Ая ӨМІРТАЙ
Ая ӨМІРТАЙ«Egemen Qazaqstan»
248 материал табылды

Кино • 06 Қазан, 2020

Киноэкранда – әйелдер фильмі

Қыркүйек айының соңғы күндері FemAgora фестивалі аясында Орталық Азия елдерінің әйел режиссерлері түсірген көркем және деректі фильмдердің онлайн көрсетілімі өтті. Биылғы кино апталығының елеулі жаңалығы ретінде көркем фильмдер қатарының жылдағыдан басым болғанын атап өткен жөн. Өмірін кино өнерімен тығыз байланыстырған кинематографистер бағдарлама аясындағы көрсетілген шығармашылық ұжым фильмдерін жан-жақты саралап, авторлық және жанрлық фильм түсіруге деген талпыныстары жөнінде өзара пікір алмасты.

Әдебиет • 30 Қыркүйек, 2020

Аударма саласындағы өзекті мәселе қандай?

30 қыркүйек – Халықаралық аудармашылар күні. Аударма ісінің зерттеу нысаны, қарастыратын мәселелер ауқымы кең. Елдің тілдік, әлеуметтік, саяси-экономикалық қатынастарына әсер ететін күрделі де жан-жақты сала. Соңғы уақытта елімізде қоғамдық саяси, ғылыми, ресми және көркем әдебиет қазақ тіліне аударылып шығыпты деген ақжолтай жаңалықты жиі естиміз. Ең заманауи, таңдаулы үлгілердің қазақ тіліндегі аудармасын жасау мемлекеттік деңгейде қолға алынған уақытта, мұндай міндеттен жекелеген тәуелсіз баспагерлер де тысқары қалған жоқ. Осы ретте аударма саласында қызмет етіп жүрген білікті мамандарды сөзге тартып, бүгінгі аударманың жайын сұрап көрдік. Аударма саласындағы өзекті мәселелер қандай? Ендігі сөз солар туралы.

Сұхбат • 29 Қыркүйек, 2020

Хамит Шаңғалиев: Бізде жасанды әндер көп

Былтыр Junior Eurovision ән байқауында Ержан Максим жүлделі орын алғанда өнерсүйер қауымның қуанышында шек болмаған. Биылғы Польшада өтетін халықаралық додада еліміздің атынан Қарақат Башанова бақ сынамақ. Әншінің бағын асыратын әдемі ән екені даусыз немесе нақышына келтіре орындалған ән әншіні танымал етпек. Ал осы қос дарынның жұлдызын жаққан композицияның авторы былайғы жұртқа беймәлім. Дүбірлі додаға қызу дайындық арасында композитор, музыкалық продюсер Хамит Шаңғалиевті аз-кем әңгімеге тарттық.

Руханият • 28 Қыркүйек, 2020

Ұлы дала жүрегі

Егемендігіміздің тірегі, елдігіміздің жүрегі саналатын астанамыз Нұр-Сұлтанның айшықты көрінісі фотографтардың объективінен түспей ке­леді. Небір әдемі кө­рініс­терге арқау болған қаланың көз тартар кел­беті жыл мезгілдерінде өзіне тән ерекшелігімен құлпыра түседі. Бұл жо­лы National Geographic фотографтары Нұр-Сұл­тан қаласының үздік фо­то­суреттерін жинақ­тап, «Ұлы дала жүрегі» көр­ме­­сін ұйымдастырып жатыр.

Руханият • 28 Қыркүйек, 2020

Қосағашты іздеу

«Бұл ағаштың түбінде Шыңғыс хан ат шалдырған. Есім хан әскер топтаған. Абылай хан құрбан айтып, қатарынан үш күн мінәжат еткен. Бұдан өткен қандай ғажайып болуы мүмкін». Мағауиннің әйгілі «Қосағашы» осы. Әуелі үйде тұрған көп томдығынан оқығанбыз, кейін естідік. Енді көзбен көргіміз келеді. Таңғы астан кейін уақыт оздырмай, қос ағаштың атымен аталған Қосағаш ауылына бет түзедік.

Оқиға • 25 Қыркүйек, 2020

Елордада пандемияға қатысты халықаралық онлайн-конференция өтті

Биылғы жылдың 24 қыркүйегінде Нұр-сұлтан қаласында Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Нұрсұлтан Назарбаев орталығының бастамасымен "Пандемия жағдайындағы  конфессияаралық және өркениетаралық диалог" тақырыбында халықаралық онлайн-конференция өтті, деп хабарлайды Egemen.kz

Руханият • 23 Қыркүйек, 2020

Домбыраны әлемге дәріптеген

Сән, сұлулық және өмір салты туралы жазатын америкалық Vogue журналында қазақтың ұлттық киімі мен музыкалық аспабын насихаттап жүрген Маржан Қапсамат өнері жа­йында мақала жарық көрді. Онда домбыра аспабы мен қазақ ұлттық көйлегінің сән-салтанатын суреттеліп, «дәстүрлі сәнге деген сағынышты жаңа дәуір арқылы қайта сезінтеді» деп жазылған.

Руханият • 15 Қыркүйек, 2020

Аягөз маңындағы жанартау

...Аягөз – деген – аядай бұлақ деседі, (Жұрттарда қалған жұмбақты кімдер шешеді?) Аягөз болып ғасырлар алға көшеді, Ая, көз, ая – Арулар елі кешегі!.. деген Мұқағалидың бірауыз жыры дүйім елді Аягөзге ынтықтырып қойғандай. Бас қосқан көңілді отырыстарда талай мәрте естіп жүрген, талай мәрте оқылған шумақ. Әуелі жұмбақ та сырлы өлкенің елесі көз алдыңа көлбеңдеп келе қалады. Ал ішкі мәніне ден қойып, үңіле түссеңіз иен дала, сары жазықта, қара жолдың бойын жағалай, шашырай қоныс тепкен түйір-түйір ауылдардың сәулелі картинасы жарқырай ашылады.  

Өнер • 11 Қыркүйек, 2020

Кішкентай суретшінің үлкен арманы

Өнерді тудыратын өмірге деген құштарлық. Немесе керісінше, өмірге құштарлықты өнер оятса керек. Шымкенттік Абдурахман Темірбек – талапты суретші. 13 жастағы суретшінің көпке ұқсай бермейтін тағдыры бар.

Экономика • 07 Қыркүйек, 2020

Пандемия сән индустриясына қалай әсер етті?

Сән индустриясы – экономиканың ең бір креативті үлгісі. Дендеген пандемия әсіресе сән индустриясына, тоқыма және тігін өнеркәсібіне айтарлықтай соққы берді. Жаппай оқшаулауға көшу киім киісімізді өзгерткені рас, бұған әлем бойын­ша киім сатылымының күрт төмендеуін қосыңыз. Мысалы, сән астаналарының бірі саналатын Миландағы дүкендердің 25%-ның жабылу қаупі бар. ISTAT-тың мәлімдеуінше, карантин кезінде Италиядағы өнеркәсіп өндірісі 29,3%-ға төмендеген, «бұл 1990 жылдан кейінгі елдегі ең үлкен құлдырау» деп хабарлады.