Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 30 Мамыр, 2018
«Тіл шебері» байқауының жеңімпаздары анықталды
Алматы қаласы Тілдерді дамыту басқармасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында үш тілді қатар меңгерген мемлекеттік қызметшілер арасында «Тіл шебері» қалалық байқауын өткізді.
Қазақстан • 30 Мамыр, 2018
Астана- Вильнюс арасында тікелей әуе рейсі ашылды
Вильнюс әуежайы «SCAT» қазақстандық авиакомпаниясымен орындаған Астанадан алғашқы тұрақты рейсті қабылдады.
Аймақтар • 30 Мамыр, 2018
«Baqytty Bala» халықаралық музыка фестивалі Ақтөбеде өтеді
Димаш Құдайбергеннің және басқа да жұлдыздардың қатысуымен вокалдық конкурстың финалы Ақтөбеде 1-2 маусымда өтеді. 2020 мен 2021 жылдары оны Астана мен Алматы қаласында өткізу жоспарланып отыр.
Аймақтар • 30 Мамыр, 2018
Ертіс ауданы 100 мыңнан астам гектар алқапқа дәнді-дақылдар егіледі
Бұл күндері егіс алқаптарында сандық технологияға негізделген дән себудің заманауи кешендері қолданылуда. Себілетін тұқымның нақты көлемі, жанар-жағармайдың жұмсау мөлшерін автоматтандырылған техника басқаруда.
Қазақстан • 30 Мамыр, 2018
Ақтөбе облысының мектептерінде 20 IT-класс ашылады
Мемлекет басшысының цифрландыруды дамытуға бағытталған тапсырмасын жүзеге асыру аясында экономиканың барлық салалары мен халықтың тіршілігіне цифрлық технологияны енгізу жұмыстары жалғасып жатыр.
Қазақстан • 30 Мамыр, 2018
«Фокус-Қазақстан» жобасының алғашқы көрмесі Берлинде ашылады
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жаһандану дәуіріндегі қазақстандық мәдениетінің бүгіні мен болашағына үлкен мән беріп: «Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз. Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы саясаттағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек», – деген еді. Осы бастаманың негізінде Мәдениет және спорт министрлігі алға қойылған міндеттерді жүйелі жүзеге асыру үшін «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» атты арнайы халықаралық жоба қабылдаған болатын. Аталған жоба аясында өтетін халықаралық «Фокус-Қазақстан» көрмесінің кешенді жоспары Астанада өткен баспасөз мәслихатында таныстырылды.
Аймақтар • 30 Мамыр, 2018
Ауыл балалары IT-орталықтарда оқиды
«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының толыққанды жүзеге асуы ел тұрғындарының тұрмыс-тіршілігін жақсартуға кеңінен жол ашады. Әсіресе, қатардағы азаматтардың цифрлық сауаттылығын арттыру қоғамды қағазбастылықтан құтқарып, барлық саладағы ілгерлеушілікке ұласпақ. Сайып келгенде, цифрландырудың жемісі адамның заманға лайықты өмір сүруі ғана емес, қажетті тұтыну қызметтерін сапалы әрі жылдам алудың алғышартына айналады.
Қазақстан • 30 Мамыр, 2018
Солтүстік Қазақстанның шалғай ауданында коворкинг орталығы ашылды
«Нұр Отан» партиясының қолдауымен шалғайдағы Уәлиханов ауданында коворкинг орталығы ашылды.
Аймақтар • 30 Мамыр, 2018
Қостанай облысының төрт ауданынан улы кенелер табылды
Бұл Қостанай облысы үшін тосын оқиға секілді.
Тарих • 30 Мамыр, 2018
Жәдігер: Капитан Тоқтамышевтың хаты
1917 жылдың соңы Орынборда өткен жалпықазақ құрылтайында Халел Ғаббасов баяндама жасап, халық милициясын, яғни әскер құру туралы ұсыныс көтерді. Нәтижесінде құрылтай шешім қабылдап, әскер құру ісі қолға алынды.
Қазақстан • 30 Мамыр, 2018
Гүлшара Әбдіқалықова Сингапур Ұлттық университетінің профессоры Лим Сионг Гуанмен кездесті
Кездесу барысында Гүлшара Әбдіқалықова биыл Қазақстан мен Сингапур арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 25 жыл толғанына тоқталып, Елбасының тапсырмасымен елімізді дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосуға бағытталған «Қазақстан – 2050» стратегиясының жүзеге асырылып жатқаны, экономиканы, саясатты және қоғамдық сананы қамтитын жүйелі жаңғыру жүргізіліп отырғаны, сондай-ақ мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларында ауқымды өзгерістер қолға алынғаны жөнінде айтты.
Қазақстан • 30 Мамыр, 2018
Өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды зейнетақы жүйесіне тарту күшейтілді
«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ қолданыстағы зейнетақы заңнамасы мәселелері, болашақ зейнетақыны жоспарлау, сондай-ақ, жұмыспен қамту мәселелері бойынша кеңес беру мақсатында тұрғындар арасында ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда, деп хабарлайды, Қордың баспасөз қызметі.
