Қазақстан • 23 Мамыр, 2018
Аймақтар • 23 Мамыр, 2018
Алматыда «Жас өркен» жастар орталығы ашылды
«Нұр Отан партиясының Алматы қалалық филиалының қолдауымен Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасының жанынан «Жас өркен» жастар орталығы ашылды.
Қазақстан • 23 Мамыр, 2018
Жаңа технологиялар өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды - Дариға Назарбаева
Алматыда «Эволюцияның 15-ші жылы: құбылмалы дүние және бізге өзгеріс әкелген әлем» атты Еуразиялық медиа-форум өз жұмысын бастады.
Қазақстан • 23 Мамыр, 2018
Ақтаудағы «Оңалту және әлеуметтендіру орталығына» жаңа ғимарат қажет
Маңғыстау облысында 2018 жылғы 15 мамырдағы жағдай бойынша 24 238 мүмкіндігі шектеулі жан тіркелген. Оның ішінде 5 мыңға жуығының тірек-қимыл аппараты бұзылған.
Қазақстан • 23 Мамыр, 2018
Семей орманын тәулік бойы қадағалайтын жаңа жүйе орнатылмақ
Қазіргі уақытта Семей орманында атышулы өрт оқиғасынан кейін, келген шығындарды есептеу жұмыстары қолға алынуда. Бұл биыл алғаш рет тіркелген оқиға болып отыр.
Аймақтар • 23 Мамыр, 2018
Курчатовта «Токамак ITER» құрылысын бастау үшін жаңа жобалар ашылмақ
Былтыр Курчатов қаласында қазақстандық «Токамак ҚТМ-нің» (Токамак – тороидальная камера с магнитными катушками) алғашқы бөлігі іске қосылды. Бұл жоба өткен жылы елорда төрінде өткен халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асқан ерекше жоба ретінде көрменің басты экспонаттарының біріне айналды. Міне, көрмеге келушілердің зор қызығушылығын тудырған термоядролық энергия өндіретін осы Токамактың қалған бөліктері 2025 жылға дейін толығымен іске қосылады деп күтілуде. Жуырда осы мақсатта еліміздің Ұлттық ядролық орталығы термоядролық энергетика саласы бойынша маманданған халықаралық ITER ұйымымен келісімшартқа отырды. Енді Курчатовта «Токамак ITER» құрылысын бастау үшін көптеген жаңа жобалар ашылмақ.
Қазақстан • 23 Мамыр, 2018
Веложарыстың жеңімпаздары «Вуэльта» көпкүндігіне барады
Қазақстанда алғаш рет балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында өткен веложарыстың жеңімпаздары естен кетпес сапарға дайындалуда.
Аймақтар • 23 Мамыр, 2018
Ертіс өзенінің жағасында көне күн обсерваториясы болған
Осыдан төрт-бес ай бұрын Өскемендегі А.Пушкин атындағы кітапханада белгілі қылқалам шебері, «Егеменде» қызмет істейтін Айдарбек Ғазизовпен кездесу өткен-ді. Әріптесіміз кездесуге өзімен бірге кішкентайынан құлын-тайдай тебісіп бірге өскен, бүгінде осы қалада адвокат болып еңбек ететін сыныптасы Ерсін Молдамжаровты ерте келіпті. Ел, жер тарихына бей-жай қарамайтын, әңгімешіл кісі екен. Кездесу аяқталғаннан кейін әртүрлі тақырыптар жөнінде пікір алмасып, бір сәт әңгімеміз тарихи ескерткіштер жайына ойысқанда Ерсін ағамыз кезінде Күршім ауданы аумағында, Ертістің сағасында күн обсерваториясы болғаны, қазір ол су астында жатқаны туралы айтқанда елең ете қалған едік.
Қазақстан • 23 Мамыр, 2018
«Нұршашу» би ансамблі Еуропадан жүлдемен оралды
Жуырда Чехияның астанасы Прага қаласында «Таланттарға сәлем» жобасы аясында XIII халықаралық балалар фестивалі өтті. Аталған фестивальға елордадағы №54 мектептің талантты оқушылары да қатысқан еді. Оқушыларды бастап барған Мәншүк Мұсаеваның айтуына қарағанда, қаржы бөлу мәселесі қалалық білім басқармасында арнайы қаралып, оң шешімін тапты.
Қазақстан • 23 Мамыр, 2018
Астанада дауыл ескертуі жарияланды
«Қазгидромет» РМК мәліметінше 23 мамыр Астанада солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.