Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 05 Маусым, 2018
Денсаулық сақтау министрлігі менингитке байланысты ата-аналарға кеңес берді
Денсаулық сақтау министрлігі менингитке байланысты ата-аналарға өте сақ болуға кеңес береді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Аймақтар • 05 Маусым, 2018
Атырауда менингитке қатысты сұрақтар бойынша жауап беретін Call-орталығы ашылды
Атырау қаласының тұрғындары менингиттің алдын алу сұрақтары бойынша кеңесті тәулік бойы ала алады, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аймақтар • 05 Маусым, 2018
Солтүстік Қазақстанда биоэтанол өнімдері шығарылады
Осыдан бірнеше жыл бұрын Тайынша ауданында өз жұмысын тоқтатқан «Биохим» зауыты «Bio Operations» ЖШС-і ретінде қайта құрылып, крахмал және биоэтанол өнімдерін шығаратын өндіріс орындарын қалпына келтіруге кірісіп кетті.
Қазақстан • 05 Маусым, 2018
Бас имам қала тұрғындарын менингококктан сақтануға шақырды
Алматы қаласы Орталық мешітінің Бас имамы Еркінбек Шоқаев қалада менингококк вирусының тіркелу оқиғаларының жиілеп кеткендігіне алаңдаушылығын білдіріп, Рамазан айында нақты ауырған кісінің оразасын ашуға болатындығын ескертеді.
Аймақтар • 05 Маусым, 2018
Атырау облысында аймақтың агроөнеркәсіп кешенінін дамыту мәселесі талқыланды
Атырауда аймақтың агроөнеркәсіп секторын дамыту мәселесі бойынша кеңейтілген мәжіліс өтті. Жиынға ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер, мемлекеттік органдар мен «Атамекен» ҚР ҰКП өкілдері қатысты.
Аймақтар • 05 Маусым, 2018
Петропавлда «Нұр Отан» партиясының мұражайы ашылды
«Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы қарсаңында Петропавл гуманитарлық-техникалық колледжінде саяси ұйымның тұңғыш мұражайы ашылды.
Аймақтар • 05 Маусым, 2018
Оңтүстікте «Мырзашөл жұлдыздары» атты жас әншілердің байқауы жанданды
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары, яғни 1993 жылы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақтаарал ауданында «Мырзашөл жұлдыздары» атты жас әншілердің өнер байқауы ұйымдастырылған болатын. Тың бастама ауыл, аудандардағы көптеген таланттарды елге танытты. Өнерде өз дарынын дәлелдеп, биіктен көрінуіне мүмкіндік жасады.
Аймақтар • 05 Маусым, 2018
Шығыс Қазақстанда «Аяулы жас келін-2018» атты облыстық байқау өтті
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Абай ауданының 90 жылдығы қарсаңында аудан орталығында «Аяулы жас келін-2018» атты облыстық байқау өтті.
Әдебиет • 05 Маусым, 2018
Тарих • 05 Маусым, 2018
Қазақстан • 05 Маусым, 2018
Қазақстан • 05 Маусым, 2018
Әдемілікті жырлаған әріптес – Бақберген Амалбеков
Мен үшін Бақберген Амалбековтің жан дүниесін жақсы білмеу мүмкін емес. Өйткені курстасыммен абитуриент кезден таныспын. Сол 1970 жылы «Лениншіл жаста» «Абитуриенттер жырлайды» топтамасымен өлеңдеріміз бірге жарық көрген. Оның әлемге әдемі қарау қасиеті ұнаған. Сол қадамнан 43 жыл бойғы журналистік қызметінде бірде-бір рет ауытқымағаны да бір ғанибет.
Қазақстан • 05 Маусым, 2018
Елордада экологиялық жәрмеңке өтті
Астанада Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған «ЭкоАсар» шарасы ұйымдастырылды. Онда қала әкімдігі мен өңдеушілердің кеңейтілген міндеттемелері (ӨКМ) операторы қатты тұрмыстық қалдықтарды екі фракцияға (құрғақ және ылғалды) бөліп тастаудың пилоттық жобасымен таныстырды.
Аймақтар • 05 Маусым, 2018
Батыс Қазақстанда жаңа қазақы атаулар пайда болды
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімімен Орал қаласының №5 шағын ауданы – Қадыр Мырза Әли, осыған дейін «ТЖЖ-1», «ТЖЖ-2» аталып келген шағын аудандар – «Көкжиек», «Сарыарқа» шағын аудандары аталатын болды.
Аймақтар • 05 Маусым, 2018
Қарағандыда заманауи білім орталығы ашылды
«Нұр Отан» партиясы елімізде бірқатар жаңа жобаларын жүзеге асыра бастады. Солардың бірі «Қазақстан кітапханалары – заманауи білім орталықтары» деп аталады. Осы жобаның аясында жақында Шахтинск қаласындағы Бұқар жырау атындағы кітапханада уақыт талабымен үндескен білім орталығы (Coworking center) ашылды.
Қазақстан • 05 Маусым, 2018
Менингиттің қайдан таралғаны үш аптадан кейін белгілі болады
Менингит жұқпасының еліміздің аумағында таралуы себебін анықтауға үш апта уақыт керек. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді.
Қазақстан • 05 Маусым, 2018
Менингитке қарсы вакцинаның не себепті қымбаттағаны белгілі болды
«Бұл коммерциялық вакцина және ол үлкен және кіші қажылыққа баратындарға арналған еді. 4600 доза әкелініп, 22 500 теңгеден сатылған. Алайда, қажылық тамыз айында өтетін болғандықтан бұл вакцина нарыққа шығарылды», деді Жандарбек Бекшин Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингтен кейін агенттік тілшісінің сауалына орай.
