Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 17 Шілде, 2018
Шіліңгір шілдеде облыс орталығында Шалқар ауданының күндері өткізілді. Осы бір шырайлы шаралар кезінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы орталық демалыс саябағында жаңаша үлгіде тігілген киіз үйге назарымыз ауа берді.
Қазақстан • 17 Шілде, 2018
Шілденің күні жауынмен басталды. Сол күні жарықтық ысып басталды да түс ауа таудан ақша бұлт көрініп, ғайыптан ауа райы өзгеріп шыға келді. Ашық аспанды алдымен ақша бұлт жапты. Шілденің алғашқы күні күн күркіреді. Ауа райы да өзгеріп сала берді.
Қазақстан • 17 Шілде, 2018
Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен республика көлемінде өтіп жатқан «Саламатты әдеттер марафонына» атыраулықтардың да қызығушылықтары жоғары. Денсаулық сақтап, ұзақ өмір сүруге үндейтін шара бес кезеңнен тұрады: адам ағзасына зияны бар тұзды күнделікті тұтынуды азайту, тәулігіне 2 литр су ішу, 10 000 қадам жаяу жүру, жеміс-жидектер пайдалану, жазатайым жағдайға тап болғанда жасалатын іс-әрекеттерді білу.
Аймақтар • 17 Шілде, 2018
Көкшетауда көрме сирек өтеді. Қылқалам ұстағандар аз. Сондықтан да әр көрмеден жыл келгендей жаңалық іздейміз. Таяуда облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Көркемөнер академиясының корреспондент-мүшесі, КСРО және Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Дулат Қоспановтың жеке көрмесі ұйымдастырылды.
Жазғы спорт • 17 Шілде, 2018
Жаһан жаңалықтары. Уәлихановтың үшінші жеңісі
Қазақстандық боксшы Асхат Уәлиханов Голливудта (АҚШ, Калифорния штаты) өткен кәсіпқой бокс кешінде шаршы алаңға шығып, өзінің үшінші жеңісіне қол жеткізді.
Әлем чемпионаты – тағатсыздана күткен футбол тойы еді. Енді барлығы аяқталып, той тарқасымен біз де алған әсерімізбен бөлісе кетсек. Бұл біріншілік несімен есте қалмақ?
Әлем • 17 Шілде, 2018
Қонақүйде жиі ұмытылатын 20 кітап
Британдық «Travelodge» қонақүйлер желісі жыл сайын қонақ бөлмелерде ұмыт қалатын заттардың тізімі жасайды.
Аймақтар • 17 Шілде, 2018
«Өнегелі өмір» сериясымен жарық көрген жинақтың тұсаукесері өтті
Қазақ білімі мен ғылымының қара шаңырағы – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қоғам және мемлекет қайраткері, ұлағатты ұстаз, өткен ғасырдың орта тұсында осы оқу ордасына басшылық жасаған математик-ғалым Асқар Закариннің туғанына 110 жыл толуына арналып «Өнегелі өмір» сериясымен жарық көрген жинақтың тұсаукесері болып өтті.
Аймақтар • 17 Шілде, 2018
Корейлер салт-дәстүрін көрсетті
Облыс орталығындағы саябақта жыл сайын «Бір отбасында тұрамыз» атты жазғы фестиваль өтеді. Биыл достық тойы Астананың 20 жылдығына арналды. Мерекені болгар ашса, эстафетаны «Эльбрус» қарашай-черкес және қабарда-балқар этномәдени бірлестіктері жалғастырды.
Қазақстан • 17 Шілде, 2018
Адам баласы жер бетіндегі барлық жаратылыспен және ғарыш құбылыстарымен қоса туғандықтан, бүкіл тіршілік атаулыдан бөлек өмір сүре алмайтыны айдан анық. Ендеше табиғаттың төрт мезгіліне тәуелді болып келген ұлттық болмысымыз өміріміздің, өнеріміздің барлық қырынан қылаң беріп тұрады. Әсіресе бұл әңгіме ауылда туып, қариялардың небір қиссаларын естіп, күннің алаулап батқанын, таңның шүкіршілікпен атқанын сезіне алатын талант иесіне етене жақын.
Қазақстан • 17 Шілде, 2018
Үш тілдегі «Сәтбаев» ғұмырнамасы қалай туды?
