Соңғы жаңалықтар
Жазғы спорт • 30 Қараша, 2017
Қазақ күресі Конфедерация Кубогына қосылды
Жақында Алматыда Конфедерация Кубогы 2-ші рет өткізілгелі отыр. Бокс, дзюдо, таеквондо, грек-рим және еркін күрес түрлерінен өткізілетін ерекше форматтағы жарысқа биыл төл спортымыз Қазақ күресі қосылды.
Президент • 30 Қараша, 2017
Нұрсұлтан Назарбаев Минскіде Қырғызстан президентімен кездесті
Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ОДКБ) саммиті аясында Минскіде Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековпен екіжақты кездесу өткізді.
Әлем • 30 Қараша, 2017
Судьяның шешіміне наразы болған командир у ішіп қайтыс болды
Босниялық хорват әскерлерінің бұрынғы командирі 72 жастағы генерал Слободан Пральяк 20 жылға сотталғаны туралы сот шешімін естіген бетте у ішті. Судьяның айтуынша, ол қайтыс болды. Бұл туралы BBC хабарлады.
Футбол • 30 Қараша, 2017
«Қайрат» Төрттік финалдан тыс қалды
Футзалдан Алматының «Қайрат» клубы УЕФА кубогының Төрттік финалына шыға алмады. Қазақстандық команда финалға жолдама беруші соңғы іріктеу кезеңде «D» тобында Испанияның «Интер-Мовистар», Португалияның «Брага/ААУМ» және Румынияның «Дева» командаларымен бір топта сынға түсті.
Аймақтар • 30 Қараша, 2017
Алматы көшелеріне бірқатар тұғырлы тұлғалар есімдері берілді
Алматыда көшелерге Кенесеры хан, Әзілхан Нұршайықов, Жұмекен Нәжімеденов, Қадыр Мырза Әли, Тұманбай Молдағалиев, Шыңғыс Айтматов, Герольд Бельгер, Талғат Бигелдинов, Ермек Серкебаев, Шәкен Ниязбеков сынды қазақ тарихы, әдебиеті, мәдениетіне еңбегі сіңген танымал тұлғалардың есімдері беріледі, деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Парламент • 30 Қараша, 2017
Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының отырысы өтті
Сенаторлар Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартын ратификациялады және тұрғын үй туралы заңнамаға түзетулерді қабылдады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі хабарлады.
Медицина • 30 Қараша, 2017
Әлем • 30 Қараша, 2017
Солтүстік Корея баллистикалық зымыранды сынақтан өткізді
Солтүстік Корея кезекті рет баллистикалық ракетасын сынақтан өткізді.
Тұңғыш Президент күніне орай «Астана» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы Шымкентте 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай бірінші кезектегі «Астана» тұрғын үй кешені пайдалануға берілді.
Қазақстан • 30 Қараша, 2017
Қоғамдық сананы жаңғырту туралы сауалнама жүргізілді
Тұңғыш Президент мерекесі күні қарсаңында Астанада 2017 жылы Еуразия институты жүргізген «Н.Ә. Назарбаев – қоғамдық сананы жаңғырту» және «Н.Ә. Назарбаев – Еуразиялық интеграциялық үрдістер: жаңғырту перспективалары» атты кешенді әлеуметтік зерттеулер жұмыстарының нәтижелері ұсынылды.
Аймақтар • 30 Қараша, 2017
Тұрғындармен кездесуге шектеу жоқ
Егер үлкенді-кішілі деңгейдегі атқарушы органдарда қызмет жасайтын жетекші тұлғалар өзіне тікелей тапсырылған міндеттерді салақсытып жіберсе, немесе өзіне жүктелген жауапкершілікті сезінбесе –сөгіс алуы әбден мүмкін. Сондай-ақ қоғамдық өмірде сөгіс өзге де әрқилы жағдайларда жарияланады. Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі лауазымды тұлғаға дағдылы тәжірибеден тыс берілген ерекше бір сөгіс жөнінде жергілікті басылымдар арқылы ақпарат таратты.
Президент • 30 Қараша, 2017
Елбасының Беларусь Республикасына сапарының бейнеролигі шықты
Ақорданың баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың Беларусь Республикасына ресми сапары аясында Александр Лукашенкомен өткізген екіжақты кездесулерінің қорытындысы бойынша бейнероликті жариялады.
