Соңғы жаңалықтар
Жазғы спорт • 29 Мамыр, 2018
Мигель Анхель Лопес спорттық мансабында алғаш рет италиялық Гранд-турда 3-орынды иемденді
101-мәрте өткен «Джиро д’Италия» көпкүндігі 21-кезеңмен тарихи қала Римде өз мәресіне жетті. «Астана» командасы үшін бұл дода қиын өткенімен, табысты аяқталды.
Күрес • 29 Мамыр, 2018
Таяуда Бурабай ауданында қазақ күресінен «Ақмола барысы» турнирі өтті. Айтулы жарысқа 17 аудан мен екі қаладан 28 балуан қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.
Футбол • 29 Мамыр, 2018
Жаһан жаңалықтары. Чемпиондар лигасының символикалық құрамы
Еуропа футбол қауымдастығының одағы (УЕФА) Twitter парақшасына Чемпиондар лигасының 2017/2018 жылғы символикалық құрамын жариялады.
Футбол • 29 Мамыр, 2018
Спорт түрін өзгерткен саңлақтар
Соңғы уақытта әлем спортында бір спорт түрінен екінші спорт түріне ауысатын үрдіс пайда болды. Мысалы, футболдан Англия құрамасы мен «Манчестер Юнайтед» командасының экс-ойыншысы Рио Фердинанд футболдағы мансабын аяқтағаннан кейін, 2 жыл бойы бокспен шұғылданған. Бірақ оған Британияның бокс комитеті (BBBofC) кәсіпқой боксшы лицензиясын беруден бас тартты. Осыған орай әлемде мамандықтарын ауыстырған спортшылардың тізімін жасап және олар не үшін мұндай қадамға барғанын анықтап көрген едік.
Қазақстан • 29 Мамыр, 2018
Қазақстан • 29 Мамыр, 2018
«Бала дауысы» байқауының үшінші маусымы басталды
Өткен аптаның демалыс күндері елордадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған ұлттық «Бала дауысы» балалар ән байқауының үшінші маусымының салтанатты ашылу рәсімі болды. Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорының ұйымдастыруымен еліміздің дарынды балаларына арналған ауқымды жоба Мәдениет және спорт министрлігінің, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының қолдауымен өтті.
Қазақстан • 29 Мамыр, 2018
Ағылшындар «Түркісібті» тамашалады
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген міндеттерді орындау барысында Лондонда мемлекеттік «Қазақстан камератасы» оркестрінің сүйемелдеуімен 1929 жылы түсірілген «Түркісіб» атты тұңғыш деректі фильмнің әлемдік деңгейдегі алғашқы көрсетілімі болып өтті.
Театр • 29 Мамыр, 2018
Астананың 20 жылдығы аясында, Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, жас та болса әлемге аты танылып үлгерген «Астана Опера» театры М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсына тағы да көз тігіп, көрермен назарына оның заманға сай жаңа нұсқасын ұсынды.
Әдебиет • 29 Мамыр, 2018
Аманолла Ғабдолқайұлы. Әулет ғұмыры
Аманолла Ғабдолқайұлы – лауазымды қызметтердің күрмеуі қиын тұстарын айқындаудағы тапқырлығымен, оларды шешуде жоғары билік алдында нақты дәлелдеу, түйіндеу, баяндау, сараптау, өндірісті тікелей басқару шеберлігін өзінің күнделікті қызмет дағыдысына айналдыра білген ұқыпты да, қабілетті басшылардың дәрежесіне жеткен азамат.
Әдебиет • 29 Мамыр, 2018
Мархабай Ааматовтың Қантөре Тоқтомаматов жайлы «Өмір өрнегі» атты кітабын оқығанда туған ой
Өмір – Алла тағаланың адамға берген сыйы ғана емес, қатал сыны да, бұрылысы мен бұралаңы көп, күрмеуі қатты өмірдің тар жол тайғақ кешуінде қиналсаң да сыр бермеу, майыссаң да сынбау шарт.
Әдебиет • 29 Мамыр, 2018
Серік Негимов. Әдебиеттану ғылымының білгірі
Белгілі ғалым Серік Негимовтің шығармашылық жолына үңілетін болсақ, үнемі ізденіс үстінде келе жатқан тынымсыз еңбек адамы екенін айқын аңғаруға болады. Оған Қазақстан әлеуметтік ғылымдар академиясы академигінің, филология ғылымдары докторының «Өлең өмірі», «Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі», «Өнерпаздық өрнектері», «Шешендік өнер», «Халық ақындары творчествосының көркемдік сипаты», «Қазақ өлеңдерінің көркемдігі», «Ақын-жыраулар поэзиясы: Генезис. Стилистика. Поэтика», «Қазақтың сал-серілері», тағы басқа көптеген монографиялары дәлел.
Қазақстан • 29 Мамыр, 2018
Елімізде «Challenge «Сенің жаңа қырың» республикалық спорт бастамасының іске қосылады
Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Challenge «Сенің жаңа қырың» республикалық спорт бастамасының іске қосылуына арналған баспасөз мәслихаты өтті.
