Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 30 Қараша, 2018
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды
Кеше Б.Имашевтың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды. Отырыста 2019 жылы сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру жөніндегі ұсынымдарды бекіту және Шымкент қаласы аудандарының аумақтық сайлау комиссияларын құру мәселелері қаралды.
Қазақстан • 30 Қараша, 2018
Елбасымен суретке түскен кішкентай Нұржан Мурсалимов қазір ержетті. Ол облыс орталығындағы №19 мектептің 11 сыныбында оқиды. Былтыр үлгілі тәртібімен, үздік оқығанымен, белсенді ұйымдастырушылық қабілетімен танылған жасөспірім мектеп президенті атаныпты.
Білім • 30 Қараша, 2018
Стипендияны қанша адам алатыны анықталды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті.
Қазақстан • 30 Қараша, 2018
Еңбек нарығындағы жаңа мүмкіндіктер
Жаһандық өзгерістер жағдайында әлеуметтік саланы және жұмысбастылықты дамыту мәселелері Астанадағы «Еңбек нарығының келешегі: жаңа мүмкіндіктер» атты форумда талқыланды. Шараны «Шетелдік кеңесшілердің қазақстандық кеңесі» қауымдастығымен бірлесе Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұйымдастырды.
Қазақстан • 30 Қараша, 2018
Асқар Жұмағалиев «Цифрлы Қазақстан» бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты
Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген Премьер-Министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев өңірде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Қазақстан • 30 Қараша, 2018
«Цин-Каз» – 20 жылда өрісі кеңейген өндіріс
Бүгінгі таңдағы әлемдік қаржы қиындығына қарамастан, кәсіпкерлік саласы еліміздегі экономика көрсеткішін анықтайтын, серпінді әрі қарқынды дамып келе жатқан басты арналарының бірі болып отыр. Осындай қарқынды дамып келе жатқан табысты компаниялардың қатарында өзінің мәртебелі орнын иеленіп отырған «Цин-Каз» ЖШС-нің жетістігін мақтанышпен айтуға болады.
Аймақтар • 30 Қараша, 2018
Еліміз бойынша үш жоғары технологиялық компрессорлық станса іске қосылды
Сексеуіл стансасына тағы келдік. Қызылорда облысының Ақтөбе облысымен шектесетін ең соңғы иінінде отырған атақты станса соңғы уақытта үлкен оқиғалардың куәсіне айналды. Сонау Бейнеуден тұтанған көгілдір отын Бозойды басып өтіп, тап осы Сексеуілдегі Арал компрессорлық стансасынан Қазақстанның оңтүстік өңірлеріне таралмақ. Нақтырақ айтсақ, Тұңғыш Президент күні қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен «ҚазТрансГаз» АҚ «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырында «Арал» компрессорлық стансасын, сондай-ақ «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырының «С» желісінде №5 және №7 компрессорлық стансаларын іске қосты.
Президент • 30 Қараша, 2018
Сонау тоқсаныншы жылдардың басында егемендік алған Қазақстан демократия жолын таңдап, тұңғыш рет президент сайлауын өткізді. Жалпыхалықтық сайлауда ең көп дауыс жинаған, дәлірек айтсақ сайлаушылардың 98 пайызынан артығы қолдаған Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның Тұңғыш Президенті болып тағайындалды. Сол уақыттан бастап ширек ғасырдан артық Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақ елінің көшін бастап келеді.
Әлем • 30 Қараша, 2018
Еуразия идеясы – түркі ықпалдастығының негізі
Сонау Кеңес Одағы тарқап, Беловеж келісіміне қол қойылған жылғы тарихи жағдайды қазір еске алудың маңызы зор. Ол кезде тәуелсіздік буы әркімге қанат бітіріп, тоталитарлық кезең өткеннен, яғни КСРО бастаған жолдан және осыған ұқсас қандай да болмасын бір бұрынғыдай одаққа қайта оралудан түпкілікті бас тартылды. Тіпті соған ұқсас одақты құруды да билік басындағы демократтар қабылдамады.
Президент • 30 Қараша, 2018
Елбасы Энергетика министрін қабылдады
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Энергетика министрі Қанат Бозымбаевты қабылдады, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Президент • 30 Қараша, 2018
Ерлан Бекхожин: Елдің бәрін тәнті еткен ерек тұлға
Бізге сұхбат беруші Ерлан Бекхожин – есім-сойы елге белгілі жұлдызды журналистердің бірі. Қазақ қауымына қадірлі текті әулеттің түлегі. Ақпарат саласындағы жемісті жұмысы үшін алған атақ-марапаттары жетіп артылады. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Президент сыйлығының лауреаты. «Құрмет» орденінің иегері. Кәсіби бәйгелерде қанжығасына байлаған кәделі жүлделері қаншама.
Қазақстан • 30 Қараша, 2018
Тұңғыш Президент күні – Қазақстан халқының мәртебелі мерекесі. Бұл – тарихи таңдау күні, барша отандастарымыздың Елбасы төңірегіне топтасу күні. «Ері жоқ болса, ел жетім, елі бағаламаса, ер жетім» дейді халық даналығы. Тәубе, бізде Елін өрге сүйрейтін Ер де, азаматын құрмет тұтатын Ел де бар.
Футбол • 29 Қараша, 2018
Еуропа лигасы аясында киевтік «Динамо» клубымен кездескен елордалық «Астана» 0:1 есебімен жеңіліп қалды.
