Соңғы жаңалықтар
Білім • 04 Қаңтар, 2018
Елордадағы 110 жылдық тарихы бар Жамбыл Жабаев атындағы мектеп-гимназиясы мектепішілік мұражайларды дамыту ісін жас ұрпақты ұлттық танымда тәрбиелеуге тиімді пайдаланып келеді. Бір ғана білім ордасының өзінде Абай, Жамбыл және мектеп тарихы мұражайлары жұмыс істейді. Жуырда мектептің педагогикалық ұжымымен кездесіп, аталған мұражайларымен де танысқан едік.
Аймақтар • 04 Қаңтар, 2018
Әулиеатаның он төрт мешітінде имам жоқ
Ұлы даламызда ғасырлар бойы қалыптасқан ілім нұры, білім шуағы ислам дінімен тікелей байланысты. Ата-бабаларымыз қалт жібермей орындаған бес парыз – өмірде өнеге өрнектері арқылы өріліп, Құдіретті тануда даналық пен кемелдікке бас- тайтын жол. Дегенмен, бүгінгі таңда ұлы діннің ұлағатын ұғынбай, жат ағымға еріп жүрген жастардың да бар екені шындық. Бұл орайда баба дінімізді насихаттауда, жастарға оң бағыт көрсетуде мешіт имамдарының алатын орыны үлкен.
Қазақстан • 04 Қаңтар, 2018
Аймақтар • 04 Қаңтар, 2018
Семейдің жаңа төлтаңбасы қашан қабылданады?
2007 жылы 16 маусымда Семейге келген сапарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қала атауын өзгерту туралы ұсыныс жасады. Мемлекет басшысы өз сөзінде: «көшеде «Семей», «Семипалатинск» деп қосарланып жазылыпты. «Абай» яки «Алаш» деп атасақ деген ұсыныс бар. «Семипалатинск» деген сөзді шетел инвесторлары полигон баламасы ретінде түсінеді. Сондықтан бұл қаланы ендігі жерде тек «Семей» деп атасақ қайтеді. Қалалық мәслихат депутаттары солай деп ұйғарса, тездетіп ұсыныс түсірсін», деген еді. Депутаттар бірауыздан қолдау білдірген соң арада 4 күн өткенде Президенттің Шығыс Қазақстан облысының Семипалатинск қаласын қайта атау туралы Жарлығы шықты.
Ақшат ауылында бастауыш мектеп орта мектепке айналды
Соңғы жылдары ел аумағында урбанизация үрдісі терең белең алып отырған жағдайда шағын ауылдарда орта мектеп ашылуы түгілі, бастауыш мектептің жабылып қалуы әбден мүмкін.
Аймақтар • 04 Қаңтар, 2018
Алматы облысында медицина қызметкерлеріне 51 көлік табыс етілді
«Адам жанының арашашысы» деген сөз басқаны қайдам, дәл жедел жәрдем қызметіне арналып айтылғандай көрінетіні бар. Көшеден көре қалсақ, ысырылып жол беру мәдениетін де енді ғана меңгеріп келе жатқан сияқтымыз. Мұның бәрі адам шығынының азаюына, науқасқа дер кезінде көмек берілуіне септесетін жайттар. Мұндағы ең басты қажеттілік техника төңірегінде болатыны анық. Сондықтан медициналық жедел жәрдем көлігінің көптігі, әрине, жақсы. Мерекелер қарсаңында Алматы облысында медицина қызметкерлеріне заманауи жабдықтармен жасанған осындай 51 жаңа көлік табыс етілді.
Аймақтар • 04 Қаңтар, 2018
Қарағанды облысы әкімі жедел жәрдем қызметкерлеріне 35 автокөліктің кілтін тапсырды
Таяуда облыс әкімі Ерлан Қошанов өңіріміздегі жедел жәрдем қызметкерлеріне салтанатты түрде жаңа 35 автокөлік кілтін табыс етті. Қазіргі күні аймағымызда барлығы 117 жедел жәрдем бригадасы халыққа қызмет көрсетеді. Соның 49-ы облыс орталығында жұмыс жасауда. Осы күні аталған барлық бригадалар көлікпен қамтамасыз етілген.
