Соңғы жаңалықтар
Астанада екінші ауысымда оқитын оқушылар мен колледждің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды
Бүгін ауарайының қөолайсыздығына байланысты Астанада екінші ауысымда оқитын оқушылар мен колледждің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды
Аймақтар • 11 Қаңтар, 2018
Көк айдынды Каспий жергілікті тұрғындарды бір шошытып алды. Бұған дейін итбалықтардың жаппай өлуімен дүйім елді дүрліктірген теңіз енді қызыл түске еніп шыға келді.
Аймақтар • 11 Қаңтар, 2018
Менің атым – Студент!.. – дейді Кеңтүбек ауылдық әкімдігінде бас маман болып қызмет атқаратын жігіт. Ауданға барған жолсапар кезінде танысып, оның аты-жөні ерекше әрі қызық естілетініне таңғалып, бір күліп алғанымыз да бар
Руханият • 11 Қаңтар, 2018
Қобыз – қазақтың жаны десек артық айтқандық емес. Алаш баласы ол аспапты ертеден қасиет тұтып, тіпті жаны бар құбылыс деп білген. Тарихтың тылсымына бойлайтын болсақ, қобыздың бәйгеге қосылғаны есімізге түседі. Қобыз туралы небір аңыздар санамызда қайта жаңғырады. Жуырда Жезқазған қаласынан табылған көне аспап та санамыздың рухани жаңғыруына осылай әсер еткен.
Қазақстан • 11 Қаңтар, 2018
Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты төтенше жағдай жарияланды
Табиғи жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің шешімімен табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Бұл astana.gov.kz сайтында хабарланды.
Футбол • 11 Қаңтар, 2018
Ұзынтұралар құрамасы һәм «шалдар» командасы
Футболдан әлем чемпионаты бұрын-соңды Қазақстанға іргелес елде әлі өтпеген еді. Мысалы, мундиальдің ойындары өтетін Самара қаласы мен Оралдың арасы небәрі 260 шақырым ғана. Әлем чемпионаты жайлы егжей-тегжейлі жазатын «Егемен Қазақстан» газеті бүгін оқырмандарға командалардың жас мөлшеріне байланысты мәліметтерін ұсынады.
Аймақтар • 11 Қаңтар, 2018
Атырау облысында басқарма басшысы тағайындалды
Бүгін Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Сағындық Лұқпанов облыс активіне жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жаңа басшысын таныстырды.
Аймақтар • 11 Қаңтар, 2018
2017 жылы Атырау облысының 22 мың жұмыссыз тұрғыны жұмысқа орналасты
30 мыңнан астам адам әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қысқы спорт • 11 Қаңтар, 2018
Қысқы Олимпиада: Көк ту Пхенчхан аспанында желбіресін
Санаулы күндерден соң Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында төрт жылдықтың басты додасы – Қысқы Олимпия ойындары басталады. Осыдан бірер күн бұрын Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасары Серік Жарасбаев Пхенчхан Олимпиадасында Қазақстан туын шорт-трекші Абзал Әжғалиев ұстап шығатынын мәлімдеді.
Қысқы спорт • 11 Қаңтар, 2018
Аяулым ӘМІРЕНОВА, фристайлшы: Бұл – менің тұңғыш Олимпиадам
...2017 жылдың 21 ақпаны. Өскемен теміржол вокзалына бүгін жанкүйерлер көп жиналыпты. Соңғы екі-үш күннен бері Алтайдың ақ бораны тыным таппай құтырып-ақ тұр, бүгін де таңертең басталған қар аралас ақтүтек қала тұрғындарының мазасын алған сыңайлы. Алайда вокзалға жиналған бір топ жанкүйер оны елейтін емес, «Алматы-Защита» бағытымен келіп тоқтаған пойызға қарай лап қойды. Оның жөні де бар. Фристайлдың могуль түрінен сонау айшылық алыстағы Аустрия, Франция, Швейцариядағы Альпі тауларының аспанмен тілдескен сілемдерінде өткен кезекті Еуропа кубогы жолындағы жарыста 3 алтын, 1 күміс, 1 қола алып, айды аспанға шығарған, 7 кезеңнен тұратын Еуропа кубогында бас жүлде мен хрусталь кубогын қанжығасына байлаған қазақтың қаршадай қызы Аяулым Әміреноваға қандай сый-құрмет көрсетсек те артық емес.
