Соңғы жаңалықтар
Президент • 19 Маусым, 2018
Мемлекет басшысы Қайрат Мәмиді қабылдады
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Қазақстан • 19 Маусым, 2018
Бурабайда «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасының тұсауы кесілді
Бүгін Бурабай курорттық кентінде қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша өткізілетін республикалық лекторий аясында «Қазақтану» ғылыми-ағартушылық жобасының тұсауы кесілді.
Аймақтар • 19 Маусым, 2018
Солтүстік Қазақсанда жаңа мешіт ашылды
«Рухани жаңғыру» бағдаламасы шеңберінде шалғайдағы Андреевка ауылында Алла Тағаланың жердегі үйі пайдалануға беріліп, салтанатты жағдайда ашылды.
Қазақстан • 19 Маусым, 2018
Пойыз апатынан зардап шеккендерге қолдау көрсетіледі
Апат айтып келмейді. Жексенбі, яғни 17 маусым күні Астана қаласынан Алматы қаласына бағыт алған №10 жолаушылар пойызы «Шығанақ-Шу» учаскесінің «Жиделі-Бірлік-1» өткелегінде апатқа ұшыраған болатын.
Аймақтар • 19 Маусым, 2018
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының жас сарбаздары ант қабылдады
Көктемгі шақырылым науқанында «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдеріне шақырылған 100-ге жуық жас сарбазр әскери ант қабылдау рәсіміне қатысты.
Үкімет • 19 Маусым, 2018
Шуда болған пойыз апатының алдын ала нәтижесі белгілі болды
Бүгін Үкімет отырысында «Қазақстан теміржолы» ұлттық компаниясының басшысы Қанат Алпысбаев Астана-Алматы бағытындағы пойыздың апатқа ұшырау себебінің алдын ала нәтижесін жариялады.
Аймақтар • 19 Маусым, 2018
Ғалымдар 300 млн жыл бұрынғы жануар сүйегін тапты
15 маусым күні «Индер-Орал өңірінің келешек геопаркі» атты экспедиция өз мәресіне жетті. Оны Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жәңгір атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті ресейлік әріптестерімен бірге ұйымдастырған. Он күн ішінде олар Тасқала ауданынан 12 шақырым жерде орналасқан Үлкен Ешкітау, Аралсор көлі, Индер таулары мен Индер көлінің маңындағы аумақты аралап шықты.
Қазақстан • 19 Маусым, 2018
Білім гранттарының бөлінісі: талапкерлердің тілдік пропорциясын таразылай ала ма?
Ертең елімізде жоғары оқу орнына құжат тапсырушы талапкерлер үшін жауапты сәт – Ұлттық бірыңғай тестілеу науқаны басталады. Биыл он бесінші мәрте өтетін осы жауапты кезеңнің нәтижелеріне зер салсақ, жыл сайын қайталанатын үрдіс бар.
Аймақтар • 19 Маусым, 2018
Атырауда бұрынғы сотталғандарды әлеуметтендіру бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр
Түрмеден босатылған адамдарға жұмыс табуға, олардың әлеуметтік мәртебесін арттыруға және құқықтық қолдау көрсетуге көмектеседі, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қазақстан • 19 Маусым, 2018
«7-20-25» бағдарламасының шарттары белгілі болды
Ұлттық банк «7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аймақтар • 19 Маусым, 2018
Атырау облысында жаңа басқарма басшылары тағайындалды
Атырау облысының Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы үш жеке мемлекеттік орган - ауыл шаруашылық басқармасы, ветеринария басқармасы және балық шаруашылығы басқармасы болып бөлінді.
Аймақтар • 19 Маусым, 2018
Шымкент зоологиялық саябағында «Африка» аймағы ашылды
Жазғы демалысқа шыққан бала атаулының көңілін аулайтын, уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік жасайтын орындар жетерлік. Солардың бірі де бірегейі зоосаябақ болып тұр. Елімізде 3 зоосаябақ болса, соның бірі Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан.
Қазақстан • 19 Маусым, 2018
Биік шыңдары көк тіреген ақбас таулар көрінеді алыстан. Оның бер жағындағы жота-жондар теңіз толқындары секілді көгілдір мұнарға оранып, толқып жатқандай әсерге бөлейді.
