Соңғы жаңалықтар
Президент • 26 Ақпан, 2018
Дариға Назарбаева Ли Куан Ю бағдарламасы бойынша Сингапурда болды
Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева Сингапур Үкіметінің бастамасы бойынша Ли Куан Ю атындағы алмасу бағдарламасына қатысу мақсатында Сингапурда болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Қазақстан • 26 Ақпан, 2018
Өмір өзгерістен тұрады. Қазақстан Республикасының Президенті латын графикасына көшу туралы тәуелсіздік алған күннен бастап ойлап, оны жүзеге асыру жолдарын қарастырды. Бірақ Қазақстандағы экономикалық, демографиялық жағдай тосын шешім қабылдауға мүмкіндік бермеді. Сондықтан да өмірді терең танитын, әлемдік саясаттың ішкі иірімдерін жақсы білетін болғандықтан, Н.Ә.Назарбаев: «Кімге күш көрсетеміз? Жан-жақты көршілермен қырғи-қабақ болып ертеңгі күні елімізді үлкен-үлкен ұлттарға, елдерге қарсы қойып талан-таражға түсірсек, тіл тұрмақ бас қайғы болады. Шыдау керек. Көпірден өтетін уақыт онша көп емес. Бір он бес-жиырма жыл уақыт керек», – деп еді «Қазақ тілі» қоғамының құрылтайында. Президент айтқандай, содан бері 26 жыл өтті. Қазақстан әлем мойындаған мемлекетке айналды. Өз мемлекетінде өзі азшылықта болған қазақ халқының үлес салмағы 65 пайыздан асып жығылды. Ұлттық жаңғыру жүріп жатты.
Қазақстан • 26 Ақпан, 2018
«Имстальконның» аяғынан тұсау алынды
Республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің 2016 жылғы 2 тамыздағы №146 (28874) санында «Араша» айдарымен «Сбербанктің» тәбеті тартып барады... немесе «Имстальконның» өндірістік қуатына тұсау қалай салынды?» атты сын мақала жарияланған болатын. Онда ғимарат салуда өзіндік қолтаңбасы бар, металл құрылғыларын жасау мен құрастыруда республикамызда бірінші болып 1991 жылы өндірістік қызметін жаңаша бағытта бастаған, байырғы «Казстальконструкция» құрастыру тресінің (1956 ж.) заңды мұрагері тәуелсіз Қазақстанның құрдасы «Имсталькон» АҚ пен ресейлік «Сбербанктің» арасында туған түйткіл туралы жазылған.
Қысқы спорт • 26 Ақпан, 2018
Қош, Пхенчхан! Көріскенше, Бейжің!
Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында XXIII қысқы Олимпия ойындары ресми түрде аяқталды. Кеше 17 күн бойы Олимпиаданың ордасына айналған Пхенчханда Олимпиада туы төмен түсіріліп, Пхенчхан қаласының мэрі Олимпия туын ХОК президентіне қайтарып берді. Өз кезегінде Томас Бах оны 2022 жылғы қысқы Олимпиада астанасы – Қытайдың Бейжің қаласының мэріне ұстатты. Ал соңынан халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Томас Бах Пхенчхан қысқы Олимпия ойындары жабық деп жариялады. Сөйтіп тағы бір Олимпия ойындары тарих қойнауына енді. Пхенчхан Олимпиадасы барлық жағынан алғанда да өзінің алдындағы ойындардан бір саты жоғары деңгейде өтті. Оны Олимпия ойындарына қатысы бар мамандардың барлығы айтады.
Қазақстанның тәуелсіздік алғалы бергі сыртқы экономикалық саясаттағы басым бағыттарының бірі – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) екіжақты қарым-қатынастарды тығыз орнатып, оны жүйелі түрде дамыту болып табылады. Сол себептен, еліміз алғашқы күннен өз даму жолында нарықтық экономиканы таңдап, мемлекетімізде жекеменшік кепілдігін орнатып, экономика заңдылықтарымен жүріп келеді.
Қазақстан • 25 Ақпан, 2018
Астанада ашылатын төртінші ауданға Байқоңыр атауын беру мақұлданды
Жақында қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының қоғамдық тыңдауында Астанада ашылатын төртінші ауданға Байқоңыр атауы ұсынылып, мақұлданды, деп жазады «Астана Ақшамы» газеті. Осы аптада қалалық ономастикалық комиссия бұл атауды талқылап, бекітті.
