Соңғы жаңалықтар
Жеке кәсіпті дамытуға көмектесемін: Алматыда алаяқтық жасаған күдікті ұсталды
Біз - Н.есімді, Алматы облысының 35 жастағы тұрғыны жайлы айтып отырмыз, оның қылмыстық әрекеттері қазіргі уақытта Ішкі істер органдарымен ҚР ҚК-нің 190 бабы 3 бөлігі – ірі көлемде алаяқтық бойынша қарастырылуда.
Биатлоннан әлем кубогі кезеңінде эстафета жеңімпаздары анықталды
АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында биатлоннан әлем кубогінің сегізінші кезеңі аяқталды. Соңғы жарыс күнінде биатлоншылар эстафетадан үздік команданы анықтады деп жазады Olympic.kz.
Футбол • 18 Ақпан, 2019
Қазақстан қашан отыздыққа кіреді?
Өткен аптада FIFA (Халықаралық футбол федерациясы) 2019 жылдың ақпан айындағы ұлттық құрамалардың рейтингін жаңартты. Қазақстан қаңтар айына қарағанда екі сатыға жоғарылап, 117-орынға жайғасты. Қазақстан құрамасы бүгінге дейінгі ең жоғары көрсеткішін 2016 жылдың қыркүйек айында көрсетті – 83-орын. Ал ең төменгі көрсеткіш 1996 жылдың мамыр айында тіркелді. 166-орын.
Саясат • 18 Ақпан, 2019
Қ.Тоқаев Мюнхен конференциясына қатысты
Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 15-17 ақпанда Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысты.
Спорт • 18 Ақпан, 2019
Көкшетауда тоғызқұмалақтан ел чемпионаты өтіп жатыр
Сайысқа еліміздің 3 қаласы мен 12 облысынан жиналған спортшылар қатысып, бақ сынасуда.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2019
Ауыл аманатын арқалаған экспедиция
«Qazaqstan dauiri» газеті «Нұр Отан» партиясы, Ауыл шаруашылығы министрлігі және «ЕлАна» сайтымен бірлесіп жыл сайын экспедиция ұйымдастырып келеді. Экспедицияның басты мақсаты – еліміздің әр облыс, ауданын аралап аймақ тұрғындарымен кездесу, өңірдегі өзекті мәселелерді анықтап оны тиісті мекемелерге жеткізу.
Өнер • 18 Ақпан, 2019
Облыс орталығындағы Ж.Аймауытов атындағы музыкалық драма театрында «Ұлы даланың көне сарындары» фестивалі өтті. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласымен орайласа келген «Нұр Отан» партиясының құрылғанына 20 жыл толуына орай басталған фестивальға еліміздің әр өңірінен әншілер мен күйшілер жиналды.
Өнер • 18 Ақпан, 2019
Көркемсурет жанрында ерекше орын алатын ислам каллиграфиясы бейнелеу өнерінің озық жетістігі саналады. Астанада өткен «Ислам каллиграфия өнері» атты көрмеде дүние жүзі каллиграфтарының 27 жұмысы көпшілік назарына ұсынылды.
Қазақстан • 18 Ақпан, 2019
Әлжуаз топқа жататын отбасыларға 100 пәтер беріледі
Облыс орталығында үй кезегінде 14 мыңға жуық адам тұрса, 5 мыңнан астамы әлеуметтік аз қамтылғандар санатына жатады.
Спорт • 18 Ақпан, 2019
«Барыстың» канадалық қорғаушысы Қазақстан азаматтығын алды
«Барыстың» канадалық қорғаушысы Даррен Диц Қазақстан азаматтығын алды, енді ол Астанада өтетін Әлем чемпионатына қатыса алады. Бұл туралы «SPORTINFORM» хабарлады.
Театр • 18 Ақпан, 2019
Құдаларды немере татуластырады
Өнер ортақ. Онда шекара болмайды. Оған Шымкенттегі өзбек драма театрында қойылған белгілі қарақалпақ драматургі Оразбай Абдурахмановтың «Ужарлар» («Қырсықтар») комедиясы дәлел. Жавлон Сайитов сахналаған көркем туындыны өзбек тіліне Нурилло Аббосхон тәржімалаған. Туындыны сахналаған театрдың бас режиссері, Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов.
