Соңғы жаңалықтар
Үкімет • 12 Шілде, 2018
Б.Сағынтаев инвестициялар тарту, индустрияландыруды дамыту және салық саясаты жөнінде кеңес өткізді
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Қазақстанның Үшінші жаңғыруын жобалық басқару аясында осыған дейін атқарылған жұмыстардың жай-күйі бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.
Аймақтар • 12 Шілде, 2018
Атырауда абаттандыру ережесін сақтамаған кәсіпкерлік субъектілеріне 100 ұйғарым берілді
Атырауда бизнес субъектілерінің іргелес аумақтарды абаттандыру ережесін бұзуын анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар бастау алды деп хабарлады Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 12 Шілде, 2018
Венчурлік қаржыландыруға қатысты заңға қол қойылды
Осы аптада Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне венчурлік қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Аталған құжат жаңа технологиялар нарығын қаржыландыру тетіктерін жетілдіруге бағытталған.
Аймақтар • 12 Шілде, 2018
«Абай-Верн» бағдарламасының сертификаттары табыс етілді
Қазақстан және Франция Президенттерінің қатысуымен 2014 жылы ашылған Абай атындағы ҚазҰПУ жанындағы Сорбонна-Қазақстан институтында «Абай-Верн» бағдарламасының сертификаттарын табыстау рәсімі өтті.
Футбол • 12 Шілде, 2018
Кабананга «Астанаға» қайта оралды
«Астана» және «Аль-Наср» (Сауд Арабиясы) футбол клубтары 2019 жылдың шілдесіне дейін Конго ДР құрамасының шабуылшысы Жуниор Кабананганы елорда командасына жалға беру туралы келісімге қол қойды, деп жазады клубтың ресми сайты.
Аймақтар • 12 Шілде, 2018
Ақтөбеде табиғатқа кері экологиялық әсерін тигізбейтін полиэтилен қалташалар шығарыла бастады
Қазіргі кезде дүкендер мен супермаркеттерден азық-түлік тауарларын сатып алуға келген кез-келген адам оны сол жерден полиэтилен қалташаларға салып алып шығады.
Аймақтар • 12 Шілде, 2018
Көрген де арманда, көрмеген де арманда дегендей, Ақтөбеде ашылған аквасаябақ оған келушілерді таң-тамаша қалдырып отыр. Жас талғамайтын, үлкен-кіші деп бөлмейтін, айырықша демалыс орны қаланың қақ орталығынан орын тепкен.
Аймақтар • 12 Шілде, 2018
Ақтауда радиациялық апат құрбандарына арналған естелік стела ашылды
Ақтауда Чернобыль апаты мен басқа да радиациялық апат құрбандарын еске алуға арналған стела ашылды. Салтанатты жиынға Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Юрий Тимощенко, Қазақстандағы Украина істеріндегі уақытша сенімді өкілі Владимир Джиджора, Чернобыльдіктер республикалық және аймақтық қоғамдық бірлестіктерінің төрағалары мен төраға орынбасарлары қатысты.
Әлем • 12 Шілде, 2018
Ұлттық музей мен Шэньси Тарих музейі бірлесіп көрме өткізді
Бүгін ҚР Ұлттық музейі мен Шэньси Тарих музейі (ҚХР, Сиань қ.) «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» атты халықаралық көрме жобасын жүзеге асыру аясында «Ұлы Дала мұрасы: зергерлік өнер жауһарлары» атты бірегей көрмені ашты, деп хабарлайды ҚР Ұлттық музейінің баспасөз қызметі.
Парламент • 12 Шілде, 2018
Қазақстандық сенаторлар ҚХР-дағы семинарға қатысты
Парламент Сенатының депутаттары Дәурен Әділбеков пен Манап Көбенов шілденің 3-і мен 12-сі аралығында Қытайда болып, Халық өкілдерінің бүкілқытай жиналысы Тұрақты комитетінің Орталық Азия депутаттары үшін ұйымдастырған семинарға қатысты, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
Аймақтар • 12 Шілде, 2018
Алматылық шебер балалар үйінің тәрбиеленушілеріне 30 домбыра сыйға тартты
Алматылық шебер балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан 30 жеткіншекке домбыра сыйлады.
