Соңғы жаңалықтар
Өнер • 07 Қараша, 2018
Алматыда дирижер Төлепберген Әбдірашевты еске алу фестивалі басталды
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 7-30 қараша аралығында Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрінің (ҚР МАСО) қатысуымен, Қазақстанның Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, профессор Төлепберген Әбдірашевтің 70 жас мерейтойына арналған халықаралық классикалық музыка фестивалі өтеді.
Аймақтар • 07 Қараша, 2018
Атыраулық каратеші әлем чемпионатында үздік атанды
Атыраулық каратеші Бауыржан Күмісқалиев каратэ-до киокушинкайдан әлем чемпионы атанды.
Күрес • 07 Қараша, 2018
Еркін күрестен олимпиада чемпионы Х.Гацалов «Әлем Файтерсте» қонақта болды
Ресейдің даңқты балуаны, еркін күрестен Олимпия ойындарының жеңімпазы, әлемнің бес және Еуропаның үш дүркін чемпионы Хаджимұрат Гацалов Алматыдағы «Әлем файтерс» клубына арнайы ат басын бұрды.
Аймақтар • 07 Қараша, 2018
Алматыда инклюзивтік білім берудегі үздік педагогтар анықталды
Ерекше мұқтаждықтары бар балаларды әлеуметтендіру, оларды қоғамның барлық саласында белсенді етіп, білім алуы, жұмыс істеуіне қолайлы жағдай туғызу мәселелері кеңінен насихатталып келеді. Осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіруге байланысты «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Техникалық және кәсіптік білімде инклюзивтік білім берудің үздік педагогы» республикалық байқауының қалалық кезеңін өткізіп, қорытындысын шығарды.
Аймақтар • 07 Қараша, 2018
Алматыда Денис Теннің үйіне ескерткіш тақта орнатылды
Алматыда әйгілі мәнерлеп сырғанаушы, Олимпиада ойындарының жүлдегері Денис Теннің құрметіне ескерткіш тақта орнатылды. Даңқты спортшының жарқын бейнесін алдыңа әкелетін тақта Денис Теннің көзі тірісінде тұрған үйінің қабырғасынан орын алған.
Аймақтар • 07 Қараша, 2018
Ақтөбе облысының әкімі еркін күрес шебері Нұрислам Санаевқа пәтер сыйға тартты
Ақтөбелік белгілі еркін күрес шебері Нұрислам Санаев соңғы уақытта жаңа биіктерді бағындырып келеді. Ол биылғы қазан айында Будапештте өткізілген Әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанғаны белгілі.
Аймақтар • 07 Қараша, 2018
Ашыққанды тойындыру үлкен сауапты іс саналады. Алматыда тұрмысы төмен тұрғындарды тегін тамақтандыруға арналған асхана ашылды.
Әлем • 07 Қараша, 2018
Шахматшы Динара мен Жансая әлем чемпионатының екінші кезеңінде өнер көрсетуде
Бұл күндері Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында шахматтан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өтуде. Бұл жарыста 28 мемлекеттен келген 64 ойыншылар бақ сынауда.
Қоғам • 07 Қараша, 2018
Samsung ауруханаларға планшеттер сыйлады
Digital Kazakhstan стратегиясы аясында Samsung компаниясы Астана, Алматы және Түркістанның төрт клиникаға 100 кәсіби «медициналық» планшет сыйға тартты.
Күрес • 07 Қараша, 2018
Солтүстік Қазақстанда грек-рим күресінен халықаралық турнир өтті
Айтулы бәсеке даңқты балуан, абзал азамат, КСРО спорт шебері Уәлихан Нұркеевтың құрметіне арналды.
Қарағандыда суретші Қалқабаевтың көрмесі ашылды
Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайында белгілі қылқалам шебері, мүсінші Мұрат Қалқабаевтың мерейтойлық жеке көрмесі ашылды. Келушілер назарына шебердің 40-тан астам жұмысы ұсынылды. Олардың арасында текемет, гобелен, көркем суреттер және мүсіндер бар.