Аймақтар • 19 Маусым, 2018
СҚО-дағы ботаникалық бақ қайта жаңғырады
Елімізде ботаникалық бақ санаулы ғана, оның бірі Петропавлда орналасқан. 106 жылдық тарихы бар жылыжайда әлемнің түкпір-түкпірінен әкелінген екі мыңға жуық тропикалық, субтропикалық өсімдіктер өсіп тұр.
Аймақтар • 19 Маусым, 2018
Катонқарағайда қараусыз қалған алма бағы қайта қалпына келтірілмек
Катонқарағай ауданының Солоновка ауылындағы 30 жылға жуық уақыт қараусыз қалған алма бағы қайта қалпына келтірілмек. Кезінде бұл жерде алма, қарақат пен таңқурай жайқала өсіп, ауыл тұрғындарының көз қуанышына айналған екен.
Жазғы спорт • 19 Маусым, 2018
Жаһан жаңалықтары. Нурмагомедов пен МакГрегор күзде айқасады
UFC бойынша жеңіл салмақтағы әлем чемпионы Хабиб Нурмагомедов пен Конор МакГрегор 6 қазан күні өзара жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы ресейлік спортшының әкесі Абдулманап Нурмагомедов хабарлады.
Футбол • 19 Маусым, 2018
Швецияның әлем чемпионатына шыққанының өзі шытырман оқиғалармен өрілді. Ресейдегі әлем чемпионатында осы жолды жалғастырып, соңына дейін күрессе, скандинавтар қамал алуы мүмкін. Бапкері де, ойыншылары да бір белесті бағындырмай қайтпаспыз деп білек сыбанып отыр.
Күрес • 19 Маусым, 2018
Балп-балп басқан балуандар қайда?
Ордабасы ауданында күш атасы Қажымұқанды еске түсіруге арналған қазақша күрестен жыл сайынғы дәстүрлі турнир өтті. Бүгінде қазақ күресінен ең ірі жарыс осы. Кіл мықтылар осы жарыста тоқайласады. Бұл жолы да екі бірдей «Қазақстан барысы» келген. Бойымен көк тіреген апайтөс Айбек Нұғымаров пен әбжіл Мұхит Тұрсынов. Бірақ өзбекстандық Мухсин Исамудиновті көргенде көңілдегі тоқтықты жиып алдық. Кейбір балуандай қарны сыртқа ақтарылып жатпайтын, қоладан қазір құйғандай ықшам Мухсиннің сырын бір кісідей білеміз. Жыл аралатып келеді. Жай келмейді. Біздің әспенсітіп жүрген балуандарымыздың аяғын аспаннан келтіріп допша домалатып кетеді.
Футбол • 19 Маусым, 2018
«Астана» футбол клубының және Қазақстан құрамасының қақпашысы Ненад Эричті жаттығу залынан кездестірдім. Қарапайым халық баратын жаттығу залынан Қазақстан Премьер-лигасының 4 дүркін чемпионын көремін деп кім ойлаған? Отандық командалардың ойынын көп көрмейтінмін, бірақ «Астана» командасының соңғы жетістіктерін тамашаламау мүмкін емес. Елордалық аяқдопшымен амандасып, жаттығу барысында әңгімелесе кеттік.
Футбол • 19 Маусым, 2018
Әлем чемпионатының фавориттері сүрінді
Әлем чемпионатының төртінші күні ортаңқол құрамалар санатындағылар төрге озды. Ал біріншіліктің басты фавориттері ұпайдан шашау шығарды. Бразилия күтпеген жерден Швейцариямен тең түссе, әлем чемпионы Германия Мексикадан жеңіліп қалды. Жаһандық жарыстың алғашқы қызықтары осылай басталды.
Бокс • 19 Маусым, 2018
Танымал боксшы Жәнібек Әлімханұлының жүріп өткен жолы барша қазақ жанкүйерлерінің көз алдында. Жастар буыны арасынан суырылып шыққан бетте-ақ ересектер дуына еркін қосылып, әуесқойлар арасында орасан зор табысқа қол жеткізген ол енді кәсіпқой рингте күш сынасуға белді бекем буып отыр. Күні кеше ғана қазақ жігітінің даңқты промоутер Боб Арум жетекшілік ететін «Top Rank» компаниясымен келісімшартқа отырғанын естіп кәдімгідей қуанып қалдық.