Саясат • 04 Қаңтар, 2018
Елбасына жазылған хаттардың авторы жайлы ой-толғаныс
Қазақстанның Еңбек Ері, екі мәрте «Отан», «Құрмет Белгісі» ордендерін кеудесіне таққан, «Алтын барыс» төсбелгісінің иегері, облыстың құрметті азаматы, даңғайыр диқан, білгір ұйымдастырушы, білікті басшы, «Зенченко және К» командиттік серіктестігінің бас директоры Геннадий Иванович Зенченконың қазасына байланысты Президенттің көңіл айту жеделхатында оның өмірін ауыл шаруашылығына арнағаны, еліміздің экономикалық-әлеуметтік дамуына өлшеусіз үлес қосқаны, еңбекпен есейген азаматтың адами қасиеттері, жоғары кәсіби шеберлігі, бай тәжірибесі, өз ісіне деген адалдығы ерекшеленіп тұратыны, бұл еңбегі Қазақстанның Еңбек Ері жоғары марапатымен, басқа да мемлекеттік наградалармен атап өтілгені айтылған-ды. Содан бері арада тұп-тура бір жыл өтті. Ел тәуелсіздігінің ширек ғасырлық мерейтойына арналған салтанатты жиында Мемлекет басшысы жеке мұрағатында сақталған Геннадий Ивановичтің екі хатын оқып беріп, Қазақстан бизнесі «капитандарының» табыстары мен нақты өмірбаяндары бүгінде баршаға мәлім деп жоғары баға берген еді. Біз әңгімені осы төңіректе өрбітпекпіз.
Әлем • 04 Қаңтар, 2018
Елбасы жолдаулары өзбек тілінде жарық көрді
«Жанубий Қозоғистон» облыстық қоғамдық-саяси газетінің ұжымы Елбасымыздың халыққа жолдауларын өзбек тіліне аударып, кітап етіп шығарды.
Руханият • 04 Қаңтар, 2018
Ел тарихының 30 жылы қамтылған
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында тәуелсіздік кезеңіндегі жаңғыру, сол кезеңдерден өту жолдары жақсы көрсетілген. Туындыда тәуелсіздік кезеңіндегі тарихтың барлық саласы, өмірдің барлық саласы қамтылған. Оның ішінде экономика, саясат, ғылым, білім, күнделікті өмір тіршілігі, халықаралық жағдай да бар.
Руханият • 04 Қаңтар, 2018
Күллі ой-әлемімізді, сана-сезімімізді дүр сілкіндірген Елбасының сан қырлы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы қазір өзімізде ғана емес, ниеті мен тілегі бір көптеген көршілес елдерде де қызу талқыланып жатыр. Демек, рухани жаңғыру біздің ғана емес, тілі, діні бөлек елдердің де көкейінде жүрген түйткіл екен. Ал оған қозғау салу үшін бір кемеңгердің дуалы аузынан айтылуы керек еді... Көшбасшымыз осынысымен тағы да ғаламдық ой тастап, сарабдал саясатшы екендігін көрсете білді.
Әлем • 04 Қаңтар, 2018
«Жұмыртқа шеруі». Иранда наразылық акциялары өтті
BBC мәліметі бойынша, Ирандағы шеруде 22 адам көз жұмған. Ирандық БАҚ жұрттың қай жерде опат болғаны туралы ақпарат таратпады. Ал осыған дейін алты адамның Изе қаласында көз жұмғаны белгілі болды. Шерушілер ел президенті Хасан Руханидің тәртіпке шақыруына да құлақ аспады. Иран басшысы өз сөзінде азаматтар билікті сынға алып, ойын еркін білдіре алатынын жеткізді. Сондай-ақ ол шеру кезінде зорлық-зомбылыққа жол берілмейтінін айтты. Наразылық шерулер Керманшах, Хорремабад, Шахиншехр және Зенджан қалаларында өтті.
Аймақтар • 04 Қаңтар, 2018
Солтүстік Қазақстан кәсіподақ ұйымының жаңа төрағасы сайланды
Солтүстік Қазақстан аумақтық кәсіподақ ұйымының төрағасы болып Ерік Нұрақаев сайланды.
Саясат • 04 Қаңтар, 2018
АҚШ – еліміздің стратегиялық серіктесі
Әлемнің бірінші экономикасы, әскери, ақпараттық және технологиялық державасы болып отырған АҚШ Қазақстанды өзінің стратегиялық әріптесі деп жариялады.
Аймақтар • 04 Қаңтар, 2018
Қостанайдағы «Баян сұлу» акционерлік қоғамының іргесі осыдан 40 жыл бұрын қаланған. Өткен ғасырдың 70-жылдары құрылған, «Қостанай кондитер фабрикасы» деп аталған кәсіпорында өндірілетін өнім түрлері санаулы ғана болатын. Шоколад, карамель, конфет және печенье шығатын. Фабрика ғимаратының жертөлесінде өндірістің бу, тоңазытқыш және механикалық цехтары жұмыс істейтін. Әрине ол кездегі өнімнің түрлерін көбейту үшін жаңалық енгізуден гөрі көлем қуу құбылысынан кондитерлік орталық та сырт қалған жоқ. Оған қоса мұндағы литография цехынан шығатын бояуы жұтаң, суреті солғын орама қағаз тәттілердің тартымдылығын да төмендететін еді.
Машина жасау – әлеуетті экономика тұғыры
Өндірісі өркендеген кез келген елдің дамыған экономикасының маңызды көрсеткіші машина жасау өнеркәсібі болып табылады. Өркениет биігіне ұмтылған тәуелсіз Қазақстан да өзінің экономикасын әртараптандыру үрдісінде машина жасау саласын дамытуға барынша ден қойып келеді.