Саясат • 11 Қаңтар, 2018
Өзара әріптестікті жаңа деңгейге көтеру мүмкіндігі
Қазақстан Президентінің Америка Құрама Штаттарына жасағалы отырған сапары үлкен саяси, тарихи және экономикалық маңызға ие. Н.Назарбаев пен Д.Трамптың жеке кездесуі қазақ-америкалық қарым-қатынасқа тың серпін беріп, стратегиялық серіктестіктің жаңа деңгейге көтерілуіне септігін тигізері сөзсіз.
Саясат • 11 Қаңтар, 2018
Елбасымыз рухани жаңғыру үшін ұлттық сананы өзгертуден бастаған дұрыс дей келе, негізгі бірнеше бағытқа тоқталған болатын. Атап айтқанда, табысқа жетудің бір жолы – бәсекеге қабілеттілік. Жеке адамның ғана емес, тұтас халықтың сапалы білім, ғылым, компьютерлік сауаттылық, тіл, қызмет, материалдық өніммен аймақтық не әлемдік нарықта табан тіресе алуы бәсекеге қабілеттілікке алып келе алады. Бәсеке бар жерде жұмыс жүреді. Жұмыс бар жерде өнім болады. Бәсекеге сөз жүзінде емес, іс жүзінде кіріссек, дамудың көшіне ілесеміз.
Аймақтар • 11 Қаңтар, 2018
Президент еңбегі – мемлекет танытушы құрал
Қазақстан Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бірлесе отырып, университет кітапханасына белгілі қоғам қайраткерлерін, саясаттанушылар мен әлеуметтанушыларды және университет ұстаздары мен студенттерді Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабын талдауға арнаған «Адами капиталдың жаңа сапасы» атты дөңгелек үстелге шақырды.
Саясат • 11 Қаңтар, 2018
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың қаламынан 50-ден астам кітап шыққан. Соның ішінде 2017 жылдың аяғында жарық көрген «Тәуелсіздік дәуірі» атты еңбегінің алатын орны ерекше.
Әлем • 11 Қаңтар, 2018
АҚШ-тағы Ресей елшілігі орналасқан алаңға ресейлік оппозиционердің есімі берілмек
Вашингтонның қалалық кеңесі сейсенбі күні Ресей елшілігі орналасқан алаңды белгілі ресейлік оппозиционер Борис Немцовтің атына беру туралы заңжобасын бірауыздан қолдады. Бұл туралы bbc.com хабарлады.
Саясат • 11 Қаңтар, 2018
Жаңа технологиялар енгізу – маңызды міндет
Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жаңа Жолдауымен мұқият танысып шықтым. Атының өзі айтып тұрғандай, одан заман жаңалықтарының лебі еседі.
Аймақтар • 11 Қаңтар, 2018
Парламент Мәжілісінің депутаттары Ордабасы ауданында болды
Парламент Мәжілісінің депутаттары, «Нұр Отан» партиясы фракциясының мүшелері Сапар Ахметов пен Фахриддин Қаратаев Ордабасы ауданында болды.
Аймақтар • 11 Қаңтар, 2018
Сенат депутаттары Павлодар облысына келді
Сенат депутаттары Манап Көбенов пен Нұржан Нұрсипатовтың Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовпен кездесуі барысында аймақтың тыныс-тіршілігі туралы айтылды және тұрғын үй құрылысы мен денсаулық сақтау нысандары, сондай-ақ су құбыры желісін жаңғырту мәселелері егжей-тегжейлі талқыланды.
Аймақтар • 11 Қаңтар, 2018
Парламент Мәжілісінің депутаттары Жамбыл өңірінде
Парламент Мәжілісінің депутаттары Омархан Өксікбаев пен Құдайберген Ержан Жамбыл өңіріне сапары барысында облыстың бірқатар серіктестіктері мен кәсіпорындарында болды.
Қоғам • 11 Қаңтар, 2018
Адами капитал айтулы өзгеріске бастайды
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталды. Алдымен атауға тоқталсақ, жаңа мүмкіндіктер кім үшін деген сауал туады. Яғни білім мен ғылымға жақын, еңбекқор, жұмысына жауапты азаматтарға төртінші өнеркәсіптік революция үлкен мүмкіндік береді.
Әлем • 11 Қаңтар, 2018
Рохинья қақтығысы: Мьянма әскері кісі өлтіруге қатысқанын мойындады
Мьянма әскері Ракхайн штатындағы қақтығыстар кезінде адам өлтіруге қатысқанын мойындады. Баяндамада айтылғандай, қауіпсіздік күштерінің 4 мүшесі Инн Дин ауылында 10 адамды өлтірген, деп хабарлады ВВС.
