Соңғы жаңалықтар
Қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуы, насихатталуы – тәуелсіз ел атануының арқасы. Өндірістік, экономикалық қарым-қатынаста, ақпарат алмасуда ғана емес, әлемдік деңгейде елдің төл дәстүрін дәріптеуде, ұлттық бояуын танытуда егемендік ұғымының рөлі зор. Қазақ мемлекетінің еркіндігі мен бостандығы рухани, көркем мұралардың қайта жаңғырып, кеңінен танылуына негіз болуда.
Өнер • 11 Ақпан, 2019
Сән әлемінің өкілдері Fashion Business Convention дәрістерінде тоғысты
Алматыда ұйымдастырылған Fashion Business Convention алғаш рет өткізіліп отырғанына қарамастан сән-индустриясының 300-ге тарта өкілін жинады. Отандық дизайнерлерге өзін де көрсетіп, өзгелердің қандай деңгейде екенін байқауға мүмкіндік беретін бұл оқиға – сүйікті кәсіпті үлкен бизнес көзіне айналдыруға баулиды.
Кино • 11 Ақпан, 2019
Өткен аптада Астанадағы Saryarka кинотеатрында мүмкіндігі шектеулі жандар туралы түсірілген «Қыз бен теңіз» әлеуметтік көркем фильмінің тұсаукесері өтті.
Қостанай облысы Торғай өңірі аумағынан 2007 жылы ғарыштық түсірілімнің көмегімен бұған дейін белгісіз болып келген геоглифтер табылды. Ғылым тілінде геоглиф деп жер бетінде салынған, тұрғызылған геометриялық немесе басқа да ұзындығы төрт метрден кем емес өрнекті фигураларды айтады.
Күрес • 11 Ақпан, 2019
Қазақстан таеквондошылары Президент кубогінен 4 медаль еншіледі
Түркияның Анталия қаласында таеквондодан 4-ші Президент кубогі аяқталды деп хабарлайды Olympic.kz.
Ә.Қастеев атындағы өнер музейінде заманауи дижиталды графика өнерінің айрықша көрмесі ашылды. Есімдері сурет әлемінен гөрі журналистикада қалыптасқан Алена Веселова мен Надежда Беседина бұл бағыттағы төл туындыларын музей кеңістігінде алғаш рет ұсынып отыр.
Жазу дәстүрін сақтау - маңызды
Қазақ тілі әліпбиінің кириллицадан латын графикасына көшірілуі бойынша қандай мақсатты шаралар атқарылды? Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы 2018 жылғы атқарылған жұмыс нәтижесін қорытындылап, әліпби реформасының алдағы міндеттерін тарқатты.
Аймақтар • 11 Ақпан, 2019
Батысқазақстандық спортшылар қаржылай қолдау алады
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен өңірде спорттың әр түрі бойынша үздік нәтиже көрсетіп жүрген 145 спортшы мен 51 жаттықтырушы қаржылай қолдау алып отыр.
Қысқы спорт • 11 Ақпан, 2019
Алексей Полторанин Альпі кубогіндегі масс-старт бәсекесінде жүлдесіз қалды
Словенияның Планица қаласында шаңғы жарысынан Альпі Кубогі аяқталды. Соңғы сайыс күнінде спортшылар масс-старттан өзара мықтыны анықтады. 20 шақырымға еркін әдіспен жарысуда Полторанин жүлдеге іліккен жоқ деп хабарлайды Olympic.kz.
Жас кәсіпкерлердің жобалары іске аспақ
Жастар жылы қарсаңында «Zhas project» жобасы негізінде ұзақ мерзімді әлеуметтік және кәсіпкерлік бағыттағы жобаларға 1 млн теңгеге жуық қаражат бөлінеді. Бұл туралы өткен аптада өткен «Арманда! Ұсын! Іске асыр!» үздік тәжірибелердің республикалық форумы барысында айтылды.
Алтынның жаны да алтын, әні де алтын
Ән-әуенсіз адам өмірін ешкім де елестете алмас. Кейде қараптан-қарап ыңылдап жүретінімізді қайтерсіз. Ән өнерін күллі табиғатқа ән салдырған Алладан келген ең үлкен нығметтің бірі деп білу ләзім. Сол нығметті халыққа жеткізуші әншілер, әрине. Кеуде көзесі сұлу сазға меймілдеп жүретін сондай бір жанның бірі – Алтын Бекенова.
Спорт • 11 Ақпан, 2019
Дмитрий Алексанин семсерлесуден Әлем Кубогінде үздік алтылыққа енді
Канаданың Ванкувер қаласында шпагамен семсерлесуден ерлер арасындағы әлем Кубогі кезеңі аяқталды. Қазақстан сапынан үздік нәтижені Дмитрий Алексанин тіркеді деп хабарлайды Olympic.kz.