Ұлттық спорт • 05 Маусым, 2018
«Қазанат» атшабарында тоғыз мемлекеттің спортшылары бақ сынады
Астана қаласындағы «Қазанат» атшабарында қазақтың ұлттық спорты теңге ілуден екінші, аударыспақтан үшінші Азия чемпионаты аяқталды. Мәртебелі жарыста тоғыз мемлекеттің спортшылары бақ сынады.
Жекпе-жек • 05 Маусым, 2018
Отгонцецег Галбадрах Мадридте қола алды
Испанияның астанасы – Мадридте өткен Еуропаның ашық кубогында Қазақстанның бірнеше дзюдошысы бақ сынағанымен, солардың арасынан тек біреуіне ғана қола медаль бұйырды. Бұл жүлденің иегері – Отгонцецег Галбадрах.
Теннис • 05 Маусым, 2018
Теннис. Парижде кім қанша табыс тапты?
«Үлкен дулыға» санатындағы турнирлердің жүлделік қоры өте мол екені баршаға мәлім. Сол себепті де осы спорт түрін серік еткен саңлақтардың барлығы да айтулы жарыста барынша табысты өнер көрсетуді мақсат тұтады.
Қазақстан • 05 Маусым, 2018
Дәрігерлер менингитке қарсы жаппай антибиотик қабылдау туралы ақпаратқа сенбеу керектігін ескертті
Алматыда дәрігерлер WhatsApp желісі арқылы таралып жатқан менингитке қарсы жаппай антибиотик қабылдау туралы ақпаратты теріске шығарды. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова өңірлік коммункиациялар қызметінде айтты.
Қазақстан • 05 Маусым, 2018
Үкімет басшысы вакцина бағасын төмендетуді тапсырды
Премьер-Министр күн тәртібіне кіріспестен бұрын Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың менингококк инфекциясының таралуы туралы есебін тыңдады.
Теннис • 05 Маусым, 2018
Юлия Путинцева – ширек финалда
Францияда өтіп жатқан «Үлкен дулыға» санатына енетін Франция ашық чемпионаты, яғни «Ролан Гаррос» турниріне қазақстандық теннисші Юлия Путинцева ширек финалға жолдама алды.
Футбол • 05 Маусым, 2018
«Атлас арыстандары» кезекті жорыққа дайын
Марокко құрамасына байланысты ерекше мәліметтер көп. Бұл елдің құрамасында ойнайтын футболшылардың басым бөлігі Еуропада туып-өскен аяқдопшылар. Команда Африка құрлығының намысын қорғағанымен еуропалық футбол ойнайтынын ерекшелеп атап өтейік. Сондықтан да қара құрлықтың бұл өкілі әжептеуір күшті команда болып саналады.
Жазғы спорт • 05 Маусым, 2018
Маңғыстауда «Ралли Қазақстан-2018» өтіп жатыр
Маңғыстаудың құмды, таулы, ой-шұқыр, жыра-жықпылды, тұзды сор ақтаңдақтап жатқан даласы – автошабандоздардың аламан алаңына айналғанына биыл екінші жыл. 2017 жылы алғаш рет FIA Халықаралық автомотоспорт федерациясы «Ралли Рейд Әлем кубогы» кезеңі тәуелсіз Қазақстан тарихында Маңғыстау облысында сәтті өткізілген болатын.
Жекпе-жек • 05 Маусым, 2018
«Бар қазақ мейбуканшы болса дейміз!..»
Бұғанасы қатпаған балаларды қанша мықты болса да ондай жарысқа қоспаймын. Алдымен жас шамаларына қараймын, мені қарсыластардың әлем чемпионы деген атақтары қорқытпайды.
Қазақстан • 05 Маусым, 2018
«Астана» – ізет көңілдің белгісі
Қ.Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық Ұйғыр музыкалық комедиялық театрында Қазақстанның халық әртісі Мұрат Ахмадиевтің идеясымен белгілі жазушы-драматург Ахметжан Аширидің «Астана» публицистикалық драмасы сахналанды. Қоюшы режиссері Мұрат Ахмадиев, музыкасын жазған Карым Ғазиев. Басты рөлде – Азизжан Искандеров.
Барлық адам баласында шүкір ету, шүкіршілік дейтін ұғым бар. Бұрынғы аталарымыз өздерінің өмір сүру әдебін «қиындық келсе сабыр етеміз, жақсылық келсе шүкір етеміз» деп бағамдаған. Демек «сабыр» мен «шүкір» ұғымы қай заманда, қай дәуірде де болсын адамзаттың рухани тірегі һәм адаспас, адастырмас темірқазығы.
Қазақстан • 05 Маусым, 2018
Елімізде жыл басынан бері менингококк инфекциясы күдігімен 593 адам қаралған
«Бекітіліп, жүргізіліп жатқан іс-шаралар тиімділігін бағалау мақсатында бүгін Алматы қаласы мен Алматы облысына іссапарға шығуды жоспарлап отырмын. Іссапар қорытындысы бойынша, қажет болған жағдайда қабылданатын шараларға өзгерістер енеді», деді Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов бүгінгі Үкімет отырысында.
Қазақстан • 05 Маусым, 2018
Бақытжан Сағынтаев менингококк инфекциясына қатысты есеп беруді талап етті
Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Қазақстандағы менингококк инфекциясына қатысты мәліметтер жайлы есеп беруді талап етті.