Қазақстан • 30 Қараша, 2017
Жасампаз жылдар – жарқын болашақ тұғыры
Еліміз тәуелсіздігін алған уақыттан бергі жылдарда қоғамда көптеген өзгерістер мен жаңарулар орын алуда. Қазақстанның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық өмірінде ұлы өзгерістер легі жыл сайын арта түсуде. Тәуелсіздік жылдарындағы жеткен барлық жетістіктер еліміздің негізін салып, оны дамудың бүгінгі биігіне жеткізген Елбасы есімімен тығыз байланысты.
Қазақстан • 30 Қараша, 2017
Аймақтар • 30 Қараша, 2017
Шаяндарды зерттеген ғалым жүлдегер болды
Облыс орталығындағы жоғары оқу орындары, кәсіпорындар өкілдері, студент жастар арасында «Жас Ғалым-2017» облыстық байқауы өтті. Байқауда С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университеттің жас ғалымдары бірнеше жоба бойынша жүлдегер атанды
Қазақстан • 30 Қараша, 2017
Кеше елорда төрінде орналасқан Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-де еліміз территориясынан тыс жерде туып-өсіп, тәуелсіздіктен кейін атамекенге оралған қазақ зиялыларының бастамасымен құрылған «Тарихи атажұрт» қоғамдық бірлестігінің ұйытқы болуымен «Рухани жаңғыру және отандастардың елдік болмысы» атты конференция болып өтті.
Аймақтар • 30 Қараша, 2017
Павлодарда бір күнде 432 отбасы баспаналы болды
Облыс орталығында жаңадан салынып жатқан «Сарыарқа» шағын ауданында 3 тұрғын үй пайдалануға берілді. Жарқыраған жаңа үйлер еліміздегі «Өңірлерді дамыту-2020» және «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бой көтерді. Әкімдіктің хабарынша, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында биік үйлерді «Project City Group» ЖШС салған, құрылыс құны 3,4 млрд теңге. Жалдау құны бір шаршы метрі – 1110 теңге.
Парламент • 30 Қараша, 2017
1991 жылы 1 желтоқсанда біздің елімізде бірінші рет халықтың қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы болды. Оның қорытындысында Нұрсұлтан Назарбаев Президент болып сайланды. Мемлекет басшысы сайлауға қатысқан сайлаушылардан 98,78 пайыз дауысын алып, керемет жеңістің биік тұғырынан табылды. Бұл ең алдымен егемендікке енді еркін қадам баса бастаған республикамыз басшысының сол кездің өзінде халықтың үлкен сеніміне ие болып үлгергенін танытты. Бұл көрсеткіш оның жаңа саяси жүйедегі Президент лауазымына қаншалықты лайық екенін нақты айқындап берді. Тап осы 1 желтоқсан еліміздегі ең бір елеулі күндердің бірі ретінде тарихта мәңгіге қалды. Сондықтан да ол 2011 жылғы 14 желтоқсанда «Президент күні» ретінде тәуелсіз Қазақстанның мерекелері тізіміне ресми түрде енгізілді.
Қазақстан • 30 Қараша, 2017
Қанаттаса дамуды қозғайтын қуатты күш
Ресей Федерациясы мен Қазақстан Републикасының президенттері қатысқан Челябі қаласындағы ХІV өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында екі ел университеттері ректорларының форумы өтті. Оған Қазақстаннан – 49, Ресейден 77 ректор қатысты.
Қазақстан • 30 Қараша, 2017
Бағдарламаны Еуроодақ қаржыландырады
Елордада Еуропалық одақ қаржыландыратын Шекараларды басқаруға қолдау көрсетуге бағытталған бағдарламаны үйлестіру тобының үшінші аймақтық отырысы өтті. Жыл сайын өткізілетін отырысқа Еуропалық одақтың Қазақстан мен Қырғызстандағы өкілдері, Сыртқы істер министрліктерінің және кеден ведомстволарының қызметкерлері қатысты.
Қазақстан • 30 Қараша, 2017
Электронды кітапхана іске қосылады
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ-та Ғылыми-техникалық басқарудың автоматтық жүйесі платформасында «Электронды сандық кітапхана» жобасы жүзеге асырылмақ. Ғылыми-техникалық ақпарат және сараптау орталығының директоры Наталия Смольянованың айтуынша, цифрлы технологиялы кітапхана жобасын жүзеге асыру «iOS» және «Android» операциялық жүйесіне мобильді қосымша енгізу арқылы техникалық ақпараттарға компания қызметкерлері әлемнің кез келген түкпірінде жүріп қол жеткізе алады.