Кәсіпқой бокс • 07 Қараша, 2018
Геннадий Головкин ТОП-10 боксшының қатарына енбей қалды
Халықаралық бокс қауымдастығы (IBF) қаңтар айының қорытындысы бойынша «ТОП-10» кәсіпқой рингте күш сынасып жүрген былғары қолғап шеберлерінің тізімін жариялады. Өкінішке қарай, үздіктер санатына қазақстандық Геннадий Головкин енбей қалды.
Аймақтар • 07 Қараша, 2018
Түркістанда бірлестіктер белсенді жұмыс жүргізеді
Қазақстан өзбектері этномәдени бірлестіктері «Дустлик» қауымдастығы Шымкенттегі қалалық ҚХА ғимаратында Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауын насихаттау бойынша жиналыс өткізді.
Аймақтар • 07 Қараша, 2018
«Сулы жер – нулы жер» деп халқымыз бекер айтпаса керек. Кезінде Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданында 80 көл болған деседі қариялар. Оның кейінгі кезде жеті-сегізін өзіміз де көрдік. Кейін қос өзеннен келетін су саябырсып, уақыт өте келе судың өзі де тауарға айналып, қаржыға тіреліп қалды.
Аймақтар • 07 Қараша, 2018
Жолдау жүктеген міндеттер ауқымды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында тиісті салалар бойынша нақты ұсыныстар айтқан болатын. Халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға негізделген Жолдаудан туындайтын міндеттердің ауқымы да кең.
Әдебиет • 07 Қараша, 2018
Атырауда жазушы Әнес Сарайдың шығармашылық кеші өтті
Бабалар жүріп өткен шежірелі жолды кестелі сөзбен көркемдеп, оқырман қауымнан лайықты бағасын алған жазушы ретінде Әнес Сарайдың есімі құрметпен аталады. Ресейдің Астрахань аймағында дүниеге келгенімен, арғы аталары Каспийдің жағалауындағы Атырау топырағынан тараған. «Еділ-Жайық» трилогиясының тұсауы Атырауда кесілгені де кездейсоқтық емес.
Өнер • 07 Қараша, 2018
XXI «Шабыт» халықаралық жастар фестивалі басталды
Елорда төрінде шымылдығын ашқан «Шабыт» халықаралық шығармашыл жастар фестивалінің 21-рет өткізілуі жастарды қолдаудың айқын мысалы болса керек.
Аймақтар • 07 Қараша, 2018
Еліміздің бас газеті – «Егемен Қазақстан» газетінің 2018 жылғы 6 қыркүйек күнгі №168 (29399) санында газеттің Маңғыстау облысындағы тілшісі Гүлайым Шынтемірқызының «Контр-адмирал Қалмағанбет Қалақауов» деген мақаласы жарық көрді.
Қазақстан • 07 Қараша, 2018
Батыс Қазақстан мен Самара: әріптестік тағы бір белеске көтерілді
Жеке адам іргелес көршісін өзі таңдап алуы мүмкін. Ал жұмыр жерді жайлаған миллет-мемлекеттердің қоңсы-қонысын бір Тәңірінің өзі түзеген. Мұны «Құдайы көрші» деген дұрыс болар.
Тәрбие • 07 Қараша, 2018
Мың шақырымдық жол алғашқы қадамнан басталады
...Небәрі бес жасар Мейрамбектің сол бір күнгі көрген қиянат-қияметі, күштінің әлсіздің алдындағы әлімжеттігі – оның құйтақандай жүрегіне ғана емес, бүкіл өміріне сілкініс, кеудесіне жанартаудың жылт еткен шоғын тастағанын ол кезде біле қоймаған шығар...
Технология • 07 Қараша, 2018
Солтүстік Қазақстанда жаңа онлайн қызметі іске қосылды
Солтүстік Қазақстанда «Құжаттарды құрастырушы» деп аталатын жаңа онлайн-қызметі құрылып, құжаттарды рәсімдеу жұмысы әлдеқайда жеңілдеді.
