Соңғы жаңалықтар
Бокс • 15 Қазан, 2018
Боксшы Сабыржан Бекбергенов Минскіде топ жарды
Беларусь елінің астанасы – Минскіде әйгілі партизан, Кеңес Одағының батыры Виктор Ливенцевті еске түсіруге арналған боксшылардың халықаралық турнирі аяқталды.
Қазақстан • 15 Қазан, 2018
«Жебе тартқан сөз бен жыр қосынынан...»
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимовтің 70 жылдығына арналған «Көркемдік дүниетаным және сөз мәдениеті» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Медицина • 15 Қазан, 2018
Мегаполис медицинасын алға жетелейтін орталық
Алматы қаласында онкологиялық науқастарға арналған алғашқы позитронды-эмиссионды томография/компьютерлік томография орталығы ашылды. Бұған дейін ПЭТ-диагностикасы тек Астанада ғана болған еді.
Медицина • 15 Қазан, 2018
«Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» АҚ-та ТМД елдерінде алғашқы рет жаңа стандарттарды белгілейтін Azurion сараптамалық класының ангиографиялық жүйесіндегі бірегей операциялық бөлме жұмысын бастады.
Аймақтар • 15 Қазан, 2018
Жамбылда жүрек ауруына шалдыққандар көп
Адам үшін басты байлық – денсаулық. Сондықтан да саламатты өмір салтын қалыптастыру, пайдалы нәрселермен ғана шұғылдану кез келген адам үшін аса маңызды. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген халық даналығы денсаулықты сақтауда басты қағида болуы тиіс. Дей тұрғанмен, көпшіліктің басы ауырып, балтыры сыздамай тұрмайтыны анық.
Аймақтар • 15 Қазан, 2018
Заңсыз мұнай тасымалының зардабы көп
Өткен жылы Атырауда 42,3 млн тонна мұнай, 20,9 млрд текше метр ілеспе газ өндірілді. Өкініштісі оңай олжа тапқысы келетіндер осы саланы көп төңіректейді. Мұнай өнімдерінің заңсыз айналымы бойынша келтірілген залал құны биыл 52 млн теңгеге жеткен және бұл тек анықталған қылмыстарға ғана қатысты болып отыр.
Әлем • 15 Қазан, 2018
Иракта ауыз судан уланғандар саны 110 мыңнан асты
Ирактың Басра провинциясында сапасыз ауызсудан уланғандар саны 111 мыңға жетті. Бұл туралы БҰҰ адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары кеңсесінің басшысы мәлімдеді, деп хабарлайды Al Baghdadia.
Қазақстан • 15 Қазан, 2018
Жаңа жүйе тың мүмкіндіктерге жол ашады
Ұлт жоспарындағы тиісті қадамдарды жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік қызметшілерге факторлы-балдық шкалаға (ФБШ) негізделген еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі бірқатар мемлекеттік мекемелер мен облыс, қала әкімдіктерінде пилоттық тәртіпте енгізілгені белгілі.
Аймақтар • 15 Қазан, 2018
Шұғыл көмек берудің тиімді үлгісі
Авариялар мен апаттар кезіндегі шұғыл шақыру жүйесі бүгінде өте қажет болып отыр. Елімізде мұндай жүйені құру жол-көлік оқиғасы немесе басқа да төтенше жағдайлар кезінде адам өмірінің қауіпсіздігін сақтауға сеп болмақ. Себебі кейінгі кезде жол-көлік оқиғалары кезіндегі өлім-жітімнің көбейіп кетуі баршамызды алаңдатады.
Бағдарламалар • 15 Қазан, 2018
Аймақтар • 15 Қазан, 2018
«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде курсанттардың әскери тағылымдамасы басталды
Құрлық әскерлері Әскери институтының 50-ге жуық 3-курс курсанттары «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінде әскери тағылымдамадан өтуді бастады.
Парламент • 15 Қазан, 2018
Теннис • 15 Қазан, 2018
Бүгін «Кремль кубогы» үшін тартыс басталады
Бүгін Мәскеуде әлемнің бірқатар белді теннисшілерінің басын қосқан «Кремль Кубогы» үшін жарыс басталады. Бұл турнирдің жүлде қоры 932 866 АҚШ долларын құрап отыр.
Әдебиет • 15 Қазан, 2018
Иосиф Бродский мен Октавио Пастың әңгімесі
Ең алдымен маған Октавио Пастан сұхбат алуымды сұрады. Мен оның Иосиф Бродскийді қалай ұнататынын, оған қаншалықты риза екендігін білетіндіктен, оны да кездесуге, әңгімелесуге, қалыптан тыс болса да, шақырдым. Пас та, Бродский де бұл ойымды, нәтижесі тым «қатерлі» болмасын деген шартпен құптады. Әңгіменің үзіндісі, міне. ДЖОНАТАН ААРОН
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауынан туындайтын міндеттерді халыққа жан-жақты түсіндіру мақсатында Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің Ақмола облысындағы жұмыс сапары барысында алдымен Ақкөл ауданы активімен кездесу өткізілді. Кездесуге облыс әкімі Мәлік Мырзалин қатысты.
