Соңғы жаңалықтар
Спорт • 15 Қараша, 2018
Түрікменстанның бас шаһары Ашғабадта аяқталған әлем чемпионатын Қазақстанның ауыр атлеттері қос жүлдемен қорытындылады. 55 кило салмақта өнер көрсеткен Арли Чонтей күміс медальды иеленсе, 71 кило салмақтағы Надежда Лихачева қола жүлдеге қол созды. Жалпы командалық есепте жерлестеріміз 13-орынға тұрақтады.
Саясат • 15 Қараша, 2018
Партия қызметі уақыт талабына сай болуы тиіс
Кеше «Нұр Отан» партиясы бастауыш ұйымдарының республикалық форумы өз жұмысын бастады. Алғаш рет өткізіліп отырған шараға еліміздің әр өңірінен келген 600-ден астам делегат қатысуда. Олардың қатарында бастауыш партия ұйымдары мен аймақтық және аумақтық партия филиалдарының басшылары және партия белсенділері, сондай-ақ отандық және шетелдік белгілі сарапшылар, Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары бар.
Қаржы • 15 Қараша, 2018
Банк секторы 2020 жылға дайын ба?
2015 жылы Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі болғаннан кейін бес жыл ішінде шетелдік банктерге ішкі нарықта тікелей бөлімшелерін ашуға рұқсат ету міндеттемесін алған еді. Яғни, 2020 жылдан бастап шетелдік кез келген банк Қазақстанда өз бөлімшесін ашып, жұмыс істей бермек. Бұл біздің банктердің бизнесіне, депозит пен несие пайызына қалай әсер етуі мүмкін деген сауал көпшілікті қазірден алаңдатуда. Дегенмен, Ұлттық банк пен екінші деңгейлі банктер бұған дайындықты біраз уақыт бұрын бастап кеткен.
Спорт • 15 Қараша, 2018
Мықтылармен бәсекелесе алмадық
Жақында Дохада спорттық гимнастикадан әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. 10 күнге созылған бәсеке барысында 80-нен аса мемлекеттен келген 550 үміткер 14 жүлде жиынтығын сарапқа салды. Жарыс қорытындысы бойынша 17 елдің спортшыларына медаль бұйырды. Ең өкініштісі, жеңіс тұғырына көтерілгендер қатарында Қазақстанның бірде-бір өкілі жоқ.
Саясат • 15 Қараша, 2018
Әлеуметтік-еңбек саясатының маңызы зор
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапары барысында өңіраралық «Компанияның әлеуметтік-еңбек саясаты: тәжірибелері мен перспективалары» тақырыбындағы семинар-кеңеске қатысты.
Президент • 15 Қараша, 2018
Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын беру туралы өкім
Әдебиет • 15 Қараша, 2018
Әдебиет • 15 Қараша, 2018
Бізге белгілі әрі белгісіз Горький
Шығармашылық шеберлік, жазушының өзіндік лабораториясы, әдебиет төңірегіндегі парасат-пайымдары – қаламгердің ең үлкен қазынасы. Біз де жазушы Дулат Исабековтің қоржынындағы әдебиет туралы жазған дүниелеріне қолқа салып отырған жайымыз бар. Жазушының сериялы мақалаларының алғашқы бөлімін оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Ақтөбе • 15 Қараша, 2018
Елбасы кітапханасының көшпелі қоры көрмесі – Ақтөбеде
Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының міндетін атқарушы Махмұд Қасымбековтің Ақтөбеге сапары облыстық тарихи-өлкетану мұражайының пайдалануға берілуімен тұспа-тұс келді. Сондай-ақ жаңа музейде «Н.Назарбаев: Дәуір, Тұлға, Қоғам» атты көшпелі қор көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Президент • 15 Қараша, 2018
Қазақстан Республикасы Президентінің Жастар жылын жариялау туралы Жарлығы
Astana – jastar qalasy. Qala kóshelerinde kele jatyp aınalańa qarasań kóbinese jastardy kóresiń. Demek, Astana – bolashaqtyń qalasy. Osy Astana arqyly qazaqtardyń qala halqyna aınalyp kele jatqandyǵyn jáne aınala alatyndyǵyn anyq baıqaýǵa bolady.
Қазақстан • 15 Қараша, 2018
Замандарда ойлау жүйесі бұзылған. Содан адамзат санасына қателіктер сіңісіп, қоғамды саяси, әлеуметтік, экономикалық, рухани дағдарыстарға жеткізуге бастамашы болған. Хакім Абайдың «Қайғы шығар ілімнен» дегені осы. Ілімшілер саф ойды бұзушылар. Жалған қағида жасаушылар, адамзатты адастырушылар. Соның нәтижесінде қазіргі әлемдік жағдай орын алған. Тағы да алапат қасірет – соғыс өрті тұтану қаупі барын жүрегінің сезімі, көңілінің көзі бар жандар аңғаруда.
Қазақстан • 15 Қараша, 2018
Кеше Парламент Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің жетекшілігімен палатаның кезекті жалпы отырысы болып, онда негізінен үш мәселе қаралды.