Жақында елордадағы «Фолиант» баспасынан белгілі жазушы Медеу СӘРСЕКЕНІҢ академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаев туралы қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі деректі эссе түріндегі еңбегі жарыққа шықты. Біз осы кітаптың қалай әзірленгені туралы қаламгермен сұхбатты ұсынып отырмыз.
Қазақстан • 17 Шілде, 2018
Тоқаш тұлғасы қашан еленеді?..
Әттең, тонның келтесі-ай!.. Әншейінде асылдарын ардақтап, арыстарын жоқтауға келгенде ешкімді алдына түсірмейтін бұл қазақтың кейде кежегесі кейін тартып, керенаулана қалатынына қарның ашады. Әйтпесе, көзінің тірісінде-ақ аты аңызға айналған, тұтас бір дәуір ақындарының көшбасшысы болған көрнекті ақын Тоқаш Бердияров елеусіз қалар тұлға ма еді?! Бұл да бір қапы дүние...
Қазақстан • 17 Шілде, 2018
2020 жылы ұлы ойшыл, шығыстың Аристотелі атанған, атақты жерлесіміз Әбу Насыр Мұхамед ибн Тархан ибн Узлаг әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл толады. Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз 870 жылы сол кезде дүние жүзіндегі ірі қалалардың бірі болған Отырарда дүниеге келді. Әл-Фарабидің ілім-білімге деген алғашқы ынтасы, ғылыми ойының алғашқы ұшқындары туған жері Отырарда, оның тамаша кітапханасында пайда болды. Кейіннен ол Шаш, Самарқан, Бұхара, Хорасан, Бағдат, Дамшық (Дамаск), Каир қалаларына барып білімін тереңдете түсті. 950 жылы Дамшық қаласында дүниеден озды.
Аймақтар • 17 Шілде, 2018
Зеленов ауданында жаңа музей ашылды
Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданының орталығында аудандық тарихи-өлкетану музейі ашылды. Өндірісті өңір, үлкен аудан орталығында бұған дейін ел мен жер тарихын жинақтаған музей үйі болмаған екен. Астананың 20 жылдығына орайлас келген оқиға ауыл тұрғындарының есінде қалатын болды.
Қазақстан • 17 Шілде, 2018
Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы көптеген ақтаңдақтардың ақиқаты ашылуына мұрындық болып отыр.
Қазақстан • 17 Шілде, 2018
Ортағасырлық Сарайшық қалашығына енді Жайықтан келер қауіп жоқ. Көне шаһар аумағындағы жағалауды бекіту жұмыстары аяқталды. Жеті хан жерленген делінетін қасиетті жердің біраз бөлігін Жайық өзені шайып кеткен еді.
Өнер • 17 Шілде, 2018
Жаһанды жалт қаратқан «Жезкиік»
Жуырда Жезқазған-Ұлытау өңірін ән-күйге бөлеп I халықаралық «Жезкиік» музыкалық фестивалі өтті. Қарағанды облысы ғана емес, қазақ үшін маңызы зор шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бастау алды. Сайын дала Сарыарқа сұлулығының символы – Жезкиіктің ол өнер жәрмеңкесіне атау болуының да өзіндік маңызы зор. Кеше Кетбұғадай билер кеңес құрып, «Ақсақ құландай» ұлы музыкалар дүниеге келген ұлт бесігі Ұлытауда мұндай іс-шараның ұйымдастырылуы тарихтан тағылымды сыр шертіп жатты.
Қазақстан • 17 Шілде, 2018
Елдегі бардың ерінге тигені жақсы немесе қазақ кәсіпкерлерінің қайырымы қандай?
Құдайға шүкір, қазір байлар байыған сайын байып, дүниелерінің есебіне жете алмайтын жағдайға жетті. Бұған қуанбасақ, қызғаныш деген ішмерездік, қолымызды жүрек тұсына қойып айтайын, бізден табылмайды енді.
Қазақстан • 17 Шілде, 2018
Ауыл мектептерінен 30 оқушы IQanat бағдарламасы бойынша халықаралық ЖОО-ға білім гранттарын ұтып алды.
Қазақстан • 17 Шілде, 2018
«Өзеннің өз атауын қайтарайық» – дейді ауыл ақсақалдары
Қолымызға ерекше хат келіп түсті. Бір топ еңбек ардагерлері, зейнеткерлер қол қойған арызда хат иелері күнделікті күйкі тірліктің қамын күйттемеген. Ата-бабаның, нақтырақ айтсақ сонау Асан қайғының аузымен айтылатын қасиетті ел мен жер атауын қалпына келтіруді сұрайды.
