Соңғы жаңалықтар
Ауыр атлетика • 09 Қараша, 2018
Зілтемірші Раушан Мешітханова В тобында бірінші орын алды
Ашхабадта өтіп жатқан әлем чемпионатында «В» тобында 81 кило салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық зілтемірші Раушан Мешітханова бірінші орынды иеленді.
Тарих • 09 Қараша, 2018
Томохико Уяма: Әр келгенде Қазақстанды жаңа қырынан танимын
Таяуда Астанада, Халықаралық Түркі академиясында Жапонияның Хоккайдо университетінің славян-еуразиялық зерттеу орталығының профессоры Томохико Уяма дәріс оқыған болатын. Т.Уяма – Орталық Азияны, оның ішінде Алаш автономиясын зерттеп жүрген ғалым. Жиыннан кейін профессормен тілдесудің сәті түскен еді.
Үкімет • 09 Қараша, 2018
Өмірзақ Шөкеев сауда және инновация форумына қатысты
Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеевтің Қытай Халық Республикасына жасаған сапары барысында Қытайдың Бас кеден басқармасының төрағасымен келесі 2 жылда, 2019-2020 жылдарға Қытайға экспорттайтын 20 жаңа ауылшаруашылығы өнімдерінің түрлері туралы Жол картасына қол қойылды.
Қазақстан • 09 Қараша, 2018
Жаңа технология – жайқалған егін
Қарағанды облысында биылғы жылдың жер емген ағайын үшін аса қолайлы болмағаны белгілі. Көктем кеш келді. Жаз шыға күн ысып, дән өзіне қажетті жылуды бойына сіңіріп алады деп жүргенде, шілде айы әдеттегіден тым салқын болды. Соның кесірінен астық уызына жарымай, толығымен пісіп-жетілмеді.
Саясат • 09 Қараша, 2018
Өңіраралық форумның күн тәртібі – туризмді дамыту
Қазақстан мен Ресей арасындағы ХV форум кеше Петропавл қаласында басталды. Екі күнге созылатын алқалы басқосуға бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин қатысады деп күтілуде.
Қазақстан • 09 Қараша, 2018
Футбол • 09 Қараша, 2018
«Астана» «Яблонецтен» басым түсті
Кеше кешке Еуропа лигасының аясында өз алаңында чехиялық «Яблонецті» қабылдаған елордалық «Астана» 2-1 есебімен басым түсті.
Қазақстан • 09 Қараша, 2018
Теміртауда қабырғасы әйнек полиция бекеті ашылды
Теміртау қаласында елімізде тұңғыш рет шыныдан салынған учаскелік полиция бекеті пайда болды. Грузия тәжірибесі негізінде салынған ғимараттың қабырғалары оқ тесе алмайтын әйнектен бой көтерген.
Қоғам • 09 Қараша, 2018
Жемқорлықтың алдын алу маңызды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Азия және Тынық мұхит аймағының елдері үшін коррупцияға қарсы бастамалардың қоғамдық парасаттылық желісінің мемлекеттік сатып алулар саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне арналған кезекті отырысына қатысты.
Медицина • 09 Қараша, 2018
Ауыл әйелдерінің рөлі айрықша аталды
Кеше Астанадағы Ұлттық музейде «Әйелдердің ауылдық аймақтарды орнықты дамытуға қосқан үлесі» атты ауыл әйелдерінің І форумы болып, оған Мемлекеттік хатшы, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова қатысты.
Қазақстан • 09 Қараша, 2018
Қоғамның күткені – полиция жұмысын түбегейлі жақсарту
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев осы аптада өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында құзыретті мемлекеттік органдар жұмысының барынша ашық болуын, тұрақты түрде есеп беріп отыруын және тиімді қызмет етуін талап етті.
Қазақстан • 09 Қараша, 2018
Саясат • 09 Қараша, 2018
«РосАтом» бас директорымен кездесті
Үкімет үйінде Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев Ресейдің «РосАтом» атом энергиясы жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Алексей Лихачевпен кездесу өткізді, деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 09 Қараша, 2018
Қазақстан • 09 Қараша, 2018
Қазақстан мен Татарстан ежелден туыс, бауырлас елдер. Бұрыннан қоян-қолтық араласатын екі елдің ынтымағы тәуелсіздік жылдарында одан әрі нығая түсті. Жақында Қазан қаласында болып, Татарстан Республикасы ардагерлер ұйымының жұмысымен танысқан кезімізде екі ел арасындағы барыс-келістің өмірдің барлық саласында кеңінен қанат жайып отырғанының куәсі болдық.
Саясат • 09 Қараша, 2018
Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында қабылданған «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Туймазы–Омбы–Новосибирск-2» және «Омбы–Павлодар» магистралдық мұнай құбырларындағы технологиялық мұнайдың мәртебесін айқындау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы екі ел арасындағы көптен бері дауға айналған мұнайды иесіне қайтарудың тетігі болмақ. Атап айтқанда, бұл құжат бойынша елімізге Ресейдің құбырларында қалып қойған 141 728 мың тонна технологиялық мұнай қайтарылуы тиіс.
