Азамат ЕСЕНЖОЛ
Азамат ЕСЕНЖОЛ«Egemen Qazaqstan»
429 материал табылды

Руханият • 21 Қыркүйек, 2022

Бабалар рухы туралы трилогия

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада белгілі жазушы, Халық­аралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Әділбек Ыбырайым­ұлының «Семсер жүзіндегі серт» атты үш кітаптан тұратын тарихи трилогиясы таныстырылды. Оған ҰҒА-ның академигі Уәлихан Қалижанұлы, жазушылар Әлібек Асқаров, Мәди Айымбетов, Несіп Жүнісбаев, Роза Мұқанова және түркітанушы ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы мен Парламент депутаттары Әлімжан Құртаев, Нұртөре Жүсіп, Дархан Мыңбай секілді танымал азаматтар қатысты.

Сұхбат • 21 Қыркүйек, 2022

Болат Ыбыраев: Театрдағы ұлттық болмысымызды жоғалтып алмайық

Біздің кейіпкеріміз ұзақ жыл сахнада Ғ.Мүсіреповтің «Ақан Сері-Ақтоқтысында» – Жалмұқан, «Қыз Жібегінде» – Базарбай, М.Әуезовтің «Қара Қыпшақ Қобыландысында» – Көбік, «Қарагөзінде» – Жабай, «Абайында» – Оразбай, «Еңлік-Кебегінде» – Кеңгірбай би, Ш.Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күнінде» – Едіге, М.Кәрімнің «Ай тұтылған түнінде» – Диуана, У.Шекспирдің «Ромео мен Джульеттасында» – Пастор, «Гамлетінде» – Полоний, А.Чеховтың «Ваня ағайында» – Войницкий және т.б. айшықты рөлдерімен көрермен ықыласына бөленген. Өмірден көргені мен түйгені мол өнер иесінің айтары да көп. Осы орайда Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының белгілі актері Болат Ыбыраевпен кездесіп, өнер жолы мен бүгінгі театр әлемі туралы әңгімелестік.

Кино • 15 Қыркүйек, 2022

Ұлт рухын ұлықтаған

Алаш ардақтылары армандаған тәуелсіздік идеясы қылышынан қан тамған кеңес дәуірінде де өшкен емес. Оны ақын-жазушыларымыз өз шығармаларындағы кейіпкер бейнесі немесе сонда қозғаған ұлттық құндылықтар арқылы астарлап болса да сыналап кіргізіп, халқымыздың намысын қайрап, жігерін жанып, азат рухын асқақтатты. Осындай мазмұн сол кездегі қазақ киносында да көрініс тапты. Сон­дай тұғыры биік туындының бірі, 1981 жылы экранға шыққан «Ақырғы аманат» көркем фильмі. Бұл фильм­нің сценарийін көрнекті ақын, Мемлекеттік сыйлық­тың лауреаты Олжас Сүлейменов жазса,түсірген – айтулы режиссер, марқұм Амангелді Тәжібаев.

Өнер • 15 Қыркүйек, 2022

Әсем саз әлдилеген кеш

Елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі аясында «Астана Опера» театрында «Бірлігіміз – әралуандықта» атты мазмұнды бағдарламаға толы концерт өтті.

Ахмет Байтұрсынұлы • 14 Қыркүйек, 2022

Ахаң жүрген жолмен...

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы мен Қостанай облысы әкімдігі бірлесіп Ахмет Байтұр­сынұлының 150 жылдығына орай ұйымдас­тырған «Ахаң жүріп өткен жолмен...» атты ғылыми-танымдық экспедиция ұлт ұстазының туған жеріне аттанды.

Әдебиет • 12 Қыркүйек, 2022

«41-жылғы келіншек»

Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның «41-жылғы келіншек» атты оймақтай болса да, әйел жанының қалтарыс-бұлтарысына терең бойлаған әңгімесін оқығанда, көз алдыма өзімнің туған әжем келеді. Менің әжем де – соғыстың жесірі. Атам 1942 жылы әскерге алынып, адам қаны қисапсыз төгілген Сталинград майданында із-түзсіз хабарсыз кеткен. Міне, содан бері сексен жыл өтсе де ешқандай дерек жоқ. Әжем соғыс жылдарында колхоздың қара жұмысын атқара жүріп, екі қызы мен бір ұлын ешкімнен кем қылмай жеткізіп, атамнан «бір жақсы хабар болады-ау» деген үмітпен өмір сүріп, 75 жасында дүниеден озды.

Қоғам • 12 Қыркүйек, 2022

«Қағазға тіл бітірген...»

Қазақстанның Тұңғыш Президенті кітапханасында 8 қыр­күйек – Халықаралық сауаттылық күніне арналған «Қағазға тіл бітірген...» атты мазмұнды көрме болып өтті. Мәдени іс-шараға халықаралық дипломатиялық корпус пен оқу орын­дарының, қоғамдық және академиялық кітапхананың, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Әдебиет • 06 Қыркүйек, 2022

Ақын арманы

Қазақ поэзиясына «өртке тиген дауылдай» соны леп, жаңа дауыс әкелген көрнекті ақын Қасым Аманжолов көркем аударма саласында да өнімді еңбек етіп, айрықша қолтаңбасын қалдырған. Тіпті әдебиетімізде кенжелеп қалған осы жанрдың дамуына зор үлес қосты деуге болады. Талантты суреткердің Батыс пен Шығыс позиясын жетік білгендігі сондай, ол солардың ішінен өз жүрегіне жақын ақындарды таңдап, солардың шығармаларын аударған секілді. Әсіресе Д.Байрон, А.Пушкин, М.Лермонтов, Т.Шевченко, В.Маяковский А.Твардовский, Низами секілді айтулы ақындардың тәржімалаған туындыларын көркем аударманың үздік үлгілері деп айта аламыз.

Қоғам • 06 Қыркүйек, 2022

Сарытүбектен Ыстанбұлға дейін...

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының ту­ған күні – 5 қыркүйекте танымал велошабандоз, жур­налист Ернат Мелсұлы Ахаң туған Торғай же­рін­дегі Сарытүбектен Ыстан­бұлға белесебетпен жол­ға шықты. Бұл халықаралық велошеруді ол ұлы тұлғаның ЮНЕСКО көлеміндегі 150 жыл­дық мерейтойына арнап отыр.

Руханият • 05 Қыркүйек, 2022

Ғасыр үнін жеткізген

Кезінде республикаға ғана емес, алыс-жақын шет мемлекеттерге дейін танылып, ұлт өнерін асқақтатып, ел ме­рейін өсірген айтулы өнер ұжымының бірі – 1974 жылы бұрынғы Торғай облысы филармониясы жанынан құрылған «Шертер» фольклорлық-этнографиялық ансамблі. Оның құрылуына сол жылдары жаңадан ашылған облыста партия комитетінің үшінші хатшысы болып жауапты қызмет атқарған халқымыздың ардақты азаматы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков тікелей қолдау көрсетті.