Әлем • 17 Шілде, 2018
Басқа басылымдардан. Пучдемон бүлікшіл емес
Германия соты Каталонияның бұрынғы көшбасшысы Карлес Пучдемонды Испанияға экстрадициялау жөнінде шешім шығарды. Алайда оны дербес мемлекет болуға талпынысы үшін емес, референдум өткізіп, бюджет ақшасын негізсіз жұмсағаны үшін айыптап отыр.
Әлем • 17 Шілде, 2018
Батысқазақстандық делегация Ұлыбританияда болды
Ұлыбританиядағы Қазақстан Республикасының Елшілігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің қолдауымен Батыс Қазақстан облысындағы үш ірі компания – «Кублей», «Жайық Ет» және «Батыс-Пауэр» кәсіпорындарының басшылары Ұлыбританияға барды.
Қазақстан • 17 Шілде, 2018
Климаттың өзгеруіне қатысты көзқарасын білдірді
Климаттың өзгеруі жоқшылыққа және азық-түлік қауіпсіздігінің болмауына, заңсыз көші-қонға, әлеуметтік тұрақсыздыққа және қиян-кескі қақтығыстарға әкелуі мүмкін «қауіп-қатердің мультипликаторы» болып табылады. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде «климаттың өзгеруімен байланысты қауіпсіздіктің тәуекелдері» тақырыбында өткен ашық пікірталастың барысында мәлімдеді.
Әлем • 17 Шілде, 2018
Владимир Путин мен Дональд Трамп кездесті
Кеше Финляндияда Ресей мен АҚШ президенттері Владимир Путин мен Дональд Трамптың көптен жоспарланған кездесулері өтті.
Әлем • 17 Шілде, 2018
«Жер жаһанға иелік етсең де, Италияны маған қалдыр». Бұл – италиялық атақты композитор Джузеппе Вердидің «Аттила» операсында Рим генералы Эционың айтқан сөзі. Қазіргі Апеннин түбегіндегі жағдайды Вердидің сол бір ариясымен сипаттасақ қателеспейміз. Еуропаны кезіп жүрген қаржы елесі Италияны айналып өткен жоқ.
Аймақтар • 17 Шілде, 2018
Сарысу ауданында ас тұзы өндіріледі
Жалпы, Сарысу ауданы бұрыннан өндірісі өркендеген, экономикасы дамыған аймақ ретінде белгілі. Аудан орталығы Жаңатас қаласының өзі кезінде ел экономикасында айтарлықтай орны бар шаһар болған. Бүгінгі таңда Жаңатас қаласының әлеуеті қайтадан көтеріліп, өңірде кәсіпкерлік саласына бетбұрыстар жасалуда.
Қазақстан • 17 Шілде, 2018
Бейбіт күннің батырларына – 500 мың теңге
13 шілде – Металлургтер күні мерекесінде Өскеменде өз өмірін қатерге тігіп, қарапайым адамдарды құтқарған қарапайым шығысқазақстандық қайсар азаматтарды анықтау мақсатында ұйымдастырылған «Ізгі жүрек» сыйлығы табысталды.
Қазақстан • 17 Шілде, 2018
Алматы электр энергиясынан тапшылық көрмейді
Алматының Түрксіб ауданында жабық пішіндегі жаңа қосалқы станса іске қосылды. Су жаңа нысан 2008 жылы басталған Алматы қаласын электрмен орнықты жабдықтау бағдарламасын толықтай іске асыруға мүмкіндік беріп отыр.
Қазақстан • 17 Шілде, 2018
Астананың көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту – Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы. Бас қаладағы тұрғындар санының артуы ондағы жол, көлік қозғалысының қиындауына әсер етеді. Бұған қоса, сәт сайын салынып жатқан жаңа ғимараттар, зәулім сарайлар, жаңа алаңдар мен саябақтардың пайда болуы қала картасының өзгеруіне ықпал етеді. Осының барлығын бір арнаға жүйелеп, болашақтың жоспарын бүгіннен бастап дұрыс жүйелеу – басты атқарылатын жұмыстардың бірі. Таяуда Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев елордадағы жаңадан салынып жатқан жол объектілерін аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Қазақстан • 17 Шілде, 2018
Қазір еліміз дамудың қарқынды кезеңіне өтті. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында атап көрсетілгендей, бүгінде әлем төртінші өнеркәсіптік революция дәуірін, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы тарих және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді.