Азамат ЕСЕНЖОЛ«Egemen Qazaqstan»
267 материал табылды

Елорда • 26 Қараша, 2021

Түркия – оқушылар көзімен

Елордада Юнус Эмре атындағы түрік мәде­ни орталығының ұйымдастыруымен «Оқушыла­рымыздың қылқаламымен – Түркия» атты сурет көрмесі өтті. Бұл іс-шара түрік ақыны, ойшылы Юнус Эмренің дүниеден озғанына 700 жыл толуы­на орай өткізілді.

Театр • 24 Қараша, 2021

Бірегей балет үлгісі

Жақында Тәуелсіздігіміздің отыз жылдығы аясында Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Астана Балет» театрында белгілі хореограф Василий Медведевтің редакциялауымен Рикардо Дригоның музыкасына жазылған «Раушан гүлі мен көбелектің романы» атты бірегей балеттің әлемдік премьерасы қойылды.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • 24 Қараша, 2021

Тәуелсіздіктің алтын бесігі

Тәуелсіздіктің отыз жылдығы мен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы кітап­хана­сының музейінде Алма­ты қаласы әкімдігімен бірле­сіп өткізген «Алматы − Тәуел­сіз­діктің алтын бесігі» атты егемен ел шежіресін баяндаған көрме ашылды.

Өнер • 23 Қараша, 2021

Шарж шебері

Ұлттық бейнелеу өнерінде шарж жанры кенжелеу дамыған. Кезінде ұлы Шоқан бабамыздан бастау алған өнерді кәсіби деңгейге жеткіз­ген санаулы ғана суретші бар. Соның бірегейі, Қазақстан Сурет­шілер одағының мүшесі, Мәдениет қайраткері Еркін Нұразхан.

Тарих • 16 Қараша, 2021

Мәшһүр Жүсіптің тақиясы мен шапаны

Тарихымызда бір бойына сан түрлі өнер мен тылсым дүние тоғысқан ғажайып тұлғалар болған. Сондай асылдың бірі – көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ғафу Қайырбеков «Қазақтың пайғамбары Мәшһүр Жүсіп» деп жырлаған, тарихшы, этнограф, философ, фольклортанушы, ақын Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Елордадағы Ұлттық музейде осы әулие бабамыздың тақиясы мен шапаны сақталған.

Өнер • 28 Қазан, 2021

Өнерпаз бойында бекзаттық болғаны дұрыс

Ұлттық өнеріміздің бір төресі – би. Ол туралы айтқанда ойымызға алдымен атақты биші, Қазақстанның халық әртісі Шара Жиенқұлова түседі. Осы аяулы апамыздың ізін басып, би өнерінде өз қолтаңбасын қалыптастырған Тойған Оспанқызының да орны ерекше. Ол танымал биші ғана емес, қазақ биін зерттеп, оны ғылыми айналымға енгізуге үлес қосқан өнертанушы ғалым. Біз бүгін сахна саңлағымен өмірі мен өнері жайында сұхбаттастық.

Елорда • 26 Қазан, 2021

Құнды ертоқым

Елордаға іргелес Жібек жолы ауылындағы халқымыздың ардақты перзенті, әнші-композитор Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы орта мектепте тұғырлы тұлғаға арналған шағын музей жұмыс істейді. Оған Иманжүсіп атамыздың немересі, белгілі ғалым Раушан Көшенова бас-көз болып отыр. Осында арда азаматқа қатысты біраз жәдігер сақталған. Соның ішінен Иманжүсіптің баласы Нұрханға сыйлаған ертоқымы туралы айтсақ дейміз.

Елорда • 25 Қазан, 2021

Тәуелсіздік тұлғалары

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Қазақстан» Орталық концерт залында талантты суретші Таңсық Мәжитованың халқымыздың ардақты перзенттерін айшықты бейнелеген «Тәуелсіздік тұлғалары» атты көркем портреттер көрмесі ашылды. Бұл іс-шара Тәуелсіздігіміздің отыз жылдығы аясында ұйымдастырылды.

Сұхбат • 17 Қазан, 2021

Шындық айтылған жерде қоғам дамиды - Алдан Смайыл

  Ұлтты ұлт ретінде танытатын нышанның бірі –зиялы қауым. Халқымыз зиялының сөзін ес тұтып, соған арқа сүйейді. Сондай танымал тұлғаның бірі – Алдан Смайыл. Жақында белгілі жазушы жетпіс бес жасқа толды. Біз осы мерейтой тұсында қаламгермен кездесіп, тәуелсіздік, қайраткерлік және көркемсөз өнері тақырыбында әңгіме өрбіткен едік.

Өнер • 13 Қазан, 2021

Бас жүлде - Дінмұхамедте

Елордада дүркіреп өткен Бибігүл Төлегенованың XI халықаралық вокалшылар байқауының жеңімпазы анықталып, бас жүлде жас талант Дінмұхамед Көшкін­баевқа бұйырды.