Қазақстан • 09 Қараша, 2018
Оралу. Орал Мұхамеджанов туралы естелік
«Жақсы адам ғана жақсы саясаткер бола алады». 5 қарашада Парламент Мәжілісінде өткен еске алу жиынында сол игі іске бастамашы болған палата Төрағасы Нұрлан Нығматулин келтірген осы сөздің иесі – арамызда жүрсе бұл күндері жетпіс жастың жотасына шығатын ардақты азаматымыз Орал Мұхамеджанов.
Өнер • 09 Қараша, 2018
Белгілі қылқалам шебері, мүсінші Мұрат Қалқабаевтың есімі Қарағанды облысының аумағында ғана емес, еліміз бойынша да аса танымал. Таяуда облыстық бейнелеу өнері мұражайында осы суретшінің жеке көрмесі ашылды. Келушілер назарына шебердің 40-тан астам жұмысы ұсынылды. Олардың арасында текемет, гобелен, көркем суреттер және мүсіндер бар.
Қазақстан • 09 Қараша, 2018
Халық Қаһарманы жас патриоттармен жүздесті
Жақында Халық Қаһарманы Бақытжан Ертаев жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақ артегінің бір бөлімшесі «Балдәурен-Қапшағай» республикалық оқу-сауықтыру орталығында демалып жатқан оқушылармен кездесті.
Қазақстан • 09 Қараша, 2018
Әділбек Ниязымбетов: Рингпен қоштасатын кез келді
Боксшы Әділбек Ниязымбетов 81 кило салмақ дәрежесінде Олимпия ойындары мен әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері. Азия чемпионаты мен Азия ойындарының жеңімпазы. Қазақ бокс тарихында Олимпиада жүлдесін екі реттен иеленген төрт боксшының бірі саналатын атақты спортшымен болған сұхбатымызды оқырман назарына ұсынып отырмыз.
Қазақстан • 09 Қараша, 2018
Журналист неге деректі бұрмалайды?
Кент мемлекеттік университетінің профессоры, журналист Карл Айдсвог «Журналистика міндетін орындамағанда, ақылға қонымсыз әрекеттер болады», дейді.
Саясат • 09 Қараша, 2018
Әріптестіктің тиімді тұстары көп
Жапонияның үкімет басшысы С.Абэнің Қытайға сапары барысында жақында Бейжіңде «Қытай мен Жапонияның үшінші елдер нарықтарындағы ынтымақтастығы» атты бірлескен бизнес-форум өтті. Форум аясында екі ел компаниялары арасында жалпы құны 18 млрд доллар тұратын 50 бірлескен жобаға қатысты меморандум мен келісімшарттарға қол қойылды.
Президент • 09 Қараша, 2018
Қазақстан төрағалығына жоғары баға берілді
Кеше Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы өтті. Сессия жұмысын Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің Төрағасы ретінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашты.
Қазақстан • 08 Қараша, 2018
Салық комитеті Жұртшылықпен байланыс басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Ақын, композитор Олжас Асанкелдіұлы Отар Мемлекеттік кірістер комитеті Жұртшылықпен байланыс басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды комитеттің баспасөз қызметі.
Бокс • 08 Қараша, 2018
Әділбек Ниязымбетов: Спорттық карьерамды аяқтаймын
Белгілі боксшы Әділбек Ниязымбетов «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында бокстағы кәсіби жолының аяқталғаны туралы айтты.
Әділбек Ниязымбетов: Бокс үшін бәрін тастадым
2012 жылғы Олимпиада жүлдегері Әділбек Ниязымбетов «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында бала күніндегі естеліктерімен бөлісті.
Қазақстан • 08 Қараша, 2018
Астанада Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы басталды
Астанада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы басталды. Сессия жұмысын Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ашты. Оның үстіне ҰҚШҰ-ның төрағалық тізгіні де бір жылдан бері Қазақстан тарапында болатын.
Қазақстан • 08 Қараша, 2018
Әділбек Ниязымбетов: Дәрігер «Боксты қоюың керек» деді
Боксшы, Олимпиаданың және әлемнің 2 дүркін күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов 2011 жылы спортты қойып кетуі мүмкін болғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында айтты.
Аймақтар • 08 Қараша, 2018
Ақтөбе облысы Өзбекстанмен ынтымақтастықты нығайтады
Қазақстан мен Өзбекстан экономиканың әртүрлі салаларында ынтымақтастықты нығайтады. 7 қарашада өткен кездесуде Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Науаи облысы әкімінің орынбасары Фахриддин Солиев осындай келісімге келді.
Қазақстан • 08 Қараша, 2018
Алматыда техникалық және кәсіптік білімдегі бизнесті дамыту талқыланды
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Алматы қаласы Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындары жанындағы бизнес клубтарының жұмыстарын ұйымдастыру бойынша өзекті мәселелерді талқылау мақсатында Халықаралық бизнес академиясы колледжі мен ALMA University мамандарының ұйымдастыруымен колледждер және мектептердің басшыларына арналған дөңгелек үстел өтті.