Аймақтар • 25 Ақпан, 2018
Павлодар облысында жергілікті ЖОО үшін 200 грант бөлінді
Жыл сайын мектеп бітірер кезде ҰБТ-ға қатыспайтын өңір түлектері алыс және жақын шетелдерге оқуға аттанады. Былтыр 11-сыныпты бітіретін өңірдегі 3738 оқушының 2676-сы немесе 71,5 пайызы тестілеуге қатысқан.
Аймақтар • 25 Ақпан, 2018
Алакөл жағасын абаттандыру жұмыстары биыл да жалғасады
Былтыр облыстық бюджеттен қомақты қаржы бөлініп, айдынды Алакөлдің жағасы адам танымастай кейіпке енгені белгілі. Көл жағасын абаттандыру жұмыстары биыл да жалғасын табады.
Кино • 25 Ақпан, 2018
Берлин-2018 кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды
Румыниялық кинорежиссер Адина Пинтилиенің картинасы бас жүлдеге лайық деп танылды.
Қысқы спорт • 25 Ақпан, 2018
Олимпиада-2018: Ресей құрамасы тұңғыш рет хоккейден алтын алды
Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарында Ресейдің олимпиадалық атлеттері командасы хоккейден алтын медаль жеңіп алды.
Аймақтар • 25 Ақпан, 2018
Ақмола облысында ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында 72 мыңнан астам тұрғынның қатысуымен аудандар мен қалалар, ауылдық және кент округтері әкімдерінің 673 есеп беру кездесуі өтіпті. Солардың ең маңыздысы бұрнағы күні өңір басшысы Мәлік Мырзалиннің есеп беруі болды. Көкшетау мәдениет үйінде өткен шарада бос орын қалмады. Және де сұрақ қоямын деушілер микрофонға кезекке де тұрды. Жаңаша форматта өткен шараны ұйымдастыру жоғары деңгейде жүргізілгені көрініп-ақ тұрды. Ал атқарылған шаруаның жайы қалай?
Аймақтар • 25 Ақпан, 2018
2018 жыл Ақтөбе облысында «Бала жылы» деп жарияланды
Ақтөбе облысында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Бақытты бала» ауқымды жобасы балалардың толыққанды дамуы үшін барлық жағдайларды жасауға бағытталып отыр.
Аймақтар • 25 Ақпан, 2018
Оралда құсбегілердің республикалық «Қансонар-2018» турнирі өтіп жатыр (ФОТО)
Орал қаласының іргесіндегі ортағасырлық Жайық шаһарының аумағында, Желтау биігінде құсбегілер арасында «Қансонар» республикалық турнирі басталды.
Қазақстан • 24 Ақпан, 2018
Премьер-Министрдің Бірінші орынбасары Асқар Мамин Түрікменстан Президентімен кездесті
КР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Түрікменстанның Мары қаласында болды.
Қазақстан • 24 Ақпан, 2018
Заң бұзған мыңға жуық шетелдік елден шығарылды
«Мигрант» операциясы кезінде заң бұзған 1000 шетелдік елден шығарылды, 7 мың шетелдік әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Егемен.
Қысқы спорт • 24 Ақпан, 2018
Олимпиада - 2018: Шаңғышы Денис Волотка жарыс жолынан шығып қалды
Бүгін Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтіп жатқан ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында шаңғы спортынан ерлер арасында 50 шақырымдық классикалық жарыста отандасымыз Денис Волотка жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аймақтар • 24 Ақпан, 2018
Былтыр Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдары халыққа 1 253 841 қызмет көрсеткен
Маңғыстау облысы әкімдігінде семинар-кеңес өтті, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 24 Ақпан, 2018
Францияның Ұлттық Ассамблеясында қазақстан-француз стратегиялық серіктестігінің болашағы талқыланды
Бүгін Бурбондар Сарайында Қазақстанның Француз Республикасындағы Елшісі Жан Ғалиевты «Франция-Қазақстан» парламентаралық достық тобының Төрағасы Пьер Кабаре қабылдады. Кездесуге Парламенттің төменгі палатасының вице-спикері Кароль Бюро-Боннар, Сыртқы істер жөніндегі комитеттің мүшесі Анни Шапёлье, сонымен қатар, достық топ хатшылығы мен Қазақстан Елшілігінің қызметкерлері қатысты.
