Азамат ЕСЕНЖОЛ
Азамат ЕСЕНЖОЛ«Egemen Qazaqstan»
420 материал табылды

Жәдігер • 10 Шілде, 2023

Батырдың портреті

Биылғы көктемде Ұлттық музейде 1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілісінің қаһарманы Амангелді Имановтың 150 жылдығына орай Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейі ұйымдастырған «Халық батыры» атты көрмеде бас сардарды өзгеше бейнелеген бір портрет назарымызды аударды.

Елорда • 10 Шілде, 2023

Асық алаңы ашылды

Астананың 25 жылдығына орай қала тұрғындары мен қонақтарына тамаша тарту жасалды. Елорданың Сарыарқа, Алматы, Есіл аудандарында асық ойнайтын алаң ашылды.

Пікір • 10 Шілде, 2023

Астанаға өлкетану музейі керек

Өткен жолы бір отырыста белгілі журналист ағамыз: «Астана тақыр жерден пайда болған жоқ. Бұл жерде қазақтың бай тарихы жатыр. Сондықтан елорданың өткені мен бүгінін сабақтастырып баяндайтын жеке өлкетану музейі болуы керек», деп жиналған қауымға ой тастады.

Театр • 05 Шілде, 2023

«Наз» нақыштары

Астана қаласының 25 жыл­­дығына орай «Наз» мем­ле­кеттік би театрының «Қазақ жәдігер­лері» атты мерекелік кон­церті өтті.

Елорда • 03 Шілде, 2023

Астана қаламгерлерінің қанжығасы майланды

Биыл Арқа төсінде бой көтерген әсем Астанаға 25 жыл толып отыр. Соған орай Қаламгерлер аллеясында елорда әкімдігі мен Қазақстан Жазушылар одағы Астана қалалық филиалының ұйытқы болуымен «Астана – шабыт арқауы» атты мән-мазмұнға толы мәдени іс-шара өтті.

Білім • 02 Шілде, 2023

АҚШ-тан келіп оқып жүр

Астанаға АҚШ-тың Аризона университетінің студенттері келді. Олар Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде білім алып, алты апта ішінде жазғы мектеп форматында тіл меңгеріп, ұлттық құндылықтарымызбен танысады.

Өнер • 02 Шілде, 2023

Жаңа музыкалық трек

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 4-курс студенті Дияс Таштиев «Ар-ұж­дан» атты музыкалық трек жазды. Болашақ энергетик өзі­нің шы­ғар­машылығы арқылы жалпыадамзаттық құндылықтарды наси­хат­­тауға үндейді. Тректің үзіндісі жасанды интеллект көмегімен дайындалған.

Таным • 29 Маусым, 2023

Археологиядағы тың жаңалық

Қазақтың сайын даласы кеудесі қазынаға толы көнекөз қария секілді. Тілдесе білсеңіз, көне дәуірден шежіре шерте жөнеледі. Жақында Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Ұялы ауылынан Алтын Орда дәуіріне тиесілі қос кесене табылды дегенде елең ете қалдық. Ғалымдар оны атақты академик Әлкей Марғұлан сипаттап жазған «Сұлу там» мен «Сырлы тамға» ұқсатып болжам жасап отыр.

Әдебиет • 27 Маусым, 2023

Адалдық ақыны

Шәміл Мұхамеджанов – әде­биет есігін бұзып-жарып емес, әдеппен ашты. Торғай өзені секілді тұнық ақты, дау­рыққан жоқ. Лепірмеді. Көркем сөз өнеріне өзінің ешкімге ұқса­майтын әлемі мен өрнегін ала келді. Қамшының сабындай қысқа ғұмыр кешсе де арты­на мол мұра қалдырды. Жиыр­маға жуық жыр жинағы жарық көр­ді. Орыстың атақты ақыны М.Лермонтовтан бастап, Я.Рай­нис, Л.Украинка, Т.Шевченко, Р.Ғамзатов, Я.Смеляков, тағы басқалардың шығармаларын аударды. Қаншама әнге сөз жазды. Бастысы, өмірден ақындықтың туын жықпай өтті.

Зерде • 21 Маусым, 2023

Аманаттың жүгі ауыр

1941 жылдың 22 маусымында адамзат тарихындағы ең сұрапыл соғыс басталды. Қазақстаннан қан майданға 1,5 миллионға жуық адам аттанып, оның 630 мыңнан астамы опат болды. Бұдан бөлек, 271 мыңнан астам адам хабар-ошарсыз кетті. Сол боздақтарды іздестірумен, аты-жөндерін және жерленген жерлерін анықтаумен жүйелі түрде айналысатын еліміздегі жалғыз ұйым – «Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі. Бүгін аталған қоғамдық ұйымның ресми өкілі, әскери журналист Әбубәкір Смайыловпен осы тақырып төңірегінде әңгіме қозғадық.