Назерке ЖҰМАБАЙ
Назерке ЖҰМАБАЙ«Egemen Qazaqstan»
322 материал табылды

Әдебиет • 21 Мамыр, 2020

Төлен Әбдік: Әдебиеттің негізгі объектісі – адам

Қоғамның дерті қалың бұқарадан бұрын ең әуелі жазушының жүрегіне батады. Сол күй шығармаларында сыр болып төгіледі. Себебі бұл кісілер парасат майданын әу бастан-ақ таңдап алған. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы Төлен Әбдікпен өрбіген ашық әңгімеміз осы ойымызға дәлел. 

Руханият • 20 Мамыр, 2020

«Қазақфильм» Абай Құнанбаев туралы фильмдерді ашық көрсетілімге шығарды

Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы YouTube-тегі ресми арнасына Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына орай, ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы фильмдерді ашық көрсетілімге шығарды.

Руханият • 20 Мамыр, 2020

Жаннат Бақтай онлайн концертке шақырады

«Астана Опера» YouTube арнасында 25 мамыр күні сағат 20:00-де «Жаннат Бақтай онлайнға шақырады» концертінің премьерасы өтеді. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Астана Операның» жетекші солисі, қазақстандық опера сахнасының жұлдызы арнайы өзіне жазылған шығарма туралы және композицияның алғаш рет осы музыкалық кеште орындалатыны туралы айтты.

Әдебиет • 17 Мамыр, 2020

Суреткердің соңғы сапары: Аңызы мен ақиқаты

«Ұлылық – жалған дүниені майға шылқыған жалпақ табанымен жалпағынан басу емес, артыңа өшпес із қалдырып, арғымаққа мінгендей асығыс зулап өте шығу. Яғни өз өміріңізді оқыс әрі әдемі аяқтау» Оралхан Бөкей.

Таным • 11 Мамыр, 2020

Шахимардан Әбілов: Шығармашылығымның темірқазығы – Абай

Есімі мұқым қазаққа ғана емес, әлемге мәшһүр әйгілі опера әншісі бізді есіктен ерекше көтеріңкі көңіл күймен жадырай қарсы алды. Карантин уақытында да сахнаға шығардай сәнді киінген өнер иесінің тіпті жай ғана тіл қатуының өзі ән салып тұрғандай екен. Абай романстары арқылы жүрекке жеткен сыңғыр үн сол сәтте-ақ көңілімізге көшіп алғандай, әншіні ә дегеннен жатырқамадық. Қазақы әдептен аспай, ақсақал да құрақ ұша төрін ұсынды. Жарығы мол түскен кең бөлмемен бірге Абай әлемінің де есігі айқара ашылғандай әсерге бөлендік. Өйткені бұл бөлме тұтастай ұлы ақын үнімен айрықша үйлесім тауыпты. Хакім кітаптары мен ұлы ақынның тастан қашалып жасалған шағын мүсіншелері, кемеңгер тұлға туралы жазылған әр жылдардағы мақалалар мен сарғайған газет қиындылары бұл үйдегі Абай әлеміне деген айрықша құрметті әйгілеп тұр. Белгілі опера әншісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шахимардан Әбіловпен өрбіген әңгімеміздің де әлқиссасы опера өнерінің қыр-сыры, өзі әнін әлемдік сахнада кеңінен насихаттап жүрген ұлы ақынның шығармашылық мұрасы төңірегінен тарқатылды.

Руханият • 06 Мамыр, 2020

«Чайковский. Online»: Қазақстан мен Ресей әртістері ұлы композиторды ұлықтайды

Барша музыкалық әлем 7 мамыр күні Петр Ильич Чайковскийдің 180 жылдығын атап өтпек. «Астана Опера» театры Қазақстандағы Ресей ынтымақтастығы өкілдігімен, Ресейдің Қазақстандағы Елшілігінің қолдауымен «Русское исполнительское искусство» Қорымен бірлесе «Чайковский. Online» халықаралық жобасын ұсынады. Аталған шарада белгілі қазақстандық және ресейлік музыканттардың орындауында ұлы композитордың туындылары шырқалады.

Руханият • 05 Мамыр, 2020

«Астана Опера» әртістері «Мереке биді» онлайн орындады

Белгілі дирижер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Абзал Мұхитдиннің жетекшілігімен «Астана Опера» оркестрі әртістерінің онлайн орындауындағы «Мереке би» композициясы симфониялық музыканы сүйіп тыңдаушылар үшін ерекше тарту болды.

Қазақстан • 04 Мамыр, 2020

«Қазақфильмнің» мамыр мерекелеріне дайындаған кәдесі

Мамырдың мамыражай күндерімен бірге ел үшін ерекше жағдайда – карантин режимінде аталып өтетін бірқатар мерекелер келе жатыр. Олардың қатарында  Отан қорғаушылар күні (7 мамыр) мен Ұлы Жеңіс күні (9 мамыр)  мерекесі де бар.

Кино • 30 Сәуір, 2020

«Ұмай» Үндістанда үздік атанды

Режиссер Іңкәр Әбдіраштың «Ұмай» («Терезе алдындағы бала») қысқаметражды фильмі қоржынын тағы бір жүлдемен толықтырды. Фильм Х Dadasaheb Phalke Film Festival (DPIFF) халықаралық кинофестивалінде үздік қысқаметражды фильм жүлдесін жеңіп алды.

Кино • 30 Сәуір, 2020

«Сыншылар таңдауы-2020» киножүлдесіне үміткерлер тізімі жарияланды

Жыл сайын кино саласының үздіктерін анықтайтын Қазақстан Киносыншылар қауымдастығы «Сыншылар таңдауы-2020» жүлдесіне үміткер фильмдер тізімі жарияланды.