Otbasy uǵymy – qazaq úshin qasıetti de qadirli. Túbiri − ot, ot jylý beredi, ómir syılaıdy, tirshiliktiń kózi, úıdiń ishindegi «ýildegen» jeldi, «azynaǵan» aıazdy toıtaryp, otbasy ıesine sanalatyn adamǵa baq-dáýlet darytady. Otanasy, otaǵasy degen eki sózdiń arǵy jaǵyna oı jiberseń – qazaqtyń kemeldigine, bárin qysqa baılammen uǵyndyratyn kemeńgerligine kóz jetkizesiń. Sondyqtan da shyǵar, otbasy qaǵıdasynyń qashan da bıik turatyny. Qazaq otbasyn qurǵanda jetesizdikten jerip, kórgensizdikten boıyn aýlaq salǵan. Ata-ana úlgisin alǵa ozdyrǵan.
Білім • 07 Қараша, 2018
Солтүстік Қазақстан университетіне 46 үндістандық білім алуға келді
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде биылғы оқу жылында жалпы медицина мамандығы ашылып, болашақ дәрігерлер даярлана бастады.
Аймақтар • 07 Қараша, 2018
Алматыда алғашқы туристік хаб ашылды. Туризмді табыс көзіне айналдыруда әлеуеті ең жоғары мегаполистің туристік орталығы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайына орналасты. Тұсауы кесілген орталықтан 7 түрлі бағытта, ұлттық нақыштармен әспеттелген таным аймақтарын табуға болады.
Білім • 07 Қараша, 2018
Тілектес Есполов: Мақсат – әлемдік деңгейдегі университетке көшу
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында «...еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауылшаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе көбейту» міндеті қойылған. Бүгінде 90 жылдық даму тарихы бар Қазақ ұлттық аграрлық университеті еліміздегі жетекші аграрлық жоғары оқу орны ретінде аграрлық нарықта сұранысқа ие кадрларды дайындау бағытында мақсатты жұмыстар жүргізуде. 2010 жылдан бастап ЖОО ұлттық зерттеу университетіне трансформациялануда және осы жолда қомақты нәтижелерге жетуде. Жоғары оқу орнының бүгінгі сапалы дамуындағы жаңа кезең – ол әлемдік деңгейдегі университет позициясына көтерілуі. Осы орайда Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ректоры, ҰҒА академигі Тілектес ЕСПОЛОВПЕН әңгімелескен едік.
Аймақтар • 07 Қараша, 2018
Диқанның кеусені мол, шаруаның малы күйлі
«Балапанды күзде санайды» деген бар. Қостанай өңіріндегі ауылшаруашылығы саласында жыл бойғы еткен еңбектің қайтарымы қорытындыланды.
Қазақстан • 07 Қараша, 2018
«Нұрлы жер» бағдарламасының әлеуметтік маңызы артып келеді
Кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын орындаудағы тоғыз айдағы көрсеткіштер баяндалып, бизнес-ортаны одан әрі жақсарту жөніндегі шаралар талқыланды. Сонымен қатар Астананың азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөніндегі жол картасын іске асыру барысы сөз болды.
Қазақстан • 07 Қараша, 2018
«Астана Хаб» ІТ-стартаптар паркінің ашылуына қатысушылар лебізі
Аударма • 07 Қараша, 2018
Соңғы рет Энтони Айелло өгей қызымен сөйлескенде, ол Калифорния штатындағы Сан-Хосе қаласындағы өгей қызының үйіне пицца мен бискотти апара жатқан болатын. 90 жастағы Айелло тергеушілерге кейіннен қызы өзін есікке дейін шығарып салып, алғыс ретінде екі роза бергенін айтты.
Аударма • 07 Қараша, 2018
Нигерия фермерлері бақташыларға қысым көрсетуде
Жүздеген мүйізді ірі қара күні бойғы жайылымнан кейін қосынға қайта оралды. Ману Бака табынның ортасына барып, кішігірім от жақты. Сиырлар жалынның айналасына жинала бастады.