Қазақстан • 24 Ақпан, 2018
Минскіде Қазақстан мен Беларусь СІМ арасындағы саяси консультациялар өтті
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ғалымжан Қойшыбаев Минск қаласында Орнықты даму мақсатына жету жөнінде (ОДМ) БҰҰ- ның өңірлік форумына және Қазақстан мен Беларусь арасындағы сыртқы саяси ведомстволар саяси консультацияларға қатысты, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Парламент • 23 Ақпан, 2018
Сенатор Д.Назарбаева Сингапурда болды
Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева Сингапур Үкіметінің бастамасы бойынша Ли Куан Ю атындағы алмасу бағдарламасына қатысу мақсатында Сингапурда болды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі.
Аймақтар • 23 Ақпан, 2018
ШҚО әкімі тұрғындар алдында есеп берді
Жылдағы дәстүр бойынша Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов те өңір тұрғындары алдында есеп берді. Бүгін Өскемендегі облыстық драма театрда өткен есептік кездесуге Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Талғат Байзатов қатысты.
Парламент • 23 Ақпан, 2018
Қазақстандық парламентшілер ЕҚЫҰ ПА қысқы сессиясына қатысты
21-23 ақпанда Қазақстан Республикасы Парламентінің делегациясы ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының қысқы сессиясына қатысу үшін Венада сапармен болды. Делегация құрамында Сенат депутаттары Дархан Кәлетаев, Дулат Құсдәулетов, Төлеубек Мұқашев, Михаил Бортник және Мәжіліс депутаты Құралай Қаракен болды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі.
Бизнес • 23 Ақпан, 2018
Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті
Бүгін Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Онда ведомство басшысы Қанат Бозымбаев баяндама жасады.
Әдебиет • 23 Ақпан, 2018
Оралхан Бөкейдің ағылшын тілінде жарық көрген кітабының тұсаукесері өтті
Астанада Оралхан Бөкейдің ағылшын тілінде жарық көрген «Кісі киік» кітабының тұсаукесері өтті. ПЕН-клубтың «Біз – қазақпыз» жобасы аясында осыған дейін Мұхтар Әуезовтің әңгімелері, Мұқағали Мақатаевтың таңдамалы өлеңдері, Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» романы, Олжас Сүлейменовтың «Код слова» кітабы, Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы және Герольд Бельгер мен Смағұл Елубайдың кітаптары ағылшын тіліне тәржімаланған болатын.
Қазақстан • 23 Ақпан, 2018
СҚО-да Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасы Қорының күндері өтуде
Петропавл қаласының С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық кітапханасы жаңа компьютерлік жабдықпен жарақталады. Бұл сыйлықты Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Қоры тарту етті.
Қаржы • 23 Ақпан, 2018
Банктер мен Қаржыгерлер қауымдастығы қазақстандықтарға үндеу жариялады
Kaspi Bank, Home Credit Bank, Forte Bank, Eurasian Bank және Қазақстан Қаржыгерлері қауымдастығы алаяқтық мәселесі бойынша халыққа үндеу жариялады, деп хабарлайды ҚҚҚ баспасөз қызметі.
Қазақстан • 23 Ақпан, 2018
Гүлшара Әбдіқалықова елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова елшілерден сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлады akorda.kz.
Қазақстан • 23 Ақпан, 2018
Жылда 500-ден астам жол апаты автобус жүргізушілерінің кінәсінен болады - ІІМ
Ішкі істер министрлігі мен Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп өткізген «Автобус» жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысын шығарды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабаралды.
Қысқы спорт • 23 Ақпан, 2018
Мати Алавер: Полторанин медаль медаль алмаса жалақымның бір тиынын қалдырмай қайтарып беремін
Қазақстандық шаңғышы Алексей Полтораниннің жаттықтырушысы эстониялық Мати Алавер маңызды мәлімдеме жасады. Бұл туралы caravan.kz хабарлады.
Қазақстан • 23 Ақпан, 2018
Алматыда Әлемдік экономика және саясат институты алаңында сарапшылар кездесуі өтті
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының (ӘЭСИ) алаңында адами капиталдың дамуын талдауға арналған сарапшылық кездесу өтті.