Аймақтар • 22 Мамыр, 2018
ОҚО-да «Ер есімі – ел есінде» деп аталатын монумент ашылды
Ерлік – елге мұра, ұрпаққа үлгі. Бабалар ерлігі қазіргі жастарды Отанына деген адалдыққа, ұлтына деген сүйіспеншілікке баулиды. Осы орайда Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шеңгелді ауылында Ұлы Жеңістің 73 жылдық мерекесіне орай ашылған «Ер есімі – ел есінде» деп аталатын монументтің алар орны ерекше.
Қазақстан • 22 Мамыр, 2018
Ұлттық музейде «Көне кітап – рухани жаңғырудың жарқын жолы» көшпелі көрмесі өтіп жатыр
Ұлттық музейде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен және Ұлттық музейдің Ғылыми кітапхана және жазба ескерткіштерді зерттеу бөлімінің ұйымдастыруымен ашылған «Көне кітап – рухани жаңғырудың жарқын жолы» көшпелі көрмесіне қойылды.
Қазақстан • 22 Мамыр, 2018
Атыраулық 25 жас қаламгердің туындылары жинақталған кітап жарық көрді
Атыраулық 25 жас қаламгердің тырнақалды туындылары жинақталған кітап жарық көрді. Облыс әкімдігінің қолдауымен облыстық мәдениет, архив және құжаттама басқармасының тапсырысы негізінде шыққан антология «Алаужыр» деп аталды.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2018
Өскеменде студенттердің телерадио кешені ашылды
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде аталған оқу орнының журналистика бөлімінің құрылуының 20 жылдығы аясында «ALTAI JASTARY» деп аталатын студенттердің теле-радио кешені ашылды.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2018
Бүгінгі таңда үш жүз мыңнан астам халқы бар Тараз қаласында қолға алынған жүйелі жұмыстар жетерлік. Әсіресе қала құрылысын жандандыру, саябақтарды қайта жаңғыртудан өткізу мәселелері оң шешімін тапты. Екі мың жылдан астам тарихы бар көне шаһардың бүгінгі сәулеттік келбеті де көзтартарлықтай деуге болады. Дей тұрғанмен, қала тұрғындарының алаңдаушылығын тудырып отырған мәселелер де бар.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2018
Ғалым Мұхтар Арынға ескерткіш қойылды
Мұхтар Арынұлы көшесі, 10. Бұл мекенжайда Сарқан ауданына қарасты Бақалы ауылының мәдениет үйі қоныс тепкен. Кәдімгі ауылдың рухани орталығына айналған қатардағы мекеме. Бірақ біздің алыстағы елді мекеннің шағын көшесіне соншалық үңіліп отырғанымыздың өзіндік себебі бар. Өйткені қазақтың белгілі ғалымы Мұхтар Арынның балалық шағы осы көше бойында өткен екен...
Аймақтар • 22 Мамыр, 2018
Бурабайда жазғы кезең басталды
Биыл ауа райы құбылып, жауын-шашынға ұласып жатса да жазғы демалысқа құлшынып отырғандар қаншама. Осыған орай Бурабай курортты аймағы демалысқа келушілерді күтіп алуға кірісіп те кетті. «Бурабай» ұлттық паркі басқармасы мен туристік бизнес өкілдерінің басын қосқан өңір басшысының қатысуымен өткен жиында жазғы туризм мәселесі кеңінен сөз болды.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2018
Аралды қалпына келтірудегі айтулы жоба
«Балығы тайдай тулаған, бақасы қойдай шулаған», бүтін бір халықтың асыраушысы болған, Ресей ашаршылыққа ұшырағанда әлденеше шақырымдарға жететін вагондармен балық жіберген айдынды ана Аралдың жағдайы қазір нешік?!
Қазақстан • 22 Мамыр, 2018
Суретші Ренат Елубаевтың «Мәңгілік елес» атты көрмесі өтті
Ренат Елубаевтың суретпен кәсіби түрде айналысқанына небәрі жеті жылдың көлемі болыпты. Бірақ бойдағы туабітті таланты шықпай қоймайды екен. Осы уақыт аралығында бірнеше халықаралық бәйфгелерге қатысып, жеңімпаз атанған. Бірер күн бұрын Астанадағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Мәңгілік елес» атты кезекті көрмесін өткізді.
Аймақтар • 22 Мамыр, 2018
Ақтауда музыкалық-драма театр ашылды
Маңғыстау музыкалық драма театры – еліміздегі ең жас театрлардың бірі. 2002 жылы Ақтау қаласында өткен Қазақстан жастарының форумына арнайы келген Мемлекет басшысы Н.Назарбаевқа жастар Маңғыстауда театр ашу туралы ұсыныс айтқан болатын. Елбасы тапсырмасымен 2003 жылы 21 наурызда Ақтау қаласының орталығынан бүгін маңғыстаулықтар мен театр саласы қызметкерлері 15 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан музыкалық-драма театры ашылды.