Аймақтар • 30 Мамыр, 2018
Ақмола облысында дауыл соғуы мүмкін
31 мамырда Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел оңтүстік-батыс, батыстан 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 30 м/с жылдамдықпен соғуы мүмкін.
Аймақтар • 30 Мамыр, 2018
Талдықорғанда 2 жасар сәби менингиттен шетінеді
Талдықорғандағы облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында қатерлі дерттен 2 жастан асқан сәби шетінеді. Дәрігерлер науқасқа менингококк инфекциясына шалдыққан деген диогноз қойып отыр.
Әдебиет • 30 Мамыр, 2018
Әлем әдебиеті. Студент және есек
Соғыс аяқталған кез. 1945-46 жылдары Покровка деген жердегі орыс мектебіне барып оқыдым. Онда біз Покровкадан біраз алыста, үлкен өзеннің ар жағындағы айылда – Жидеде тұратынбыз. Бұл қыстақта мектеп жоқ еді. Сондықтан күн сайын Таластың суын кешіп өтетінбіз. Дарияның суы қыста тартылып, ал көктем туғанда биіктегі қарлар, мұзарттар еріп, қойыртпақтанып күркіреп ағатын. Інім Илгиз екеуміз мектепке бірге барамыз. Екеуміздің аяғымызда жалғыз етік. Кейінірек солдаттардыкіндей бір ескі бәтіңке сатып алдық.
Білім • 30 Мамыр, 2018
Тәрбие: Ойнаған бала алғыр болады
Бүгінгі жедел өзгерістер заманында балаға берілетін оқу жүктемесі жүйкесіне ауырлық түсіріп отыр. Осыны аңғарған шетелдік педагог мамандар сабақ уақытында балаға қажет дене қозғалысының қимыл-әдістерін ұсынуда.
Тарих • 30 Мамыр, 2018
Замана запыраны: Бастан бір өткен қасірет
1930 жылы мамыр айында КСРО ХКК «Қазақстанда еңбекпен түзету лагерін құру (ҚазЕТЛАГ) туралы» қаулы қабылдады. 1931 жылы 19 желтоқсанда шешім шығарылып, «Гигант» совхозы ОГПУ-дің Қарағанды жеке еңбекпен түзету лагері болып қайта құрылды. Оны қысқаша «Қарлаг ОГПУ» деп атаған.
Қай бір жылы Мәрмәр теңізінің солтүстік жағалауына сұғынып жатқан Измит дейтін қалаға жолымыз түскен-ді. Түркияның Қоджаелі провинциясындағы бұл шаһар аса маңызды өндірістік ауданның орталығы саналады. Осыдан кейінгі сапарымыз Измиттен аса қашық емес, Қартепе деген ауданда жалғасты. Табиғаттың тамашасын аямай берген бұл өңір де Түркияның ең көрікті жерлерінің бірі.
Әдебиет • 30 Мамыр, 2018
Баяғыда-а, бала күнімізде біздің үй шөлейт даланың бір түкпіріндегі Бақырша деген ауылға көшіп барды. Бара сала абыр-сабыр боп, жүк түсіріп жүргенде айналаға көз салып қарауға да мұршамыз болмапты.
Әдебиет • 30 Мамыр, 2018
Оразадағы ой: Әли хазіреттің жауабы
Пайғамбардың (с.ғ.с) інісі әрі жалғыз қызы Бәтиманың жары, ислам дүниесінің төртінші халифасы Әли ибн Тәліп хазіретіге мұсылманшылыққа бет бұрмай қасарысқан бір пенде келіп: «Ей, Әли, сендер бұл өмір уақытша сынақ деп жүрсіңдер, о дүниеде есеп-қисапқа тартыламыз деп қорқасыңдар, таңнан тұрып намаз оқып, адалдықпен өмір сүреміз деп қиналасыңдар. Осы сендер сеніп жүрген о дүниедегі есеп-қисап болмай қалса не болдыңдар, өкінесіңдер-ау?» дейді.
Аймақтар • 30 Мамыр, 2018
Алматыда «Елдігіміз – бірлікте» көркемсөз байқауы өтті
Рухани жаңғыру – ұлттық бітімімізді, болмысымызды сақтаудың басты көзі. Күн сайын өзгеріп жатқан әлемде ұлттық құндылығымызды сақтаудың жалғыз жолы осы рухани жаңғыру екеніне еш күмән жоқ.
Әдебиет • 30 Мамыр, 2018
Әлемге әйгілі ұлы композитор Фредерик Шопен Францияда көз жұмар алдында «Жүрегім Польшаны сағынатын. Мен Испания, Англия, Францияда болған кезімде Польшаны, Варшаваны жүрегім іздеп тұрды. Менің мәйітім осында қалғанымен, жүрегімді Польшаға жеткізіңдер!» деп өсиет қалдырыпты.
