Соңғы жаңалықтар
Тарих • 05 Шілде, 2018
Осы жылдың басты ерекшелігі – Елбасы Н.Назарбаевтың «2050 Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы бойынша жұмыстың қолға алынуы. Нәтижесінде, ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін шыңдауға көп мән берілді. Халықты жұмыспен қамту және өмір сүру деңгейін арттыру Үкіметтің басты назарында ұсталды. Соның арқасында жылдың қорытындысы бойынша экономика өсімі 6 процент деңгейінде, жұмыссыздық 5,2 проценттен, ал инфляция тәуелсіз Қазақстан тарихында болмаған ең төменгі көрсеткіш 5 проценттен аспады. Тарихта тұңғыш рет валюта қоры 100 миллиард долларға жетті.
Жеңіл атлетика • 05 Шілде, 2018
Жеңіл атлетикадан халықаралық «XXVIII Ғұсман Қосанов Мемориалы» аяқталды
Алматыдағы Орталық стадионда жеңіл атлетикадан халықаралық «XXVIII Ғұсман Қосанов Мемориалы» аяқталды. Екі күнге созылған жарыста 36 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Оның ішінде 18-і ерлер, 18-і қыздар арасында үлестірілді.
Таным • 05 Шілде, 2018
«Нұр Әлем» сферасы оқушылар мен студенттердің жиі келетін орнына айналды
«Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ, облыс әкімдіктері мен «Атамекен» ҰКП арасында үшжақты ынтымақтастық туралы жасалған меморандум шарттары сәтті іске асырылуда, деп хабарлады «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Қазақстан • 05 Шілде, 2018
Елбасы еліміздегі ең үлкен Туды көтеру рәсіміне қатысты
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қалыптасқан дәстүр бойынша Астанадағы «Атамекен» Қазақстанның картасы» этномемориалды кешені аумағында орналасқан еліміздегі ең үлкен Туды көтеру рәсіміне қатысып, осы салтанатты шара аясында қала күнін тойлауға арналған мерекелік бағдарламалардың басталғанын жариялады және жоғары әскери оқу орындарының үздік түлектеріне әскери шен тапсырды.
Президент • 05 Шілде, 2018
Мемлекет басшылары Елбасына ізгі тілектерін жолдады
Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Алиев Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстанның қол жеткізген жетістіктерін атап көрсете келіп, Мемлекет басшысын туған күнімен құттықтады.
Қазақстан • 05 Шілде, 2018
Махмұт Қасымбеков. Орталыққа орнығу
Елордамыздың 20 жылдығы биылғы жылдың басты оқиғасы екені сөзсіз. Осыған орай ақпараттар ағынында астаналық мегаполисті тұрғызудағы табыстар, қала салу мен архитектурадағы жетістіктер, оның еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына мультипликативтік әсері жөнінде көп айтылуда. Алайда ең басты нәрсені – жаңа астананың жас Қазақстан ұлтының идеялық-адамгершілік және рухани тұрғыдан жаңғыруындағы ауқымды рөлін ұмытпағанымыз жөн.
Президент • 05 Шілде, 2018
Мәулен ӘШІМБАЕВ. Астананың асқақ рухы
Тәуелсіз мемлекет ретінде ұлттың ұйытқысы, елдің ордасы болған астанамызды бекітіп, жарқын болашаққа батыл қадам басып келе жатқанымызға биыл 20 жыл толып отыр. Тарих үшін қас-қағым сәт болып саналатын осы бір аралықта біз Елбасымыздың парасатты басшылығының арқасында ауыз толтырып айтарлықтай табыстарға қол жеткіздік. 20 жылда тұтас бір қаланы салып қана қоймай, сол арқылы егемендігіміздің іргесін бекітіп, еліміздің еңсесін тіктедік. Бас қаламызды бүкіл әлем мойындаған алып шаһарға айналдыра білдік.