Қазақстан • 29 Мамыр, 2018
Олжас Сүлейменов студенттермен кездесті
Олжас Сүлейменовтің шынайы да шымыр шығармалары әлемдік әдебиетте үлкен құбылыс ретінде жоғары бағаланып, мағынасы терең, рухы биік өлең-жырлары бірнеше буынды тәрбиелеп келеді. Олжас Омарұлының гуманист ақын ретінде «Невада-Семей» халықаралық антиядролық қозғалысына басшылық жасаған қызметі де жұртшылыққа жақсы мәлім. Ақынның әр кездегі қоғамдағы тұрақтылық пен ұлтаралық татулықты, бейбітшілік пен достықты қадірлеуге үндейтін ой-пікірлері баршамыз үшін өте құнды.
Әдебиет • 29 Мамыр, 2018
Қазақстан • 29 Мамыр, 2018
Ауыл мектебін бітіріп, үлкен өмірге енді ғана жолдама алып тұрған Көпжасар Нәрібаевтың көңіл ауаны еріксіз Мәскеуге бұрыла берді. Ұстаздары айта беретін М.С.Атлас, А.Л.Дауель, А.Ф.Якович сынды атақты ғалымдардың алдынан сабақ алу болашақ жолы – ғылым жолы екенін естіді. Бұл сыннан да Көпжасар сүрінбей өтті.
Қазақстан • 29 Мамыр, 2018
Сәбидің саулығы сізге де байланысты
Қазақ халқының «Бірінші байлық – денсаулық», «Тәні саудың – жаны сау» деген мақал-мәтелдері адам денсаулығын күтуде терең тәрбиелік және философиялық маңызын жойған жоқ. Неміс философы Артур Шопенгауэрдің айтуы бойынша, «Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты». Демек әркім денсаулығына ерекше мән беріп, ең алдымен өзі жауапты болуы керек. Ал өмір есігін жаңа ашқан сәбидің денсаулығына кім жауапты? Әрине ең алдымен ата-анасы жауапты екені мәлім. Дегенмен сәбилерге екпе салу кезеңінде жауапкершіліктің жүгі ауырлап, ауқымы ұлғая түседі. Өзінің жеке пікірін білдіре алмайтын сәбидің ертеңгі саулығына қатысты, өкінішке қарай, ересектер арасында түсініспеушілік пен түсіндіре алмаушылық та туындайды.
Қазақстан • 29 Мамыр, 2018
Ел ішіндегі Эскулап. Дәрігерлерге неге сын көп айтылады?
«Бірінші байлық – денсаулық» деген сөздің қадірі ешқашан кемімейтіні анық. Өйткені адам үшін жаны мен тәнінің амандығынан аяулы нәрсе жоқ. Ал қазіргідей қоршаған ортаның ластануы мен көлденең факторлардың әсері көбейген шақта денсаулық сақтаудың маңызы одан әрі салмақтанып, озық медициналық қызметке сұраныс көбейетіні белгілі.
Аймақтар • 29 Мамыр, 2018
Сәкен Сейфуллиннің қарашаңырағы
Ақмола ХХ ғасырдың басында жалғыз Сәкен емес, бүкіл қазақ зиялыларының да саяси отаны болғанын ескерсек, елдің есінен кетпес тұлғалардың ішінен алғашқы мұражайлардың бірі Сәкенге бұйыруы заңды құбылыс. Сондықтан да ел-жұрт Астанадағы Сәкен мұражайын Сәкеннің қарашаңырағындай көреді, құрметпен қарайды, рухани азық алады.
Қазақстан • 29 Мамыр, 2018
Сағадат Нұрмағамбетов. Сыпайы генерал, шын сардар
Елбасы – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті қорының қолдауымен, республикалық «Генералдар кеңесі» қоғамдық қорының бастамасымен түсірілген Сағадат Нұрмағамбетовтің өмір өрнегіне салған ізінен сыр тарқататын «Долг. Честь. Отвага» деп аталатын деректі фильмде Сағадат Қожахметұлы жайында пікір білдірген азаматтар «Бауыржан Момышұлы оны «сыпайы генерал» дейтін еді» деп еске алады. Бұл батырдың батырға берген шын бағасы, шынайы сөзі. Ал енді осы күні есімдері ел ішіне аңыз боп тараған қазақтың нар тұлғалы азаматтарының бірін-бірі осылайша бағалап, қолдап-қуаттауы ұрпақтар сабақтастығы үшін зор өнеге болатындықтан, сөзді осыдан бастағанды жөн көрдік.
Аймақтар • 29 Мамыр, 2018
Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың 2017 жылы 12 сәуірде жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ғасырлар бойы тапталған еңсені тіктеп, тәуелсіздік алғаннан бергі жүріп өткен жолды одан әрі тиянақтап, кеткен кемшілік пен жеткен жетістікті екшей отырып, ендігі жасалар жұмысты айқындаған маңызды құжат болды. Мақалада айтылған мәселелер халық жанына жақын, жүрегіне жылы тиіп, олар «көптен күткен көкейдегіні айтты» деп құжатты қуана қабылдады.
