Назерке ЖҰМАБАЙ
Назерке ЖҰМАБАЙ«Egemen Qazaqstan»
325 материал табылды

Өнер • 26 Маусым, 2023

Мерейтойлық «Опералия»

Елорда төрінде айтулы өнер оқиғасы – «Опералия» халықаралық фестивалі шымылдық түрді. «Астана Операның» 10 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған ауқымды шара аясында театр сахнасында бір ай бойы әлемнің 12 елінен келген атақты әртістер өнер көрсетеді, сондай-ақ жұртшылық назарына заманауи интерпретациядағы операның премьерасы ұсынылады.

Мәдениет • 13 Маусым, 2023

Тәлімі терең туынды

Отан отбасынан басталса, ал отбасы – баладан, саналы ұрпақ тәрбиеден тамыр алады. Себебі елдің ертеңі еркін ойлы, тәрбиелі жастың қолында. Дәл осы мақсатты мұрат тұтқан «Замандас» отбасылық аула клубының театр студиясындағы балалар мен оқытушылар елордалық көрермендер назарына «Алтын өлке аңызы» ертегісінің премьерасын ұсынды.

Әдебиет • 07 Маусым, 2023

«Қауіпті будан» – соңғы ескертпе

«Атау кере» жазушы Оралхан Бөкейдің ең соңғы жазған шы­ғар­масы, ұлты­на жасаған ақтық ескертпесі болуымен ғана емес, «Атау кере» әлеумет­тік-психо­ло­гиялық мәнінің жоғарылығымен де құнды туынды. Осыдан 35 жыл бұрын жазылған романда (автордың анықтамасы. – авт.) бүгінгі күннің ахуал-тынысы астарлы аллегориямен шебер шен­дестіріле суреттеледі. «Атау-кере» баяны көркем шығарма болу­мен бірге, қоғамдық-әлеу­меттік бол­мыс­ты талдау. Әлеу­меттік-психологиялық зерделеу. Шығарманың екінші аты – «Қауіпті будан».

Әдебиет • 29 Мамыр, 2023

Әкім Тарази әлемі

Биыл қазақ әдебиетінің классигі, Қазақстанның Еңбек Ері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әкім Таразидың 90 жасқа толған мерейтойы. Осыған орай бас қала төріндегі Ұлттық академиялық кітапханада «Әкім Тарази әлемі» атты рухани-әдеби кеш өтті. Атаулы шара аясында жазушының мемлекеттік тапсырыспен жарық көрген он екі томдық шығармалар жинағы мен «Мазмұндама» қоғамдық қоры шығарған «Ауыл шетіндегі үй» және «Мұстафа Шоқай» кітаптарының таныстырылымы өтті.

Әдебиет • 28 Мамыр, 2023

Сарын семантикасы

Кез келген халықтың сөз өнері ауыз әдебиетінен нәр алады. Қазақ әдебиетінде де, әлем әдебиетінде де бұл тәсілге жүгінбегендері сирек. Әсіресе классик қаламгерлер қолтаңбасына тиесілі туындылардың қай-қайсысы да түп тамырын фольклормен сабақтайды. Сондықтан болса керек, болмыс жұмбағын шешіп, әлдебір құпиялыққа деген құлшыныс қаламгер шығармаларындағы романтикалық қиял-ғажайыпты үдете түскен. Ол адамның «құдіретке деген сенімін бекітіп», сол арқылы оны әдеттегі тұрмыстық түсініктен арылтып, рухани таным деңгейіне көтереді.

Театр • 22 Мамыр, 2023

Ақынның «Болмаған балалық шағы»

Ақын Ақберен Елгезектің «Болмаған балалық шағының» әу баста повесть болып жарық көріп, оқырман жүрегіне жеткенінен кітапсүйер көзіқарақты қауым хабардар. Көңіл пернесіне дөп түскендігінен де болар, соңғы кезде айтулы шығарманы сахнаға шығаруға ниетті режиссерлер де көп. Соның бірі – осыдан бір ай бұрын Алматыдағы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында Фархат Молдағали қолтаңбасымен қойылған нұсқасы болса, енді міне, елордалық Ә.Мәмбетов атындағы Мемлекеттік комедия және драма театрында жас режиссер Әли Бидахметтің сахналық сараптауында тағы бір туындының тұсауы кесілді.

Поэзия • 17 Мамыр, 2023

Жазушы жанының «Жылымығы»

Қаламгердің әрбір туындысы – оның жан дүние әлемінің айнасы. Сол айнада сырға толы, жұмбаққа бай суреткер жаны бедерленеді. Мысалы, «Мен осы бір суретті көрген сайын сені есіме алатынмын немесе сені есіме алған сайын осы бір суретті көретінмін...» деп басталатын «Жылымық» әңгімесін алайықшы. Мұнда жазушы Оралхан Бөкей өлмейтін күллі адамзаттық тақырыптарды шебер суреттейді.

Театр • 15 Мамыр, 2023

Иржидің ерек иірімі

Елордалық көрермен үшін өткен демалыс күндерінің тартуы мол болды. Соның бірі де бірегейі – «Астана Опера» театры сахнасында тұсауы кесілген Иржи Килианның «Кішкентай өлім» балетінің премьерасы десек, артық айтқандығымыз емес. Заманауи хореографиядағы ең әсерлі балеттердің бірі саналатын айтулы өнер туындысы театрсүйер қауым арасында үлкен резонанс туғызды.

Театр • 04 Мамыр, 2023

«Әкемтеатр» әкелген тарту

Елордада М.Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театрының есеп беру гастрольдік сапары өтіп жатыр. Қ.Қуанышбаев атындағы академиялық қазақ музыкалық драма театры сахнасында мамырдың 1-і мен 7-сі аралығында «Әкемтеатр» ұжымы өз репертуарындағы үздік қойылымдарын бас шаһар көрермендеріне тарту етеді.

Өнер • 30 Сәуір, 2023

Өнердің үлкен олжасы

Әрдайым тың форма мен тосын шешімдерді қойылымдарына өзек еткен «Астана Опера» театрының ұжымы жақында тағы бір тамаша туындының тұсауын кеспек. 13 және 14 мамыр күндері Вольфганг Амадей Моцарттың музыкасына қойылған Иржи Килианның «Кішкентай өлім» атты танымал бір актілі балеті тұңғыш рет Қазақстанда «Астана Операның» Үлкен залы сахнасында көрерменге жол тартады.