Қазақстан • 12 Шілде, 2018
«Алтын Жүрек 2018» ұлттық сыйлығына үміткерлерді тіркеу басталды
«Baurzhan foundation» жеке қоры 12-рет өткелі отырған «Алтын жүрек» сыйлығына өтініш қабылдауын бастады.
Аймақтар • 12 Шілде, 2018
Жұмысшылар Мәжіліс депутаттарынан тұрғын үйлерді орталықтандырған жылу құбырына қосуға көмек сұрады
Өңірге келген жұмыс сапары аясында Мейрам Пішембаев, Альберт Рау, Александр Суслов, Айгүл Нұркина, Айзада Құрманова мен Анар Жайылғанова «Қазақстан Алюминийі» АҚ-ның өндірістік цехтарына барды.
Өнер • 12 Шілде, 2018
Халықаралық сәулетшілер конгресі өтеді
16-18 шілде күндері «Тәуелсіздік сарайында» Мәдениет және спорт министрлігі Астана қаласының әкімдігі мен Қазақстан Сәулетшілер одағымен бірлесе Халықаралық сәулетшілер конгресін өткізеді.
Аймақтар • 12 Шілде, 2018
Батыс Қазақстан облысының делегациясы Ұлыбританияда болды
Ауыл шаруашылық саласындағы ынтымақтастықты нығайту үшін Батыс Қазақстан облысының делегациясы Ұлыбританияда болды, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 12 Шілде, 2018
Тобыл-Торғай өңіріндегі туризм логистикаға тәуелді болып тұр
Қостанай қаласындағы «Best.kz» туристік компаниясының жетекшісі Гүлмира Қапенованың Торғай өңірінен оралған беті екен. Соңғы жылдары туристердің Торғайға аңсары ауып тұрады. Өйткені жергілікті тұрғындар немесе шетелдіктер болсын, дақпырт шыққан жерді көрсе де, көрмесе де арманда жүретін әдеті. Торғай өңірінде соңғы жылдары табылған геоглифтер тек өзіміздің ғана емес, жер жүзіндегі танымдық дүниеге құмар жандарды ынтықтырып отыр.
Қазақстан • 12 Шілде, 2018
Жарық сөніп халық әбіржіп қалды дегенге Арқабай аса сене қоймады. Қайта оған жарық сөнген екі күнде жұрт демалып қалған сияқты көрінеді. Арқабайдың үйінде өзін қоса есептегенде алты жан тұрады.
Өнер • 12 Шілде, 2018
Жақында елорда мерекесі қарсаңында төр қаладағы Ұлттық музейде «Өткенді еске алу – болашаққа жол» атты көшпелі көрме ашылып, оған Ақмола облысының мәдени ұйымдары өз экспонаттарын әкелді. Осылардың ішінен көпшілік көрермен назарын айрықша аударған дүние кәдімгі қарапайым сүйекті әрлеу арқылы жасалған жәдігерлер.
Теннис • 12 Шілде, 2018
«Президент кубогы» елордада өтеді
Шілде айының 16-22 күндері аралығында Астанадағы «Дәулет» ұлттық теннис орталығында теннистен дәстүрлі халықаралық «Президент кубогі – 2018» турнирі өтеді.
Футбол • 12 Шілде, 2018
Франция ұлттық құрамасы Бельгияны жеңіп, финалға жолдама алды. Тартысты өткен матчта Самуэль Юмтитидің соққан жалғыз голы шешуші болды. Ал Бельгия сол күйі финалдан арманда кетті. «Қызыл сойқандар» ешқашан финалға шығып көрмеген еді.
Бокс • 12 Шілде, 2018
Азия ойындары: боксшылар бабында ма?
Тамыз айының 18-і мен қыркүйектің 2-сі аралығында Индонезия астанасы Джакарта қаласында XVIII Жазғы Азия ойындары өтетіні мәлім. Бірер күн бұрын бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов байрақты бәсекеге қатысатын боксшылардың есімін жариялады. Осы орайда, Азия ойындарына қатысатын былғары қолғап шеберлерінің мүмкіндіктерін, оларға кімдер негізгі қарсылас атанатынын және аталған додада қай боксшылар жүлде алуы мүмкін екендігін саралап көрсек.
