Banner
Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
90784 материал табылды

Қазақстан • 23 Мамыр, 2018

«Хат қоржын»

Өнер • 23 Мамыр, 2018

Астанада «Ұйғыр мұқамының сарыны» атты еске алу кеші өтті

«Астана Опера» Мемлекеттік опера және балет театрының Камералық залында КСРО  халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, композитор Құддыс Қожамияровтың 100 жылдық мерейтойына арналған  «Ұйғыр мұқамының сарыны» атты еске алу кеші өтті.  Салтанатты кеште Құддыс Қожамияровтың төл туындыларымен қатар, өнер иесінің шәкірттері – белгілі композиторлар: Балнұр Қыдырбек,  Хабибулла Сетеков, Серікжан Әбдінұров шығармалары орындалды. 

Аймақтар • 23 Мамыр, 2018

«Шолпан» хореографиялық ансамблінің құрылғанына 25 жыл

Сонау 90-жылдардың басында Қарағандыдағы №39 гим­назияның жанынан шағын ғана «Шолпан» хореографиялық ансамблі құрылғалы бері 25 жыл өте шығыпты. Еліміз үшін қиын кезеңді елең қылмастан еңбек етіп, осы уақыт ішінде аса танымал ұжымға айналған өнерпаздар өңір мақтанышына айналған. 

Өнер • 23 Мамыр, 2018

Мақатаевтың поэзиясына жазылған әндер: «Мұқаң тірі болса, не айтар еді?»

Қазақ поэзиясындағы Тұманбай Мол­дағалиев, Қадыр Мырза-Әлі, Мұх­тар Шахановтардың әнмен өрнек­телген өлеңдерін топтастырса, әрқайсысы бір-бір кітапқа жүк болары анық. Мұқағали Мақатаев та осы санаттан ойып тұрып орын алған ақын. Мұ­қағали жырларына жазылған әндерді еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейінгі аралықта шырқамаған қазақ кемде-кем екеніне бәс тігуге дайынбыз.

Білім • 23 Мамыр, 2018

Жаңартылған білім жүйесінің артықшы­лы­ғы неде?

Әлем үздіксіз дамып келе жатқан бүгінгі күні болашақ ұрпақты ескі білім беру жүйесімен оқытуға болмайтынын бәріміздің ішкі түйсігіміз сезетін. Бірақ қалай? Бұл сұраққа жауап та табылған секілді. 

Білім • 23 Мамыр, 2018

Қостанайдың кей аудандарында түлектердің ҰБТ-ға қатысуы 50 пайыздан аспайды

Биыл Қостанай облысы бойынша мектеп бітіретін түлектердің 68,3 пайызы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш біл­дір­ді. Бұл өткен жылдан 15 па­йызға жоғары болса да, көңіл тол­­тыратын көрсеткіш емес. Мек­­­тептердегі білім сапасының дең­гейін байқауға түлектердің ҰБТ-ға қатысу пайызы-ақ кепіл болатын секілді. Мектепте ал­ғыр, жақсы оқыған түлек кол­леджді емес, жоғары оқу орнына түсуді қалайтыны кімге де бол­­са белгілі жайт. Облыстық бі­лім  басқармасының кеңейтіл­ген алқа мәжілісінде шалғай жат­­қан  Меңдіғара, Қарасу, Де­нисов, Ұзынкөл аудандарында  түлектердің ҰБТ-ға қатысуы 50 пайыздан аспайды, тіпті Таран ауданында ол 40 пайыз ғана екені айтыл­ды. 

Әлем • 23 Мамыр, 2018

Марк Цукерберг Еуропарламент алдында есеп берді

Марк Цукерберг Еуропарламент алдында есеп беріп, парламент мүшелерінің сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды The Verge. 

Тарих • 23 Мамыр, 2018

Есімі елдің есінде: Әбубәкір Әлиұлы

Кешегі қияметі де қиянаты да көп, Кеңес Одағы дейтін қы­­зыл империяның тұсында да қайнаған өмір, қарбалас тіршілік болды, қазақтың талай азаматы қайраткер атанды, маңдайы жарқырап съездер мен сессиялардың төрінде отырды. Сол кезеңде бұйырған қыз­метті біз де абыроймен атқар­дық. Елге белгілі талай аза­мат­тармен аралас-құралас та бол­дық. Көпшілігін ардақтап аға тұттық. Аруағыңнан айна­лайын Димекеңнің нұрына бал­қып, шапағатына шомылдық. Асан­бай Асқаровпен, Әліпбай Алыбаевпен, Өзбекәлі Жәні­беков­пен, Өмірбек Жолдас­бековпен, сол тұста-ақ жалындап келе жатқан жас жолбарыс Нұрсұлтан Назарбаевпен сыйлас та сырлас болдық.

Аймақтар • 23 Мамыр, 2018

Ахмет Бай­тұр­сынұлының балалық шағы өткен үйі қалпына келтіріледі

Қостанай облысында 29 киелі орын бел­гі­ле­ніп, олардың картасы жасалды. Солардың арасында 10 қасиетті орын: Торғай гео­глиф­тері, Қамысты мекені, Екі­дің діни ескерткіші, Барақ, Жәу­ке, Ыбырай Алтынсарин, Мір­жақып, Әбдіғапар хан, Кей­кі батыр кесенелері, сонымен қатар Амангелді батыр жерлен­ген орын ұлтымыздың мақ­та­ны­шы деуге негіз бар. Ал та­ри­хи мазмұны кейінгі ұрпақ­қа мұра боларлық 19 киелі орын­ның да рухани маңызы жо­ғары. Олардың арасында ұлт ұс­та­зы, Алаш ардақтысы Ахмет Бай­тұр­сынұлының кіндік қаны тамған, балалық шағы өткен үй де бар. Оның орналасқан жері Жангелдин ауданындағы «Ахаң­ның Ақкөлі» атанған Ақкөл көлінен, сол жердегі Қа­ра­су мен Южный ауылдары­нан алыс емес. Сол маңда Бай­тұр­сын­ның әкесі Шошақ әуле­ті­нің қорымы да жатыр.

Қазақстан • 23 Мамыр, 2018

Алматыда дәстүрлі «Фа­раби оқулары» өтті

Жақында Елбасының «Бо­ла­шаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» бағдарламасына сәйкес әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде екі апта бойы дәстүрлі халықаралық «Фа­раби оқулары» өтті. 

Яндекс.Метрика