Президент • 05 Шілде, 2018
Мемлекет басшысы Әбу-Дабидің мұрагер ханзадасын қабылдады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанаға ресми сапармен келген Әбу-Дабидің мұрагер ханзадасы, Біріккен Араб Әмірліктері Қарулы күштері Жоғарғы бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен кездесті.
Бокс • 04 Шілде, 2018
Кәсіпқой рингте небары үш кездесу өткізіп, әлем чемпионы деген мәртебелі атаққа қол жеткізген екі боксшы ғана бар. Олар – Саенсак Муангсурин пен Василий Ломаченко. Таиландтың тарланбозы бұл атаққа 1975 жылы қол жеткізсе, Украинаның саңлағы 2014 жылы сол межеден көрінді.
Қазақстан • 04 Шілде, 2018
Бүгін дәстүрлі түркі музыкасының «Астана-Арқау» ХІ халықаралық фестивалі өтеді
Елорданың 20 жылдық мерейтойы аясында 4-5 шілде күндері «Астана Операның» Камералық залында дәстүрлі түркі музыкасының «Астана-Арқау» ХІ халықаралық фестивалі өтеді.
Аймақтар • 04 Шілде, 2018
Табысын көрсетпей отырғандар нақтыланды
Жалағаш ауданында жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субьектілердің саны 1492-ден 1775-ке артты.
Аймақтар • 04 Шілде, 2018
Алматының экологиясы жақсарады
Ел экономикасының ары қарайғы дамуын және оңтүстік астананы заманауи үлгіде дамытудың тетіктерін қамтамасыз ету бағытында қолға алынған «Алматыны дамытудың 50 драйвер-жобасы» аясында қазіргі кезде көптеген жобалар жүзеге асып келеді. Осы орайда ағымдағы жылы қоршаған ортаға экологиялық жүктемені төмендету мақсатындағы игі бастамаларды атап өтуге болады. Бұл жоба инновациялық технологияларды тартумен қатар жаңа жұмыс орындарын ашуға, қаланың қоршаған ортасына түсетін экологиялық жүктемені төмендету мүмкіндігін береді.
Аймақтар • 04 Шілде, 2018
Елорда – ұлттың рухани жаңғыру астанасы
Астана қаласының жаһандық деңгейдегі геосаяси мәртебесі, рухани-эстетикалық жаңғырудың заманауи моделі ретіндегі мәдени-көркемдік рөлін пайымдауға қатысты өзекті ғылыми мәселелер М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мамандарының Астананың 20 жылдығына орай ұйымдастырған «Елорда – ұлттың рухани жаңғыру астанасы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция барысында талқыланды.
Аймақтар • 04 Шілде, 2018
Қызылордада сұранысқа ие мамандықтар оқытылады
Астана қаласында Қызылорда облысының әкімдігі мен ЕуразЭО Парламентаралық Ассамблеясы жанындағы университет арасында әріптестік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Аймақтар • 04 Шілде, 2018
Ақтөбе облысында елорданың мерейтойына орай құны 10 млрд теңге болатын отыздан аса нысан ашылады
Ақтөбе облысында Астананың мерейтойына орай отыздан аса әлеуметтік, өндірістік және сауда нысандарын пайдалануға беру жоспарда бар. Олардың құрылысына кететін инвестиция көлемі 10 млрд теңгеден асты, ал оларды пайдалануға беру 300-ге жуық жұмыс орнын ашуды қамтамасыз етеді деп хабарлады «Egemen.kz» тілшісіне Ақтөбе әкімдігінің баспасөз кызметі.
Қазақстан • 04 Шілде, 2018
Анкарада «Ұлы дала Астанасы» халықаралық конференциясы өтті
Астананың 20 жылдығына орай Анкарада Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің ұйымдастыруымен «Ұлы дала Астанасы» халықаралық конференциясы өтті.
Қазақстан • 04 Шілде, 2018
Спорт ғимараттары көбейіп жатыр
Қызылорда облысының Қазалы, Қармақшы және Жалағаш аудандарында жаңа спорт кешендері пайдалануға берілді.
