Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 13 Қараша, 2018
Қызылордада қауіпті аймақтар анықталып, даярлық мәселелері күшейтілді
Қызылордада Сырдария бойындағы су тасқынынан қауіпті аймақтар анықталып, даярлық мәселелері күшейтілді.
Технология • 13 Қараша, 2018
Ақтөбеде жоғары жылдамдықтағы интернет желісі ұлғаяды
Елімізде «Цифрлы Қазақстан» жол картасын жүзеге асыру ісі қолға алынған кезде өңірдің шалғай ауылдары мен елді мекендерінің жоғары жылдамдықтағы интернет желісімен қамтылу көрсеткіші көңіл көншіте бермейтін. Нақты айтқанда бұл кезде оның деңгейі 45 пайыздан аса қойған жоқ. Аз уақыттың ішінде бұл деректің көлемі он пайызға ұлғайды.
Президент • 13 Қараша, 2018
Елбасы Астана клубының төртінші отырысына қатысты
Мемлекет басшысы жиында сөйлеген сөзінде жаһандық сын-қатерлерді еңсеруге мүмкіндік беретін шешімдер қалыптастыру және іздестіру үдерісінде Астана клубының мәні мен өзектілігінің зор екенін айтты. Қазақстан Президенті халықаралық қатынастардағы жаңа ахуалдың басты сипаттары мен түйткілді тұстарына тоқталды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 13 Қараша, 2018
Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан Республикасының бұрынғы президенті Хамид Карзаймен кездесті
Мемлекет басшысы Астана клубының отырысы аяқталғаннан кейін Ауғанстан Республикасының бұрынғы президенті Хамид Карзаймен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан • 13 Қараша, 2018
«Айша бибі» мен «Ақыртас» әлемдегі ерекше туристік нысандардың тізіміне енді
Түркия мемлекетінің Анталия қаласында туристік тартымдылық және туризмді жоғары деңгейде тұрақты дамыту мәселелері бойынша халықаралық комитеттің кезекті сессиясы өткен болатын. Мұнда әлемдегі ерекше тартымды туристік нысандардың қатарын толықтыру мәселесі қаралды.
Білім • 13 Қараша, 2018
Павлодарда Португалиялық профессор студенттерге дәріс беріп жүр
С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университетке Португалиядағы Авейро университетінің Азаматтық құрылыс саласындағы PhD докторы Барбара Марино еліміздің Білім және ғылым министрлігінің «Шетелдік мамандарды оқытушылық қызметке тарту» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша шақырылған.
Қазақстан • 13 Қараша, 2018
Т.Сүлейменов ел өңірлеріндегі жылу бағасының әртүрлілігін түсіндірді
Бүгін Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов жылу тарифі қалай қалыптасатыны туралы айтып берді, деп хабарлайды primeminister.kz.
Спорт • 13 Қараша, 2018
Тайваньда таеквондодан Президент кубогі додасы аяқталды
10-13 қараша аралығында өткен жарысқа Қазақстан құрамасының спортшылары да қатысқан болатын, деп хабарлайды Olympic.kz.
Қазақстан • 13 Қараша, 2018
Елордалықтар 14 қарашада жалпыхалықтық диктант жазуға қатысады
«Қазақ тілі емлесінің негізгі ережелері жобасының» практикалық тұрғыда меңгерілуін бақылау мақсатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан жалпыхалықтық диктант өткізу туралы ұсыныс түскен болатын, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Үкімет • 13 Қараша, 2018
Үкіметте 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды
Бүгін Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2018 жылғы 10 айдағы әлеуметтік-экономикалық даму және республикалық бюджеттің орындалу қорытындылары қаралды, деп хабарлайды primeminister.kz.
Үкімет • 13 Қараша, 2018
Б.Сағынтаев өңірлердегі халықтың нақты табысының көрсеткіштеріне ерекше көңіл бөлуді тапсырды
Еліміздің 2018 жылдың 10 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын қарастыру барысында Бақытжан Сағынтаев министрліктер мен облыстардың әкімдерінің назарын халықтың нақты табысының өсіміне талдау жасау қажеттігіне аударды, деп хабарлайды Премьер-министрдің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 13 Қараша, 2018
Тұрмыстық қатты қалдықтар адамдардың қажетіне жарай бастады
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен интернет-конференцияда облыстық экология департаментінің басшысы Марат Құрманбаев пен облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Жұлдызай Айтжанова айтты.
Қазақстан • 13 Қараша, 2018
Шымкентте 5 000 000 теңгеге бағаланған көгершін көрмеге қойылды
Қазақ халқы аққуды – махаббаттың, қарлығашты – мейірімнің, бүркітті – ержүректіктің, көгершінді - бейбітшіліктің нышаны ретінде қараған. Жуырда Шымкентте осындай құстардың бірі әрі бірегейі, біздің балалық шағымыздағы танымал әннің қаһарманы – көгершіндердің көрмесі өтті.
Қазақстан • 13 Қараша, 2018
Қызылорда облысында газ құбыры құрылысы басталады
Сарыарқа магистральді газ құбыры пайдалануға берілсе екі миллиондай отбасы көгілдір отынның қызығын көреді.
