Назерке ЖҰМАБАЙ
Назерке ЖҰМАБАЙ«Egemen Qazaqstan»
325 материал табылды

Мереке • 26 Сәуір, 2023

Театрдағы той

Ұлттық өнердің ұйтқысына айналған өнер ордасы – елордадағы Қаллеки музыкалық драма театры қашанда тың бастама, тосын жобаларымен көрерменін тәнті етуден танған емес. Бұл жолы да сол дәстүр жалғасты. Қазақ өнерінің қара нары Қалибек Қуанышбаевтың 130 жылдық мерейтойын театр ұжымы Наурыз мейрамы аясында тағылымды етіп тойлады.

Кино • 25 Сәуір, 2023

Кинотану корифейі

Бауыржан Нөгербек ұлттық кино өнерінің ғылыми тұрғыдан жүйелі түрде зерделенуіне бар күш-жігерін жұмсаған жан. Ол туралы сөз айтудың өзі көңілге жып-жылы шуағын төгеді. Елордадағы Қазақ ұлттық өнер университетінде өткен кино зерттеушісінің 75 жылдығына арналған «Бауыржан Нөгербек мұрасы: теория, сын және кинопедагогика» атты халықаралық форумда тұлға туралы тұшымды естеліктер айтылып, ғалымның кинотану іліміне қосқан сүбелі еңбегі жан-жақты сараланды.

Тұлға • 13 Сәуір, 2023

Тұлға тағылымы

Қазақ тарихының ақтаңдақ беттерінде жазылған Алаш арыстарының ауыр да азапты, тағылымды да қасіретті тағдыры кім-кімді де толғантпай, ойлантай қоймайды. Ал олардың өмір мен өлім арасында арпалыса жүріп, ұлт ертеңі үшін еңсерген ерен еңбегі шын мәнінде ерліктің, елге қалтқысыз қызмет етудің, ұлтын сүюдің жарқын үлгісі. Сондай тұлғалардың бірі де бірегейі – өткен ғасырдың отызыншы жылдары «Темір Нарком» атанған Темірбек Жүргенов! Биыл айтулы тұлғаның туғанына – 125 жыл!

Руханият • 11 Сәуір, 2023

Тұлға тағылымы

Қазақ тарихының ақтаңдақ беттерінде жазылған Алаш арыстарының ауыр да азапты, тағылымды да қасіретті тағдыры кім-кімді де толғантпай, ойлантай қоймайды. Ал олардың өмір мен өлім арасында арпалыса жүріп ұлт ертеңі үшін еңсерген ерен еңбегі шын мәнінде ерліктің, елге қалқысыз қызмет етудің, ұлтын сүюдің жарқын үлгісі. Сондай тұлғалардың бірі де бірегейі – өткен ғасырдың отызыншы жылдары «Темір-Нарком» атанған Темірбек Жүргенов! Биыл айтулы тұлғаның атаулы жылы – туғанына 125 жыл!

Театр • 16 Наурыз, 2023

«Үйлену»: Күлеміз бе, жылаймыз ба?

«Үйлену оңай, үй болу қиын» дейміз. Алайда жаңа заманда үй болу тұрмақ, үйленудің өзі тым күрделеніп кеткендей. Оны қиындатып жүрген – заман емес, тағы да адамның өзі. Неге? Себебі адамға адамның жағуы үшін төрт құбылаң түгел, қоғамнан ойып тұрып алар өз орның, әлеуметтік мәртебең, қалта толы ақшаң, зәулім сарайың болмаса, бәрі бекер. Сонда қалай болғаны? Бақыттың кілті байлықта ма, әлде шын сүйгеннің риясыз сезімінде ме? Ал арманға жету жолында жағымпаздық пен жалғандықтың жетегіне еріп, ардан аттап кете беру қалыпты құбылыс па? Құрдымға кеткен құндылықтардың қадіріне кім жетеді?..

Театр • 30 Желтоқсан, 2022

Қайталанбас қолтаңба

Сырттан режиссер шақырып, өзгенің ортаңқол жұмысының өзіне таңырқай таңдай қағып, тамсана қол соғатын «кеңпейіл» қазақ театр әлемі үшін, ашығын айту керек, соңғы бес-он жылдықта Фархад Молдағали есімі жаңалық болғаны анық. Әйгілі режиссер әрі педагог Маман Байсеркенов мектебінен түлеп ұшқан талантты жас қазақ сахна өнерінде шын мәнінде сілкініс тудырып, қайталанбас қолтаңбада қойылған «Қарагөзімен» қалғып бара жатқан қазақ театрын оятты.

