру – әрдайым назарда

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жастарды әлеуметтендіруге арналған форум өтті. Екі күнге созылған іс-шараға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек және жоғары оқу орындарының өкілдері мен студенттер қатысып, салаға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.

Сұхбат • 16 Ақпан, 2023

Батырлан Амангелдиев: Батыр тұлғасын әлі толық таныған жоқпыз

Егемендік алғаннан кейін өткен тарихымызға үңіліп, жаңаша көзқараспен тану басталғанымен, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс туралы түрлі пікір айтылады. Алайда бұл көтерілістің астарында тәуелсіздікті аңсаған ұлттың арманы бар. Биыл Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісінің бас сардары, ұйымдастырушысы Амангелді Имановтың туғанына 150 жыл толады. Осы орайда біз халық батырының немересі Батырлан Рамазанұлы Амангелдиевпен кездесіп, азаттық жолында құрбан болған арғы бабасы Иманнан бастап, атасы Амангелдінің өскен ортасы мен күрескерлік жолы туралы әңгімелестік.Енді кейіпкеріміз туралы айта кетейік. Ол 1939 жылы Алматы қаласында туған. 1957 жылы орта мектепті күміс медальмен бітіріп, Н.Э.Бауман атындағы Мәскеу жоғары техникалық университетінің автоматты басқару жүйесі мен элементтері факультетіне түседі. Оны ойдағыдай тәмамдағаннан кейін 1963-1970 жылдары аралығында Қазақ политехникалық институтында ғылыми зерттеу жұмысымен айналысады. 1970-1975 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясының Математика және механика институтында бас инженер, аға ғылыми қызметкер болды. Одан соң Қазақстан стратегиялық зерт­теулер институтында жетекші ғылыми қызметкер, кейін Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті Қаржы-банк менеджменті ғылыми-зерттеу институтында істеді. Техника ғылымдарының кандидаты. Бірқатар ғылыми еңбектің авторы.

Жәдігер • 15 Ақпан, 2023

Сәкеннің алғы сөзі

Ұлттық академиялық кітап­ханадағы «Кітап музейін­де» тарих пен әдебиетке қатысты бірқатар көне қолжазбалар мен кітаптар жинақталған. Сондай құн­ды дүниенің бірі – Ал­тын­сарыұлы Ыбырай «Өлең­дер жинағы» деп атал­ған кітап. 1935 жылы Қазақ­стан көркем әдебиет бас­пасынан 5000 таралыммен жарық көрген жинақ латын қарпінде басылған.