Аймақтар • 30 Қараша, 2017
Латын қарпімен шыққан кітап көрмесі
«Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы мен Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы бірлесіп ұйымдастырған көрменің негізгі мақсаты – Мемлекет басшысының «Қазақ тілі әліпбиін латын қарпіне көшіру туралы» Жарлығына қолдау білдіру.
Қазақстан • 30 Қараша, 2017
Әскери патриотизмнің әлеуеті зор
Жаңа қазақстандық патриотизм мен ұрпақтар сабақтастығы принциптерінің негізінде жеке құрамның моральдық-психологиялық рухын қалыптастыру Қарулы Күштердің басты тапсырмаларының бірі.
Қазақстан • 30 Қараша, 2017
БҰҰ Бас Ассамблеясының бірінші комитеті Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күнін қолданысқа енгізген БҰҰ Бас Ассамблеясының 64/35 қарарын жаңартуға бірауыздан қолдау білдірді.
Ұлттық спорт • 30 Қараша, 2017
Қырыпсал қырандар қанжыға майлады
Өткен аптаның демалыс күндері Алматы облысы Талдықорған қаласы маңындағы Сырымбет тауының баурайында салтанатты салбурын болып, ауыл тұрғындары мен еліміздің түкпір-түкпірінен және Қытай мен Моңғолиядан арнайы келген қонақтар үш күн бойы Алтайдың ақиығы, Боғданың қарагері, Нарынның ақшегірі, Көкшенің мұзбалағы, Сауырдың сабалақ сарысы сынды 48 бүркіт, 4 қаршыға, 4 ителгі қатысқан халықаралық қансонардың қызығына батты.
Қазақстан • 30 Қараша, 2017
Өзбек пен қазақ түбі бір түркі балалары болуымен өзара жақындай түседі. Екі ұлт бір-біріне кірігіп, құдаласып, қораласып жатуының нәтижесінде бүгінде Өзбекстанда 1 миллиондай қазақ өмір сүріп жатса, Қазақстанда 0,5 миллионға жуық өзбек тұрып жатыр. Екі мемлекет те өз диаспораларына қамқорлық жасауға мүдделі.
Президент • 30 Қараша, 2017
Алматыда Назарбаевтың атына көше берілді
Алматыда Фурманов көшесінің атауы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы болып өзгертілді, деп хабарлайды egemen.kz.
Әдебиет • 30 Қараша, 2017
Әйгілі археолог Әлкей Марғұлан бірде экспедицияда жинаған қазақтың ою-өрнегiн Мырзатай Жолдасбековке көрсетiп, мынау дүниелердiң Еуропа үшiн әрқайсысы – сенсация, ал қазақ үшiн түк те емес», деп кейiген екен. Біз сөз етпек Күршім ауданының Маралды ауылының маңынан табылған құнды жәдігерлер ұлт зиялысының осы бір сөзін еріксіз еске түсіріп отыр.
Президент • 30 Қараша, 2017
Билік институттары мен ел азаматтарының өзара байланысы мен өзара жауапкершілігі әркез мемлекет дамуы деңгейінің белгілі бір индикаторы болып келеді. Мемлекеттік органдар мен қоғам және азаматтық институттар арасындағы өзара қарым-қатынас құқын қазақ қоғамында ежелден қалыптасқан дәстүрлі «дат» институтының конституциялық бекітілуінің заманауи көрінісі деп айтуға әбден болады. Осы орайда, Мемлекет басшысының атына қазақстандықтардан күн сайын көптеген хат-хабарлар келіп түсіп жатады. Біреулері Президентке ризашылықтарын білдірсе, келесі біреулері өмірлік маңызы зор мәселесін шешуде соңғы инстанция ретінде қайырылады.
Бизнес • 30 Қараша, 2017
Отандық бизнестің бағыт-бағдары мен оң-солы бағамдалды
Астана қаласында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының кеңейтілген отырысы өтті. Алқалы жиынға Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев және Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігі, Үкімет, орталық мемлекеттік органдар мен бизнес-қауымдастық өкілдері қатысты.