Marqum alashshyl tulǵa Aqseleý Seıdimbektiń «Rýhy azat halyq qana uly ister atqara alady» deıtin myzǵymas ustanymy boldy. Osy uǵymdy Ahań ári qaraı tápsirlep: «Rýhsyz halyqty altynǵa bólep qoısań da báribir, rýhy myqty qaýymnyń aldynda eńkish tartyp turady. Rýh degenimiz ol kózge kórinbeıdi, halyqtyń gendik bıosferasynda bolatyn úreıdi jeńý qýaty. Úreı qan arqyly urpaqtan urpaq jalǵasyp kete beretin asa qaterli qubylys. Qandaı bir qaýymnyń rýhanı erkindigi (táýelsizdigi) halyqtyń boıyndaǵy úreıdiń az-kóptigimen ólshendi» deıtin edi jaryqtyq.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2019
Мұқтаж жандардың мұңын тыңдады
Өмір күнде той емес. Өмір болған соң тұрғындарды толғандыратын тұрмыстық мәселелер болмай тұрмайды. Осындай кезде кімге жолығып, көмекті кімнен сұрарын білмей бастарын тауға да, тасқа да соғып жүретін жандар жетерлік. Мұндай көрініс жергілікті органдардың тұрғындармен, соның ішінде шын мәнінде қамқорлыққа зәру жандармен байланысты тереңдете түсу қажеттігін көрсетеді.
Қазақстан • 18 Ақпан, 2019
Бүгін Астана, Алматы, Шымкент қалаларында жауын-шашын күтіледі
Дүйсенбі күні Астана, Алматы және Шымкентте жауын-шашын күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.
Спорт • 18 Ақпан, 2019
Көркем гимнастикадан Мәскеудегі Гран-при: Қазақстан топтық жаттығуда алғашқы бестікке енді
16-17 ақпан күндері Мәскеуде көркем гимнастикадан Гран-при кезеңі аяқталды. Қазақстандық спортшылар топтық жаттығуда алғашқы бестікке енді деп жазады Olympic.kz.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2019
Жалғызілікті қариялар қараусыз қалмайды
Мемлекет тарапынан қараусыз қалған қарттарды қамқорлыққа алып, олқылықтың орнын толтыру бағытында қажетті шаралар атқарылуда. Бүгінде Ақмола өңірінде 10 әлеуметтік қызмет көрсету орталығы бар. Оның алтауы қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған.
Экономика • 18 Ақпан, 2019
Әлемдік биржаларда мұнай бағасы өсуін жалғастыруда
Әлемдік мұнай биржаларында өткен сауда қорытындысында жұмада мұнайдың бағасы өсуін жалғастырды. Бұл туралы КазТаг ақпараттық агенттігі хабарлады.
Бокс • 18 Ақпан, 2019
Данияр Елеусіновтің келесі қарсыласы анықталды
Кәсіпқой бокстағы жартылай орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің (5-0, 3 КО) кезекті қарсыласы белгілі болды.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2019
Бұл жер неге екені белгісіз, таңырқаған күйі ойға берілесіз, Жаманшың деген жер жарылысы әсерінен ойыс болған метеорит орны дегенді естіп пе едіңіз? Естімесеңіз сол, сан ғалымды ойға салып өзгешелігімен қайран қалдырар еді. Палезой дәуіріндегі тұтқиылдан құлаған аспан денесі, ойға шомдырған Жаманшың...
Әдебиет • 18 Ақпан, 2019
Газетімізде жарияланған «Сәкеннің Сталинге хат жазғаны рас па?» (Қ.Жүнісов, «Egemen Qazaqstan», №21, 1 ақпан 2019 ж) мақалаға орай редакциямызға келіп түскен төмендегі материалды ұсынып отырмыз.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2019
Павлодар облысы әкімінің орынбасарлары ауысты
Павлодар облысы әкімінің орынбасарлары ауысты. Инвестициялар, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері бойынша облыс әкімінің орынбасары болып Қайрат Нүкенов тағайындалды. Аймақ басшысының ауыл шаруашылығы мәселелері бойынша орынбасары болып Рүстем Құрманов тағайындалды.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2019
Дүйсенбіде Астана, Алматы мен Шымкент айырбас қосынында доллар бағамы арзандады
Жұмадағы мәліметпен салыстырғанда Астана, Алматы мен Шымкент айырбас қосынында доллар бағамы арзандауын жалғастырды, деп хабарлады Kurs.kz.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2019
Бесқарағай: тарихи атаулар қалпына келе ме?