Қысқы спорт • 11 Ақпан, 2019
Шорт-тректен туриндегі әлем кубогі: қыздар командасы эстафетадан үздік алтылыққа енді
Италияның Турин қаласында шорт-тректен әлем кубогінің биылғы маусымдағы соңғы кезеңі аяқталды. Өкінішке қарай, Қазақстан спортшылары жүлдеге іліге алған жоқ деп хабарлайды Olympic.kz.
Арман сөнсе де, үміт үзілмейді
Драма театрлардың Чехов драматургиясына қызығушылығын кемітпей келе жатқан жасампаз пьесаларының қатарында «Дядя Ваня» ерекше аталады. Театрдың қарымын, режиссердің мықтылығын яки осалдығын осы «ағай» анықтайтындай, барлық кезеңнің сахна шеберлері Войницкий тағдырын тарқатуға шетінен үйір келеді.
Үкімет • 11 Ақпан, 2019
Ә.Смайлов 2018 жылы атқарылған жұмыстар мен 2019 жылға арналған жоспарлар туралы баяндады
ҚР Үкіметінің алаңындағы баспасөз-конференцияға ҚР Қаржы министрі Ә. Смайылов 2018 жылы Қаржы министрлігінің атқарған жұмысы және 2019 жылға арналған жоспарлары туралы мәлімдеме жасады.
«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti.
Қаржы • 11 Ақпан, 2019
Дүйсенбіде Астана мен Шымкент айырбас қосынында доллар бағамы Т376,8, Алматыда – Т377
Дүйсенбіде Астана мен Шымкент айырбас қосынында доллар бағамы Т376,8, Алматыда – Т377 болды. Бұл туралы Kurs.kz хабарлады.
Аймақтар • 11 Ақпан, 2019
Бүгін Алматы мен Шымкентте жауын-шашын күтіледі
Алматы мен Шымкентте дүйсенбіде жаңбыр жауады, Астанада жауын-шашын болмайды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
Аймақтар • 11 Ақпан, 2019
Маңғыстауда түрмеден қашқан қылмыскер ұсталды
Ақтауда ұрлық жасағаны үшін сотталған 29 жастағы азамат қауіпсіздігі төмен мекемеден (ГМ-172/8, қоныс колониясы) қашып кеткен. Бұл туралы ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Спорт • 11 Ақпан, 2019
Вадим Куралес «Азия балалары» спорттық ойындарында жеңімпаз атанды
Қазақстандық жас биатлоншы Вадим Куралес Оңтүстік-Сахалинде өтіп жатқан «Азия балалары» І Халықаралық қысқы спорттық ойындарда алтын жүлдегер атанды деп хабарлайды Olympic.kz.
Спорт • 11 Ақпан, 2019
Виолетта Старостина нысана көздеуден халықаралық сында жүлдеге ілікті
Кувейтте стенд ату мен нысана көздеу спортынан ірі халықаралық турнир басталды деп хабарлайды Olympic.kz.
Алматы облысында өткен бір жыл мерзім ішінде аса ауыр қылмыс саны 13 пайызға, ал ауыр қылмыс саны 10 пайызға төмендеген.
Спорт • 11 Ақпан, 2019
Шымкентте күрес түрлерінен Қазақстан спартакиадасы аяқталды
Шымкентте күрес түрлерінен Қазақстанның 5-ші Жазғы Спартакиадасы аяқталды. Соңғы жарыс күнінде еркін күрестен жеңімпаздар мен жүлдегерлер есімі белгілі болды деп хабарлайды Olympic.kz.
Театр • 11 Ақпан, 2019
«Астана Балет» театрының директоры ауысты
Александр Совостьянов «Астана Балет» театрының директоры қызметіне тағайындалды.
Қазақстан • 11 Ақпан, 2019
Асқар Мамин: Тауарларды цифрлық таңбалау ЕАЭО елдерінің экономикаларына мультипликативті әсер береді
2019 жылғы 8 ақпанда ҚР Премьер-Министрінің Бірінші Орынбасары Асқар Мамин «ЕАЭО-да цифрлық таңбалау бизнес, мемлекет және тұтынушыларға арналған айқын орта негізі ретінде» форумына қатысып, сөз сөйледі.
Күрес • 11 Ақпан, 2019
Ислам Бозбаев Париждегі Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды
Дзюдодан Парижде өтіп жатқан Grand Slam турнирінде қазақстандық Ислам Бозбаев күміс жүлдегер атанды. Бұл туралы дзюдо федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.
Каспий конвенциясы – өңірлік тұрақтылық пен орнықты даму кепілі
Еліміз Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау ресімдерін аяқтады. Парламент қабылдаған тиісті заңға Елбасы 8 ақпанда қол қойды.