Әдебиет • 30 Мамыр, 2018
Роллан Сейсенбаев. Тәуекел (Эссе)
Көк сарайдың қақ төрінде бойын тік ұстап қасқайып отырған қапсағай денелі, кең маңдайы жарқырап ашық жүзі ойға шомған, Ыдырыс ад-Дәулі Рустани Сұлтан алдына келіп жығылған екі жаушыға назар да салған жоқ. Ол көптен бері өз ойымен өзі болып үнсіз қалған. Қабылдауында отырған уәзірлері мен сарай қызметкерлері томсырайып көздерін сарайдың еденінен алмай бастарын төмен салып кетіпті.
Қазақстан • 30 Мамыр, 2018
Елордамыздың тарихи Ақмола атауының шығу төңірегіндегі ойлардың түрлі нұсқалары болуы орынды. Өйткені қазақтың сайын даласының әр төбесіне атау қоюы сол бетте мөр басылып, қағаз бетінде құжатталмаса да, ауыздан ауызға тарап, мәңгілікке орнап қалады. Десек те кейінгі кезде кейбір нұсқалардың өте қисынсыз, еш негізсіз долбармен айтыла салуына қарсымын.
Тарих • 30 Мамыр, 2018
Жазылған жайдың жалғасы: Бір тәубе, бір өкініш
Жарты ғасырдан астам – кеңестік кезде (1958) жарыққа шығып – қазақтың рухани кәдесіне жараған «Мәдениет және тұрмыс» (кейін атауы «Парасат» боп өзгеріп, осы кезде тиражы бір мыңға жетер-жетпес, шығар-шықпас жаны бар) журналында қызмет еткен жылдарда, әрі аталмыш басылым Мәдениет министрлігінің органы болғандықтан, өзгелерден гөрі әдебиет, өнер, мәдениет өкілдерімен жақындау боп, тым етене демесек те, бір-бірімізді бір кісідей біліп, сыйласып жүрген шақтар есте. Солардың бірі – өнер жолы Мұхтар Әуезов атындағы театрда басталып, сонда тәмамдалған дарынды актер, марқұм Әнуар Боранбаев.
Әлем • 30 Мамыр, 2018
Киевте ресейлік журналисті атып кетті
Киевте ресейлік журналист Аркадий Бабченконы атып кетті. Бұл турасында Украинаның ІІМ алқа мүшесі, жоғарғы Рада депутаты Антон Геращенко өзінің фейсбук парақшасында хабарлады. Оның мәлімдеуінше журналисті пәтерінің алдында атып кеткен. Жаралы журналист жедел жәрдем көлігінде жан тапсырды.
Қазақстан • 30 Мамыр, 2018
Астана жастары оңалту орталығының балаларына мерекелік көңіл күй сыйлады
Балаларды қорғау күнінің қарсаңында «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділері «Қасиетті жол» оңалту орталығының балаларына мерекелік көңіл күй сыйлады.
Аймақтар • 30 Мамыр, 2018
«Астана – Атырау облысының аймақаралық ынтымақтастығы» бизнес-форумы өтті
Астанада жүзеге асқан жарқын жобалар енді Атырауда бастау алады. «Астана – Атырау облысының аймақаралық ынтымақтастығы» бизнес-форумында түрлі салалардағы тиімді байланыс бағытында жеті меморандумға қол қойылды.
Қазақстан • 30 Мамыр, 2018
Таразда Талас өзені арқылы мемлекетаралық су бөлісу мәселесі талқыланды
Жамбыл облысына Қырғыз Республикасы Үкіметінің Талас облысындағы өкілетті өкілі Марат Мұраталиев бастаған делегация жұмыс сапарымен келді. Қырғыз ағайындарды «Айша бибі» шекара бекетінен облыс әкімі Асқар Мырзахметов бастаған жамбылдықтар халқымызға тән құрметпен күтіп алды.
Футбол • 30 Мамыр, 2018
Сауд Арабиясы құрамасының бесінші мүмкіндігі
Жыл басында Сауд Арабиясына сапар шегіп, ислам әлеміндегі ең қасиетті жерлерді көзбен көруге жол түсіп еді. Алланың шапағаты түскен киелі жерлерге тәу ете жүріп, осы мемлекеттегі футбол мәселесіне де назар қойдым. Аталған мемлекетегі "Король қонағы" деп аталатын бағдарлама аясында Сауд патшалығында қонақта болдық. Бұл жобаға енуіме зор септігін тигізген Сауд Арабияның Қазақстандағы елшілігі мен оның қызметкері Бақытжан Нұрмұхановқа алғысымды да айтқым келеді. Себебі Ресейде өтетін әлем чемпионатына Сауд Арабиясы құрамасы да барады. Тіпті, төрт жылда бір келетін дүбірлі доданың алғашқы ойынында арабтар алаң иелерімен кездесіп, шымылдық түрер матчта өнер көрсетеді.