Президент • 29 Қараша, 2018
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы Қазақстанда ғана емес, бүкіл Түркі әлемінің қызығушылығын оятып, жігерлендіре түсті. Түркі мемлекеттері тәуелсіздік алғалы бері елдік құрып, мемлекет қалыптастыру жолында талай тарихи бел-белестерден сүрінбей өтті.
Әлем • 29 Қараша, 2018
Ақтөбеде «Ауыл – ел бесігі» жобасы жүзеге асуда
Ақтөбе аймағында Тұңғыш Президент күні қарсаңында осы мерейлі дата құрметіне «Ауыл – ел бесігі» форумы өткізілді. Әрі осы бағытта қолға алынған өңірлік жобаның жүргізілу барысына жан-жақты талдаулар жасалып, оның кейбір алғашқы нәтижелері мәреге жетті. Осы орайда тұтастай республикамыздағы және өңірдегі бизнес пен мемлекеттік құрылымдардың өкілдері Алға ауданындағы Амангелді ауылында бас қосып меценаттықты ауылдарды қолдау құрал ретінде дамыту мәселелерін талқылады.
Қазақстан • 29 Қараша, 2018
Шымкентте студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды
Шымкентте «Smart Square» студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Бұл туралы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Дария Қожамжарова Жоғары оқу орындары ректорлар кеңесінің кеңейтілген отырысына мәлімдеді.
Күрес • 29 Қараша, 2018
Төрт дзюдошымыз үздік ондықтың қатарында
Жаңартылған әлемдік рейтингте «ТОП-10» дзюдошының қатарына Қазақстанның үш өкілі еніп отыр. Олар – Ғұсман Қырғызбаев, Ерлан Серікжанов және Жансай Смағұлов.
Футбол • 29 Қараша, 2018
УЕФА Чемпиондар лигасының бесінші турында Голландияның ПСВ мен Испанияның «Барселона» клубтары арасындағы кездесудің 61- минутында Лионель Месси гол соққаны мәлім.
Қазақстан • 29 Қараша, 2018
Алматыда «Бақытыма сенемін» атты көрмесі ашылды
Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейі мың бояулы шаһардағы «KS – production» продюсерлік орталығы және «Қайырымды Істер Өлкесі» Қазақстан мүгедектері қайырымдылық қоғамдық қорымен бірлесіп мүмкіндіктері шектеулі балалардың «Бақытыма сенемін» атты көрмесін ашты.
Футбол • 29 Қараша, 2018
Плей-офф кезеңіне шыққан 12 команда анықталды
Футболдан УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шыққан 12 команда анықталды. Қалған төрт жолдаманың иегері 11-13 желтоқсан аралығында өтетін соңғы тур ойындарынан кейін белгілі болады.
Қазақстан • 29 Қараша, 2018
Түркістан облысының этномәдени бірлестіктері ет асу жарысын өткізді
Түркістан облыстық этномәдени бірлестіктер арасында «Қазақ дастарханы» фестивалі өтті. Тұңғыш Президент күніне орай Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеяының ұйымдастыруымен этномәдени бірлестіктер арасында өткен дәстүрлі фестивалдің атауы - «Қазақ дастарханы» деп аталады.
Қазақстан • 29 Қараша, 2018
Астанада медиация институтының даму болашағы талқыланды
Қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық істер комитетінің ұйымдастыруымен «Қазақстандағы медиация институтының жағдайы және даму болашағы» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өтті.
Қазақстан • 29 Қараша, 2018
«Тұңғыш Президент күні» мерекесіне орай қызылордалық полицейлер марапатталды
«1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мемлекеттік мейрамына орай, Қызылорда облысы Полиция департаментінің үлкен мәжіліс залында мерекелік іс-шара өтті.
Қазақстан • 29 Қараша, 2018
Елімізде әскери журналистер дайындалатын болады
Бүгін Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Журналистика және саясаттану факультетінде Тұңғыш Президент күніне орай «Қазақстандағы әскери журналистика: қалыптасуы мен даму тенденциясы» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Қазақстан • 29 Қараша, 2018
Павлодар облысында ауылшаруашылық кооперативтері жабылады
Павлодар облысында ауылшаруашылық кооперативтері жабыладыБұл туралы облыс әкімдігінде ауылшаруашылық мәселелеріне қатысты өткен жиында айтылды.
Қазақстан • 29 Қараша, 2018
VI «Almaty Invest - 2018» халықаралық инвестициялық форумы өтті
Алматыда өткен VI «Almaty Invest - 2018» халықаралық инвестициялық форумы барысында әлемнің жиырмадан астам мемлекетінен келген өкілдер «Ritz Carlton» қонақүйінде оңтүстік шаһардың инвестициялық ахуалына қатысты жүзеге асып жатқан әрі таяу келешекте қолға алынатын жобалар барысы туралы баяндады.
Үкімет • 29 Қараша, 2018
Қорқыт ата мұрасы мен қазақ атбегілерінің көктемгі жоралғылары Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізілді, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Парламент • 29 Қараша, 2018
Сенаторлар жер қойнауын пайдалану мәселелерін талқылады
Ақтөбе облысында өткен Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аймақтарды дамыту комитетінің көшпелі отырысының қорытындысы бойынша Сенатта бірқатар министрліктердің басшылығымен кездесу өтті, деп хабарлайды Парламент Сенатының баспасөз қызметі
Әдебиет • 29 Қараша, 2018
Астанада Ерғазы Рахимовты еске алды
Бүгін Ұлттық академиялық кітапханада белгілі қаламгер, Қазақстан Жазушылар Одағының және Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, ақын, жазушы, публицист Ерғазы Рахимовтың 80 жылдығына арналған әдеби-танымдық кеш өтті.