Аймақтар • 19 Маусым, 2018
Астана-Алматы пойызы. Зардап шеккендер көмексіз қалмайды
Жамбыл жол бөлімшесінің Шу стансасында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Қанат Алпысбаев, Инвестициялар және даму министрлігі Көліктерді бақылау комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев «Астана – Алматы» жолаушылар пойызының жолдан шығып кетуіне қатысты оқиға бойынша журналистермен брифинг өткізді.
Аймақтар • 19 Маусым, 2018
Биыл Ықылас Дүкенұлының туғанына 175 жыл толып отыр
Биыл қазақ халқының ұлы күйшісі, қазақ күй өнеріндегі айрықша құбылыс болған Ықылас Дүкенұлының туғанына 175 жыл толып отыр. Даңқты қобызшының мерейтойы бүгінде еліміздің бірқатар аймақтарымен бірге, Жамбыл өңірінің аудандарында да аталып өтуде. Әйгілі өнер иесінің мол мұрасы кейінгі ұрпаққа насихатталып, шығармаларының кенен көркемдігі турасында да еңбектер жарық көруде.
Қазақстан • 19 Маусым, 2018
Арқа ажары – «Астана» фестивалі
Елорданың 20 жылдығы аясында Арқа төрінде ІІ Дүниежүзілік «Астана» театр фестивалі шымылдығын түрді. Бас шаһардың басты оқиғасына айналған өнер думанының қала тұрғындары мен қонақтарына ұсынар жаңалығы мен рухани қуанышы мол.
Қазақстан • 19 Маусым, 2018
«Домбыра – қазақтың тарихын жазып шыққан аспап»
Орал қаласында тұратын Едіге Нәбиев ағамыздың тағдыры «қызық». Ресейде дүниеге келген. Туған жерінде орыс мектебін, кейін Орал пединститутының денешынықтыру факультетін бітірген. Жеңіл атлетикадан Орал облысының чемпионы. Кезінде Алматыда көп жыл Қазақ КСР-інің Олимпиадалық резерв орталығында жаттықтырушы-әдіскер болып қызмет еткен. Е. Нәбиевпен арадағы әңгіме ...домбыра жайында өрбіді. Оның себебі де бар.
Қазақстан • 19 Маусым, 2018
Педагогика ғылымдарының докторы, Назарбаев Университетінің профессоры, ұстаз, ғалым, Жазушылар одағының мүшесі Гүлтас Сайынқызы туралы сөзімді оның өмірінде болған ерекше оқиғадан бастауды жөн көрдім.
Қазақстан • 19 Маусым, 2018
Қиын сәтте «Туристік Қамқор» көмектеседі
Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстандықтардың шетелдегі қауіпсіз демалысы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.
Қазақстан • 19 Маусым, 2018
Туризмнің ұпайын трэвел-журналистика түгендейді
Қазақ халқының «Асың барда беріп жүріп ел таны, атың барда желіп жүріп жер таны» деген мақалының бүгінде маңызы жоғары. Еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін шет мемлекеттерге саяхат жасауға үлкен мүмкіндік туып отыр. Сол саяхатты жандандыруға жаңа бағыт «трэвел-журналистика» көмектесуде десек артық айтқандық емес. Трэвел-журналистика (ағылшынша travel-journalism) география, тарих, мәдениет, туризм туралы ғылымды қамтыған, адамдарға саяхат жайында мәліметтер ұсынатын бұқаралық ақпарат құралдарының жаңа бағыты.
Аймақтар • 19 Маусым, 2018
Баянауыл тауларының ең биігі – Ақбет шыңы. Теңіз деңгейінен есептегенде биіктігі 1026 метрден асады. Тау батыстан шығысқа қарай 17 шақырымға созылып жатыр, ені 7 шақырымдай. Баянауылдықтар өмірінде бір рет болса да, құпиясы мен қасиеті аз емес Ақбеттің шыңына шығып, аспанға қол созуды армандайды. Туристер мен қонақтар да шыңның ұшар басына өрмелейді.
Қазақстан • 19 Маусым, 2018
Алматы саяхат орталығына айналады
Алматы шаһарына туристер тарапынан қызығушылық жыл сайын артып келеді. Соңғы үш жылда оңтүстік астанаға келген шетелдік туристер саны 14%-ға өссе, биылғы жылдың алғашқы тоқсанында Оңтүстік Корея, Үндістан, Ресей, Қытай, Түркия, АҚШ және Германиядан келген туристер саны жүз отыз мыңнан асқан.