Қоғам • 11 Қаңтар, 2018
Серпінді дамудың жаңа мүмкіндігі
Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ғалымдары Мемлекет басшысының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауын үлкен әсермен қабылдады.
Аймақтар • 11 Қаңтар, 2018
Жамбыл облысының жаңа әкімін таныстырды
Кеше Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев пен Президент Әкімшілігінің Басшысы Әділбек Жақсыбеков Жамбыл облысы мәслихатының кезектен тыс сессиясына қатысты.
Парламент • 11 Қаңтар, 2018
Нұрлан Нығматулин: Елбасы Жолдауы – жаңа тарихи дәуірдің бастауы
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайын Қазақстан халқына өз Жолдауын арнап, тәуелсіз Қазақстанның дамуының басты бағыттарын белгілеп келеді.
Аймақтар • 11 Қаңтар, 2018
Тарих • 11 Қаңтар, 2018
Ерлігі де, еңбегі де ерен Ақмыш еді
Есімі тұтас елге жайылмаса да, өзінің туған жері, ауылы ұмыта алмайтын жандар болады. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында да нақты айтылды.
Театр • 11 Қаңтар, 2018
Спектакль аяқталды. Шымылдық жабылды. Актриса сахнадан ақырын ғана жылжып, бұрылып артына қарады да тұрып қалды... Құлағы шуылдап қоя берді. Жаңа ғана осы аядай жерде қаншама шырғалаң, шырмауық тағдырлардың тартысы, жүректің жасы, жеңу мен жеңілу, етпеттеп құлап, қайта тұру, сыбызғы сезім, сырнай күлкі сылқ-сылқ еткендей ме, махаббат әні... Бірде жаңбыр, кейде нөсер... Найзағай жарқылдап, отша лапылдаған толассыз, ессіз сезімдер тізбегі әлі шуылдасып жатқандай... Спектакль аяқталып, кетіп бара жатқан актриса артына бұрылып қараған сәтте сахнада жан бардай сезінді. Сахна мен актриса бірге ақырын ғана күрсінді... Актриса жымиып: «Кездескенше, менің киелі сахнам...» деп тез-тез басып шығып кетті. Бұл ғажайып күйді кешіп, саналы ғұмырын өнерге арнаған жаны сұлу, терең, талантты актриса Бақыт Арғынғазықызы Исабекова еді.
Саясат • 11 Қаңтар, 2018
Біріккен Ұлттар Ұйымының ең іргелі құрылымы Қауіпсіздік Кеңесіне мүше болу және оған төрағалық ету әлемдегі елдердің кез келгеніне бұйыра бермейді. Оған халықаралық қоғамдастықта ұстамды саясатымен өзін мойындата білген мемлекеттер ғана қол жеткізе алады. Еліміздің осындай деңгейде мойындалуы, төрткүл дүниенің қауіпсіздігі үшін төрелік айтатын төрге отыруы Елбасының ерен еңбегінің жемісі екені ақиқат.
«Мемлекеттік тілді білмек – елшіден...»
Қазақстанға танымал тұлға, сенатор Икрам Адырбеков «Елшілердің шетелде болу мерзімін 5 жылдан арттырмау мәселесі өзекті болып отыр, себебі қазіргі кезде 20 жылдан астам уақыт бойы елге оралмаған елшілер, дипломаттар бар. Олар елден қарым-қатынасын үзді деп айтуға болмайды, дегенмен де соны нашарлатқан, елдегі жағдайды терең түсінбейді» деді («Сөзбе-сөз» – «ҚазАқпарат»).
2018: ұстаным өзгермейді, белсенділік артады
Көптеген болжамдарға сәйкес, 2018 жыл бүкіләлемдік қоғамдастық үшін өте күрделі жыл болады. Халықаралық қатынастар жүйесінің дағдарысы жағдайында әрбір дербес мемлекет жаһандық бейбітшілік пен тұрақтылыққа қол жеткізу үрдісіне өз үлесін қосуы тиіс. Қазақстан әлемдік күн тәртібінен шеткері қалмайды. Қалай десек те, бізді өңірлік және жаһандық деңгейдегі статус-квоға ықпал ететін бірқатар жағдайлар күтіп тұр.