Бағдарламалар • 15 Қазан, 2018
Бағдарламалар • 15 Қазан, 2018
Қазақстан • 15 Қазан, 2018
Ереванда ТМД ғалымдарының ІІ форумы өтеді
15-16 қазан күндері Ереван қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ғалымдарының ІІ форумы өтеді, деп хабарлайды ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметі.
Әлем • 15 Қазан, 2018
Джамаль Хашогги өлімі Америка назарында
Араб журналисі Джамаль Хашоггидің жоғалуына байланысты батыстық кәсіпкерлер жыл сайынғы Future Investment Initiative экономикалық форумына қатысудан бас тартуда. Сауд Арабиясының мемлекеттік инвестициялық қоры ұйымдастырып жатқан шарамен бірқатар Америка БАҚ-тары да серіктестікті үзген, деп хабарлайды Euronews.
Қазақстан • 15 Қазан, 2018
ҚазТрансГаз Қытайға газ экспортын ұлғайтуда
12 қазан күні Пекин қаласында «ҚазТрансГаз» АҚ мен «PetroChina International Company Limited» компаниясы арасында 2019 жылдан бастап жылына 10 млрд. текше метрге дейін қазақстандық газ экспортын арттыру туралы ұзақ мерзімді 5 жылдық келісімшартқа қол қойылды.
Таным • 15 Қазан, 2018
Ақсақал деген атқа кімдер лайық?
Қазақ халқының ұғымында «шал», «қария», «ақсақал» деген атаулар атам заманнан бері бар. Алайда осы ұғымдардың ара-жігі ажыратылып, нақты мәні айқындалмаған сияқты. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «Шал жасы алпыс-жетпістен асқан ер азамат» делінген. Ал «қарт» ұғымына кімдер жатады? Әлгі аталған сөздікке көз жүгіртсек «Қарт – көрген-білгені мол, көп жасаған кісі» дегенді оқисыз. Олай болса ұзақ ғұмыр кешсе де көрген-білгені шектеулі кісілерді не деуіміз керек сонда? Қазақ ел тағдырын шешуге атсалысқан қарттарды, әулеттің үлкендерін ақсақал деген ғой. Ал бүгінде кімдерді ақсақал деп жүрміз? Үлкен кісілердің бәрін ақсақал деуіміз қаншалықты дұрыс? Қазақ әдеби тілінің сөздігінде «Ақсақал – жасы үлкен, құрметті ер адам, қария» деп түсінік берілген. «Ақсақал – тәжірибесі мол, өз ісінің шебері» делінген.
Аймақтар • 15 Қазан, 2018
Хоккей • 15 Қазан, 2018
Құрлықтық хоккей лигасында (ҚХЛ) күш сынасып жүрген Астананың «Барысы» кезекті турда Омбының «Авангардынан» 3:5 есебімен ұтылды.
Үкімет • 15 Қазан, 2018
Әдеп кодексі талаптары сақталып жүр ме?
2015 жылдың 29 желтоқсанында Елбасының «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қыметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы жарияланып, 2016 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізілгені мәлім. Соған сәйкес мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі мен Әдеп жөніндегі уәкіл туралы ереже бекітілген болатын. Міне, сол уақыттан бері үш жылға таяу уақыт өтіпті. Осындайда әдеп кодексі талаптары, яғни мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары сақталып жүр ме деген орынды сауал туындайды.
Сәкен Сейфуллиннің туғанына 124 жыл
Иісі қазаққа әнімен де, сәнімен де әйгілі болған алаштың аяулы ақыны, ардақты азаматы Сәкен Сейфуллиннің бүгін туған күні. Соған орай, Еуразия ұлттық университетінің «Алаш жастары» бірлестігі сырбаз ақынның мұражайына барып, тағзым етті.
Медицина • 15 Қазан, 2018
Астанада обырды ерте анықтау мен емдеудің жолдары талқыланды
Елордада «Қатерлі ісіктерді диагностикалау мен емдеудегі дараландырған тәсілдеме» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Астана Онкология орталығының ұйымдастыруымен екі күнге жалғасқан ақ халаттылар басқосуында обырдың алдын алу мен емдеу, ерте диагностикалау мен скрининг, емдеудің тың әдістерін енгізу, қатерлі ісікке шалдыққан пациенттердің өмір сапасын арттыру сияқты өзекті мәселелер қаралды.
Бағдарламалар • 15 Қазан, 2018
Бағдарламалар • 15 Қазан, 2018
Аймақтар • 15 Қазан, 2018
Солтүстік Қазақстанда республикалық мониторингтік топ мүшелері болды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы республикалық арнайы мониторингтік топ мүшелері өңірде болып, аудандарды аралады. Еңбек ұжымдарымен кездесіп, Жолдау талаптарын түсіндірді. Жемқорлық құқық бұзушылықты болдырмау, алдын алу шараларын сапалық жағынан күшейтуге назар аударды.