Қазақстан • 04 Шілде, 2018
Астанада агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру бойынша семинар өтті
Бүгін С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде «Қазақстан фермерлер одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігі өкілдерімен бірлесіп Агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру мақсатында семинар-кеңес өткізді.
Президент • 04 Шілде, 2018
Елбасы Ұлттық Банкінің қызметін жетілдіру бойынша заңға қол қойды
Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне валюталық реттеу және валюталық бақылау, қаржы ұйымдарының қызметін тәуекелге бағдарланған қадағалау, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Күрес • 04 Шілде, 2018
Семейліктер «Қазақстан барысы-2018» жүлдегерлерін қарсы алды
Семейліктер бүгін теміржол вокзалында «Қазақстан барысы-2018» сайысының жүлдегерлері Ерасыл Қажыбаев пен Айбек Нұғымаровты қарсы алды. Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов, «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығының қолбасшысы, генерал-майор Нұрлан Қашағановтармен бірге қала халқы, балуандардың туған-туыстары құшақ-құшақ гүл әкеліп, шашу шашты.
Үкімет • 04 Шілде, 2018
Мемлекет басшысы «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Заңға қол қойды
Күрес • 04 Шілде, 2018
Хорватияның бас шаһары – Загребте күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігі басталды. Жарыстың алғашқы күні бес салмақ дәрежесі бойынша бәсекелер өтіп, Қазақстан құрамасының қоржынына бір қола медаль түсті.
Қазақстан • 04 Шілде, 2018
Астана – Тәуелсіздіктің жемісі
Алматыда Елордамыздың 20 жылдық мерейтойына орай «Астана – Тәуелсіздіктің жемісі» атты тарихи-құжаттық көрме және дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Айтулы шараның өтуіне Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві мен осы шаһарда орналасқан ұлттық-мәдени бірлестіктер мұрындық болды.
Аймақтар • 04 Шілде, 2018
Алматыда қаржы журналистикасы бойынша БЖЗҚ жазғы мектебі ұйымдастырылады
«БЖЗҚ» АҚ қаржы журналистикасы бойынша БАҚ өкілдері үшін үшінші рет оқыту бағдарламасын жүзеге асырмақ. Зейнетақымен қамсыздандыру саласын қамтитын бұл бағдарламаның басты тақырыбы: «ҚР жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл: қорытындылар және даму келешегі».
Қаржы • 04 Шілде, 2018
Мемлекеттік хатшы «Астана» халықаралық қаржы орталығының конференциясына қатысты
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Астана» халықаралық қаржы орталығының құқықтық мәселелер жөніндегі конференциясына қатысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан • 04 Шілде, 2018
Қостанайда «Аяла» қайырымдылық қоры облыстық балалар ауруханасына жабдықтар сыйлады
Республикалық «Аяла» қайырымдылық қоры «Өмір сыйлайық» жобасының аясында Астана қаласының 20 жылдық тойы құрметіне облыстық балалар ауруханасына шала туған нәрестелерді күтіп-бағуды жеңілдету үшін еуропалық сападағы құны 16 миллион теңге тұратын медициналық жабдықтарды сыйға тартты.
Президент • 04 Шілде, 2018
Елбасы Андрес Мануэль Лопес Обрадорға құттықтау жеделхатын жолдады
Нұрсұлтан Назарбаев Андрес Мануэль Лопес Обрадорға Мексика Құрама Штаттарының Президенті лауазымына сайлануына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан • 04 Шілде, 2018
Жас журналистер бас басылымның батасын алды
Бүгін бас басылым өзінің жас журналистерге арналған бәйгесінің жеңімпаздарын марапаттады. «Егемен Қазақстан» газетінің жас журналистерге арналған сыйлығы биыл «Елорда – елдіктің айнасы» деген тақырып аясындағы 3 номинация бойынша – «үздік танымдық материал», «үздік журналистік зерттеу» және «үздік фоторепортаж» үшін жарияланған болатын.
Президент • 04 Шілде, 2018
Елбасы «Ақжайық» саябағына барды
Мемлекет басшысы шара барысында Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.