Әлем • 12 Шілде, 2018
Қазақстан • 12 Шілде, 2018
Жол-көлік оқиғасын азайтудағы шетел тәжірибесі
Жылына көлік апатының салдарынан әлем бойынша шамамен алғанда 1 миллион 240 мың адам көз жұмады екен. Олардың арасында қаншама бала, жасөспірім бар. Көліктердің кесірінен қаза болғандар саны жөнінен кірісі төмен немесе кірісі орташа елдер алда тұр дейді статистика. Бұдан бөлек, жыл сайын миллиондаған адам жол апаты салдарынан жараланады. Егер жол-көлік оқиғаларын азайтпаса 2030 жылға қарай бұл адам өліміне себеп болатын жетінші көрсеткіш деңгейіне көтерілмек.
Ормуз бұғазы жабылған жағдайда...
Осы айдың басында Иран Ислам Республикасының президенті Хасан Рухани Швейцария еліне жасаған сапары кезінде мұнай импорттаушы мемлекеттер Иранның мұнайын сатып алмаған жағдайда Ормуз бұғазын жауып тастайтындарын мәлімдеді. Президенттің бұл мәлімдемесі АҚШ билігінің Иран мұнайын сатып алмауға өз одақтастарын ықтиярсыз көндіруге бағытталған қысымына байланысты болса керек.
Қазақстан • 12 Шілде, 2018
Альпинизм саласында алдыңғы қатарда
Дүние жүзінде биіктігі 8 000 метрден асатын 14 тау бар. Олардың ұшар шыңы Джомолунгма (8 848 метр), Чогори (8 611), Канченджанга (8 586), Лхоцзе (8 516), Макалу (8 481), Чо-Ойю (8 201), Дхаулагири (8 167), Манаслу (8 156), Нангапарбат (8 126), Аннапурна I (8 091), Гашербрум I (8 080), Броуд-Пик (8 051), Гашербрум II (8 035) және Шишабангма (8 027) деп аталады. Бұл шыңдардың барлығы да Қытай, Непал, Үндістан және Пәкстан елдері аумағындағы Гималай мен Каракорум таулары жүйесінде орналасқан.
Қазақстан • 12 Шілде, 2018
Маралды курорт салуға дайын ба?..
Былтыр Шығыс Қазақстандағы 10 көлдің және бірнеше су қоймасының суына бальнелогиялық зерттеу жүргізіліпті. Нәтижесінде өңірдегі қай өзен-көлдің суы шипалы, денсаулыққа пайдалы екені анықталған. Курорттық аймақ құруға болатын жерлер де белгілі.
Бизнес • 12 Шілде, 2018
Халықаралық агрофорум инвесторларды ауыл бизнесіне шақырды
Астанадағы «Алтын Орда» бизнес орталығында «Қазақстан және басқа да елдердің ауыл шаруашылығы кәсіпкерлерінің әлеуеті мен перспективалары» атты халықаралық форум болып өтті.
Медицина • 12 Шілде, 2018
Сақтық шараларына назар аударуды ескертті
Орталық коммуникациялар қызметінде Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы – Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Жандарбек Бекшиннің қатысуымен жаз мезгіліндегі аурулардың алдын алуға арналған баспасөз мәслихаты өтті.
Елімізде алғаш рет «жасыл» сенбілік өтеді
Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде елімізде алғаш рет «жасыл» сенбілік өтеді. Оның ерекшелігі, тазалықшылардың қоқыстарды іріктеп жинайтындығында болып отыр. Бұл туралы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен «Green Heroes» атты халықаралық конференцияда айтылды.
Аймақтар • 12 Шілде, 2018
Еліміздегі ең көне өндіріс ошақтарының бірі деп Алматыдағы машина жасау зауытын айтуымызға әбден болатын шығар. Олай деуімізге зауыттың ғасырға жуық тарихы себеп. Өндіріс бүгінгі күн талабына бейімделіп, жұмысын жалғастырып тұрған зауыт ретінде де ерекшеленеді. Бұл зауыт дәстүрлі KADEX көрмесінің тұрақты қатысушысы ретінде жаңа әлемдегі әскери және қорғаныс өнеркәсібі саласында да әйгілі.