Президент • 15 Қараша, 2018
Елбасы халықаралық биржаның алғашқы сауда-саттық рәсімін бастап берді
Кеше еліміздің бас қаласында тәуелсіздік жылнамасының тағы бір маңызды тарауы ашылды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасындағы алғашқы сауда-саттықты бастау рәсімі өтті.
Үкімет • 15 Қараша, 2018
Жемқорлықпен күрес жайы талқыланды
Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды.
Қазақстан • 14 Қараша, 2018
Ардақ Әшімбекұлы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды
Елбасының Жарлығымен Ардақ Әшімбекұлы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Үкімет • 14 Қараша, 2018
Б.Сағынтаев Жамбыл облысының білім беру саласының мамандарымен кездесті
Жұмыс сапары аясында Бақытжан Сағынтаев Жамбыл облысының білім беру саласының қызметкерлерімен Елбасы Жолдауларында және жуырда өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында алға қойған тапсырмаларын орындау аясында жоғары, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде білім сапасын арттыру, гранттарды тиімді пайдалану, сондай-ақ ЖОО мен колледждерде білім алу құнын төмендету және баға қалыптастыру айқындығын арттыру бойынша кездесу өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.
Қазақстан • 14 Қараша, 2018
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті
Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Президент • 14 Қараша, 2018
Елбасы «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институтында болды
Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан • 14 Қараша, 2018
Үкімет басшысы Жамбыл облысында болды
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Жамбыл облысына келді. Үкімет басшысы өңірдегі жұмыс сапарын Тараз қаласындағы «Көкжиек-2030» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жұмысымен танысудан бастады.
Қазақстан • 14 Қараша, 2018
Атыраулықтар жалпыұлттық диктант жазуға қатысты
80-90 сөзден тұратын диктант мәтіні аудиожазбалар арқылы таратылды, ұзақтығы 30 минутқа созылды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қазақстанның бірқатар өңірлерінде Азаматтарға арналған қоғамдық қабылдаулар өтті
Қазақстанның бірқатар өңірлерінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетініңаумақтық бөлімшелері Азаматтарға арналған қоғамдық қабылдаулар өткізді.
Қазақстан • 14 Қараша, 2018
Қ.Тоқаев: Бюджетті қарау кезінде тек мемлекеттік мүдде үстем болуы тиіс
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен болған Парламент Сенатының Бюро отырысында Палатаның кезекті отырысының күн тәртібі бекітілді. 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру туралы, сондай-ақ авиация қауіпсіздігі саласындағы халықаралық екі келісімді ратификациялау мәселелері жөніндегі заң жобаларын депутаттардың қарауына енгізу ұсынылды.
Қазақстан • 14 Қараша, 2018
Африканың Батыс Сахарасында күрделі тапсырмаларды орындады
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшісі, подполковник Ерлан Жортанов әскери бақылаушы ретінде қауіпсіздік және бейбітшілік бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелер аясында өзінің борышын орындай отырып, Батыс Сахарада Референдум өткізу бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгершілік миссиясынан оралды.
Қазақстан • 14 Қараша, 2018
Батыс Қазақстан облысында тағы бірнеше кәсіпорын жалақы өсірді
Батыс Қазақстан облысында тағы бірнеше кәсіпорын төмен жалақы алатын қызметкерлерінің жалақысын өсіретіні туралы хабарлады. Осы арқылы компания басшылары Елбасының Жолдауында айтылған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» бастамасына қолдау көрсетуде.
Қазақстан • 14 Қараша, 2018
Халықаралық балалар шығармашылығы Фестивалінің жеңімпаздары марапатталды
Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында «Mitsubishi Asian Children’s Enikki Festa 2017-2018» Халықаралық балалар шығармашылығы фестивалі жеңімпаздарын марапаттау және үздік жұмыстардың көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
Қазақстан • 14 Қараша, 2018
Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауылында 40 пәтер пайдалануға берілді
Батыс Қазақстан облысының ең шалғай жатқан аудандарының бірі – Жәнібек ауылында бір күнде қоспәтерлік 20 үй пайдалануға берілді. Мемлекеттік бағдарлама бойынша жаңа пәтер алғандардың қатарында көп балалы отбасылар, жалғызбасты аналар, ата-анасынан айрылғандар, бюджет саласы қызметкерлері, тағы басқа әлеуметтік осал топ өкілдері бар.
Әдебиет • 14 Қараша, 2018
Елбасы кітапханасы ақтөбелік жоғары оқу орнына 350-ден аса кітап тарту етті
Ақтөбеде Президент кеңсесінің бастығы - «ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы» ММ директоры міндетін атқарушы Махмұд Қасымбеков Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқытушы-профессорлық құрамы және білім алушы жастарымен кездесті.
Қазақстан • 14 Қараша, 2018
Алматыда мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі талқыланды
Алматы қаласында Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Техникалық және кәсіптік білім берудің тиімділігін арттырудағы ақпараттық технологиялардың маңыздылығы» тақырыбында «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры Раиса Садвакасованың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.
Қазақстан • 14 Қараша, 2018
Алматы жұртшылығы жалпыхалықтық диктант жазуға қатысты
«Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңімен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарына» сәйкес республика бойынша өткен жалпыхалықтық диктантқа Алматы қаласының жұртшылығы да белсенді атсалысты.