Жақында редакциямызға Бесқарағай ауданының бір топ ақсақалдарынан хат келген-ді. Хатта жергілікті басылымдардың бірінде ауданға, аудан әкіміне қатысты орынсыз сын айтылды делінгендіктен мәселенің анық-қанығын білейік деп ауданға іссапармен барып қайтқан едік.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2019
Түркістан облысында 59 қызмет түрі бойынша тарифтер төмендетілді
Елбасының тапсырмасына сәйкес, облыстағы нарық субъектілерінің 59 қызмет түрі бойынша тарифтері төмендетілді. Төмендетілген тарифтер биылғы жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2019
Қыран құсты қадірлейтін Қызылтау
Жақында Баянауыл ауданының әкімі Оразкелді Қайыргелдинов Қызылтау ауылдық аумағы тұрғындарымен кездесті. Ж.Аймауытов атындағы ауылдың төбесінен су ағатын мәдениет үйін, көшелерін, тас жолдарын жөндеуге, ауыл клубына жылу жүйесін өткізуге, спорт зал салуға, балалар алаңын жасауға, су құбырларын салуға, көшелерді жарықтандыруға, балаларға күреске арналған киім алып беруге уәде берді.
Қорғаныс саласына қажетті өнімдердің көрмесі өтті
Астанада қорғаныс саласына қажетті өнімдердің көрмесі өтті. Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұйымдастыруымен өткен шарада еліміздегі түрлі кәсіпорындар мен компаниялар өз өнімдерін ұсынды.
Аймақтар • 18 Ақпан, 2019
Өткен тәулікте 29 мың текше метрден астам қар жиналды
17 ақпан қаланы қардан тазалауға 281 жұмыскер шықты. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 18 Ақпан, 2019
Ашаң жүзді, қағілез, денелі, бұлшық еттері бұлт-бұлт ойнаған жігіт бұл жолғы бәсекенің жөні бөлек екенін іштей сезеді. Ташкент қаласына сайдың тасындай іріктеліп келген желмен жарысқан желаяқтардың қай-қайсысы болсын Орталық Азия чемпионы тәжінен дәмелі. Жүзіктің көзіндей жұтынып тұрған қимылы Қазақстанның намысын арқалай келген Алмастың нағыз бабында екенін аңғартқандай. Төреші белгі беруі мұң екен, қазақстандық жеңіл атлетші жемтігіне ұмтылған тағы аңша шиыршық атты.
Қазақстан • 18 Ақпан, 2019
Исламдық қаржы жүйесінің тиімділігі зор
Таяуда «Астана» халықаралық қаржы орталығының Үздіксіз кәсіби білім беру бюросы қаржы саласы бойынша арнайы курстар өткізіп, сынақтан сүрінбей өткендерге тиісті сертификат тапсырған болатын. Қаржы орталығы сертификатының беделі өте жоғары саналады, себебі ол халықаралық деңгейдегі білікті маман атануға жол ашады.
Қазақстан • 18 Ақпан, 2019
Ұшқыр уақытқа ұшақ қызметі керек
Әлемнің дамыған елдеріндегідей Қазақстанда да уақыттың қадірі артып келеді. Расында да, біз қазір уақытты үнемдеуге кірістік. Елімізге енген жаңа технологиялар осыған мүмкіндік беруде. Электронды үкіметтің құрылуы нәтижесінде адамдар үйден шықпай-ақ, уақытын жоғалтып тиісті мекемелерге барып кезекке тұрмай-ақ оның қызметін бір демде алатын жағдайға жетті. Ұшақ пен пойыз билеттері де үйден шықпай-ақ ақшасы төленіп, қолға тиетін болды.