Бірінші «проактивті» куәлік табысталды
Мемлекеттік қызметтерді проактивті принцип бойынша алған алғашқы қазақстандық Астана қаласының тұрғыны Роза Айнабекова болды. Оның нәрестесі Айымға туу туралы куәлігін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов табыс етті.
Еліміз 2018 жылдың қаңтарында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне төрағалық ететіні белгілі. Сондай-ақ Қазақстан осы жылы Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) да жетекшілік жасайды.
Бизнес • 04 Қаңтар, 2018
Тәтті тапсырыс немесе ішкі нарықты қантпен толық қамту мүмкін бе?
Ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырған тұста алдымен ішкі нарықты қамтитын өнімдерді өндіру мен өңдеуге қатысты жұмыстарға ерекше маңыз беруіміз керек. Бұл агросаланың Отан экономикасындағы драйверге айналуына жол ашып, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтады.
Аймақтар • 04 Қаңтар, 2018
Солтүстік Қазақстанда жанармай бекетінің қызметкерлері қаскөйлерге қарсылық көрсетті
Оқиға Қызылжар ауданына қарасты Пеньково ауылында болған.
Саясат • 04 Қаңтар, 2018
Қазақстанның маңызды басымдықтары
Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы ретінде өз қызметін бастап кетті. Өкілеттілік мерзімі ішінде бірқатар мәселелерді талқылау жоспарда бар. Бұл – Орталық Азия мен Ауғанстандағы жағдайға, ядролық қарудың зиянына халықаралық қоғамдастық назарын аударуға берілген ерекше мүмкіндік.
Әлем • 03 Қаңтар, 2018
Ирандағы наразылық шеруі: анықталған жайттар
Бағаның өсуі мен тұрмыс деңгейінің төмендеуіне наразы ирандықтардың шеруі әлем бойынша қызу талқыланып жатыр. Шеруге шыққандар қандай талап қойды? Биліктің әрекеті қандай? Осы және басқа да сұрақтарға жауап беріп көрсек.
Инфографика • 03 Қаңтар, 2018
Қазақстан • 03 Қаңтар, 2018
Сенат Төрағасының орынбасары Б.Бекназаров Қызылордада кездесу өткізді
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров, сенаторлар Мұрат Бақтиярұлы мен Бекмырза Еламанов жұмыс бабындағы сапармен Қызылорда облысында болды.
Тарих • 03 Қаңтар, 2018
Айқын Жасан: «Қазақстанда Алтай мәдениетін зерттеу күшейсе екен»
Этнограф Айқын Жасан 2005 жылдан бері шаңғы тарихын зерттеп келеді. Оның айтуынша көне шаңғы жасау әдісі - жалпы Алтай өңіріне ортақ өнер, соның ішінде қазақ төл мәдениетінің бір бөлшегі.
Қазақстан • 03 Қаңтар, 2018
Атырауда «Атырау Цифрлық Қабылдау» қосымшасы іске қосылды
Сол арқылы қала тұрғындары мемлекеттік мекемелерге әр түрлі мәселелер бойынша онлайн тәртібінде тікелей хабарласа алады,- деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аймақтар • 03 Қаңтар, 2018
500-ден астам астаналық интернет алаяқтарға алданып қалған
Олардың дені Қазақстан мен Ресей және шекаралас республикалардың тұрғындары, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.
Қысқы спорт • 03 Қаңтар, 2018
2018 жыл жарысқа толы жыл болмақ. Футбол жанкүйерлері тағатсыздана күткен басты дода – футболдан әлем чемпионаты өтеді. Одан бөлек қазақстандық клубтардың еурокубоктегі өнерін де биыл ерекше сеніммен күтетін боламыз. Одан бөлек те, ел қоржынына жүлде салатын жарыстар аз емес. Солардың бірі – Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін қысқы Олимпия ойындары.
Қазақстан • 03 Қаңтар, 2018
БҰҰ ҚК мүшелері қазақстандық төрағалықтың бағдарламасын бекітті
Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі төрағалығы жұмысының алғашқы күнінде Қауіпсіздік Кеңестің қаңтар айындағы қызметінің бағдарламасы ұсынылды. Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінде өткен ҚК мүше елдері тұрақты өкілдерінің қызмет бабындағы таңғы асында жұмыс жоспарының басты тармақтары талқыланды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.
Қазақстан • 03 Қаңтар, 2018
Автоматты жүйеде тіркелген жол жүру ережесін бұзу жайттары бойынша 50% жеңілдік беріледі
Жол жүру ережесін бұзып, камераға түсіп қалған автокөлік иелері бір апта ішінде айыппұл төлейтін болса 50% жеңілдік қарастырылған, деп хабарлайды kolesa.kz.