Қоғам • 19 Желтоқсан, 2022

Кинотеатрлар мемлекеттік тілді неге шеттетеді?

Көрермен асыға күткен әлемдік блокбастер Джеймс Кэмеронның «Аватар: Су жолы» фильмі 15 желтоқсаннан бастап жалпыхалықтық прокатқа шықты. Қуанышты еселей түскен тағы бір жаңалық – жаһан жанарын жаулаған айтулы туындының Мәдениет және спорт министрлігінің қолға алуымен қазақ тілінде дыбысталуы десек, қателесе қоймаспыз. Алайда ақсарбас айтып, бөркімізді аспанға ата қуанған бұл ғаламат сезімнің дәл премьера күні төбемізден суық су құйғандай бір-ақ сәтте түгесілерін кім білген?..

Өнер • 30 Қараша, 2022

Сахнаға адалдық

Елордада театр мен тұлға тойы қатар аталып өтті. Астаналық Жастар театрының 15 жылдығы және театрдың негізін қалаушы әрі көркемдік жетекшісі, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұрқанат Жақыпбайдың 75 жасқа толған мерейтойы Арқаның аязды күндеріне шуақ сыйлап, көрермендер үшін шын мәнінінде өнердің үлкен мейрамына ұласты.

Театр • 28 Қараша, 2022

Балауса көрерменге тарту

Ертегі десе елең етер көрер­менді желтоқсанның 4, 9, 10 және 11-і күндері «Астана Балет» театрында «Қар патшайымы» балетінің премьерасы күтеді. Даниялық жазушы Ганс Христиан Андер­сен ертегісінің желісімен қойылатын спектакльдің режис­сері – Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Татар­стан Республикасының халық әртісі Георгий Ковтун. Спек­такль маэстро Арман Оразғалиевтің жетекшілігіндегі сим­фониялық оркестрдің сүйемелдеуімен өтеді.

Сұхбат • 27 Қараша, 2022

Нұрқанат Жақыпбай, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты: Өмірімнің кредосы – шеңберден шығу

Астананың тағы бір ақ таңы атты. Таңғажайып театр таңы. Сахнада мүлгіген тыныштық. Жастар театрының ат шаптырым залында ноқаттай ғана қарайған бейне көзге шалынды. Оңашаға оқшауланып алған жалқы сұлба алысқа, тым-тым алысқа көз тігеді. Өзі осында болғанымен, ойы қиянда. Маңайында тіршілік барын әлдеқашан ұмытқан. Тіпті жанына жақындап барсаң да, селт етер емес. Иығына түскен ұзын шашын салалап қойып, терең ойдың құшағында отыр. Тіпті біздің қасына қалай келгенімізді де сезбеді білем, тосыннан шыққан үніміз ойын үркіткендей, сәл тосырқап қалды да, лезде өзін жинап ала қойды. Күлімсірей амандасып, бірден: «Жаңа қойылымның премьерасына дайындалып жатырмыз. У.Шекспирдің «Ромео-Жульеттасы». Бұл қойылым менің Шекспир драматургиясына жасаған тәжірибе-триптихымның түйіні десем де болады. Осыған дейін «Асауға тұсауы» мен «Гамлетін» сараптасам, ендігі кезек «Ромео мен Жульеттаға» келді. Көптен бері көңіл түкпірінде толғантып жүр еді, міне, енді көрерменімен қауышатын да сәт жақындап қалды. Бұйырса, ертең премьера. Спектакльдің сахнаға шығар күні жақындаған сайын менде де маза жоқ. Осылай елден бұрын келіп әуелі дайындық алдында өзім оңаша қалып ойланамын, бұған дейін жасалған жұмыстарға қайтадан көз жүгіртіп, ойша артық-кем тұсын екшеп аламын да, содан кейін актерлерімді шақырамын. Сөйтіп, өзімнің ойым мен олардың түнімен ізденіп дайындалған ізденісін бір арнаға тоғыстырып, содан ортақ шешімге келеміз» деп әңгімесін бастаған режиссер тағы да сахнадан көз алмай, үнсіз қалды. Премьераалды толғаныс һәм толқыныс екенін түсіндік. Санада сайрап тұрған сансыз сауалымызбен килігіп, ойын бөлгіміз келмеді.