Аймақтар • 29 Мамыр, 2018
Жезқазғанда мұражайлардың мүмкіндіктері сараланды
Жақында Жезқазған қаласында жергілікті тарихи-археологиялық мұражайдың 40 жылдық мерейтойы мен Астананың 20 жылдығына арналған республикалық мұражай фестивалі өтті. Мәдени шараны Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында Қарағанды облысының мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасы ұйымдастырды.
Қазақстан • 29 Мамыр, 2018
Мира Шүйіншәлиева: Сананы сілкіп, жайықты жаңғыртқан рух
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының жарық көргеніне мінекей, бір жылдан асып барады. Осы айтулы әрі маңызды, мағынасы ерекше мақаланы тұшына оқыған Жайық жұрты таяуда өңірімізге ресми сапармен келген Елбасына ризашылығын айтып, сананы сілкіп, рухты жаңғыртқан, тарихтың төрінен ойып тұрып орын алған маңызды мақала аясында жан жадыратар жарқын істер жалғасып жатқанын жеткізді. Мемлекет басшысы да өңірде бес әлеуметтік бастаманың үздіксіз дамып жатқанына куә болып, атқарылған істерді оң бағалады.
Футбол • 29 Мамыр, 2018
«Реал» – «Ливерпуль». Бұл финал біразға дейін ұмытылмас
Өткен уикендте Чемпиондар лигасының финалдық ойыны өтті. Қарт құрлықтың басты додасында Испанияның «Реалы» Англияның «Ливерпулін» 3:1 есебімен ұтқан болатын. Осы жеңісі арқылы Мадридтің командасы үшінші жыл қатарынан Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанып, тарихты жаңартты. Зинедин Зидан бастаған ұжымның осы турнирдегі жетістігінің сыры неде? Ал осыған дейін алпауыт командаларға сес көрсетіп келген «Ливерпульдің» жеңілісіне не себеп болды?
Қазақстан • 29 Мамыр, 2018
Ас беру. Дарақылыққа қашан тоқтау болады?
Қазақ деген халық дүниеден өткен ата-ана, тума-туыстарды ерекше құрмет тұтып, оларды әркез еске түсіріп отырамыз. Аруақтарды еске алып, олардың құрметіне ағайын, ілік-жұрағаттардың, дос-жарандардың басын қосып, ас беру ізгілікті іс деп саналады. Осы үрдіс соңғы жылдары бұрынғыдан да кең етек ала түсті.
Қазақстан • 29 Мамыр, 2018
«Түс оңалмай – іс оңалмайды» дегенде атам қазақ нені меңзеді екен? Түстің тылсым құпияларын ғалымдар тынымсыз зерттеумен келеді.
Қазақстан • 29 Мамыр, 2018
Әскери өмірдің айбыны саналатын Мемлекеттік күзет қызметі 26 жыл қатарынан ел игілігі мен қоғам қауіпсіздігі жолында табанды түрде қызмет етіп келеді. Ширек ғасыр бойы өз жұмысын мінсіз атқарған қуатты құрылымның қатары биыл да жас сарбаздармен толығып отыр.
Қазақстан • 29 Мамыр, 2018
Астанада қауіпсіздік ережелерін сақтау шаралары жүргізілді
Кеше Үкімет үйінің баспасөз орталығында өткен брифингте Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин елдегі ойын-сауық орталықтары мен білім ошақтарына жасалған мемлекеттік тексерістің қорытындыларымен таныстырды.
Аймақтар • 29 Мамыр, 2018
Батыс Қазақстанда балғын қаламгерлер марапатталды
Батыс Қазақстан облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттері былтыр шыға бастағанына 100 жыл толған мерейтойын атап өткен еді. Осы датаға орай ұйымдастырылған балалар шығармашылығы байқауы биылғы оқу жылының соңында қорытындыланып, кішкентай жеңімпаздар танымал қаламгерлердің қолынан сый-сияпат алды.
Қазақстан • 29 Мамыр, 2018
Жақында қолыма журналист Сейфолла Шайынғазының «Егемен Қазақстан» газетінің 2018 жылғы 11 мамырдағы №86 нөмірінде жарияланған «Осы біз қалай демалып жүрміз?» атты мақаласы түсті. Әуелі тақырыбына қарап «жаз мезгілі келе жатыр, Қазақстандағы демалыс орындары туралы жазылған болар» деп ойлағаным рас.
Қазақстан • 29 Мамыр, 2018
Алматыда цифрлы журналистиканың мүмкіндіктері талқыланды
Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен «Q trend» жобасы аясында латын әліпбиіне көшудің барысына арналған «Журналистика және цифрлы Қазақстан» форумы болып өтті.