Президент • 13 Қараша, 2018
Елбасы Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасы Жозе Мануэль Баррозумен кездесті
Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Жозе Мануэль Баррозуға Астана клубының отырысына келгені үшін ризашылық білдірді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Спорт • 13 Қараша, 2018
Венгрияда синхронды жүзуден жасөспірімдер құрамасы бірінші орынды иеленді
Қарашаның 7-і мен 12-і аралығында Венгрия астанасы Будапештте синхронды жүзуден халықаралық турнир өтті деп хабарлайды Olympic.kz.
Үкімет • 13 Қараша, 2018
Тарифтерді көтерген монополистер заң алдында жауап береді
Бүгін Үкімет отырысында Мемлекет басшысының жақында өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында тарифтер мәселесі бойынша берген тапсырмаларын орындау мақсатында қабылданып жатқан шаралар қаралды. Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев жұмысты жалғастыру үшін бірқатар нақты тапсырмалар берді, деп хабарлайды primeminister.kz.
Әдебиет • 13 Қараша, 2018
Алматыда мектеп оқушылары арасында шешендік өнер байқауы өтті
Еліміздің әр аймағынан келген мектеп оқушылары Алматыда өткен шешендік өнер байқауында бақ сынады. Би шешендердің аңызға айналған даналық сөздерін жатқа оқыған олар үш кезең бойынша сынға түсті.
Бизнес • 13 Қараша, 2018
Монополистерді және қоғамдық маңызы бар нарықтарды тексеру жүйесі қайта қаралады - ҰЭМ
Бүгін Үкімет отырысында бірінші кезекте Мемлекет басшысының Қауіпсіздік кеңесінің жақында өткен отырысында берген тапсырмаларын орындау барысы қаралды. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов тарифтерді төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар және жалпы тариф қалыптастыру жүйесінің айқындығын қамтамасыз ету жөнінде баяндады.
Маңғыстау мұражайы мектеп оқушылары үшін жылжымалы көрме ұйымдастыруда
Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі қызметкерлері Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында мектеп оқушылары арасына жылжымалы көрме ұйымдастыруды бастады.
Қазақстан • 13 Қараша, 2018
Тауарлық газдың бағалары 6-15%-ға төмендейді — Қ. Бозымбаев
Үкімет отырысының жұмысы Мемлекет басшысының Қауіпсіздік кеңесінің жақында өткен отырысында берген тапсырмаларын орындау барысына қатысты мәселені қарастырудан басталды. ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап электр энергиясын өндіру секторы үшін жаңа тарифтік әдіснама қолданылатынын жеткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.
Спорт • 13 Қараша, 2018
Шахматшы Жансая Әбдімәлік бірінші партияда әлем чемпионын жеңді
Ресейдің Ханты-Мансийск қаласындағы шахматтан Әлем чемпионатына жерлесіміз Жансая Әбдімәлік қатысып жатыр, деп хабарлайды Sports.kz.
Аймақтар • 13 Қараша, 2018
Маңғыстауда автоматтандырылған жылу пунктін орнатады
Өңірдегі энергия тиімділігі мен энергия үнемдеуді арттыру шаралары туралы мәселені энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандос Салимов мәлімдеді.
Қазақстан • 13 Қараша, 2018
Түркі кеңесi диаспора істеріне жауапты министрлер мен мекемелер басшыларының үшінші кездесуі өтті
Анкарада Түркі кеңесi диаспора істеріне жауапты министрлер мен мекемелер басшыларының үшінші кездесуі өтті.
Аймақтар • 13 Қараша, 2018
Маңғыстауда 251 жер қойнауын пайдаланушы мекеме тіркелген
Бұл туралы аймақта өткен аппарат кеңесінде айтылды. Маңғыстау облыстық Қаржы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерұлан Мырзатаев республикалық және жергілікті бюджеттің 2018 жылғы 10 айда орындалуы туралы баяндады.
Аймақтар • 13 Қараша, 2018
Оралда қазіргі заман қаһармандарына құрмет көрсетілді
Батыс Қазақстан облысында «Қазіргі заман қаһарманы» атты шара өтуде. Ол қызмет бабында жүріп ерлік көрсеткен полиция қызметкерлеріне арналған республикалық акция аясында ұйымдастырылды.
Қазақстан • 13 Қараша, 2018
Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ашық пікірталастарында көп жақтылықты нығайтуға шақырды
Қазақстанның делегациясы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде көп жақтылықты нығайтуға мүдделі екендігін мәлімдеп, бүкіл әлем мемлекеттерін халықаралық құқықты, БҰҰ Жарғысының қағидалары мен мақсаттарын құрметтеуге негізделген жаһандық тәртіпті және қауіпсіз әлемді құру үшін бірігуге шақырды, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 13 Қараша, 2018
Маңғыстау облысында «Мемлекеттік қызмет мектебі» ашылды
Маңғыстау облысында «Мемлекеттік қызмет мектебі» ашылып, ішкі істер органдары, сот және прокуратура өкілдері студенттерге дәріс оқуды бастап кетті. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 13 Қараша, 2018
Байырғы аңыздардың айтылуына қарағанда, өздері жұтқан аңдарға өкінгендей болып, қолтырауындар ащы көз жастарын төгеді екен.
ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі Батыс Сахарада күрделі тапсырмаларды орындады
ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі, подполковник Ерлан Жортанов әскери бақылаушы ретінде қауіпсіздік және бейбітшілік бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелер аясында өзінің борышын орындай отырып, Батыс Сахарада Референдум өткізу бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік миссиясынан оралды.