Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 04 Қаңтар, 2018
Мәжіліс депутаттары Павлодардағы «Giessenhaus» ЖШС-да болды
Өңірге жұмыс сапарымен келген Мейрам Пішембаев пен Артур Платонов облыс орталығындағы «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында құрылысы басталған алюмин дискілерін шығаратын кәсіпорынды аралап көрді.
Қазақстан • 04 Қаңтар, 2018
Батыл да байыпты жазыла бастады
Мен сексеннің ортасына аяқ басқан еңбек ардагерімін. Ұстаздық білім берген институттан кейінгі саяси ой-өрісімді, білім-білігімді арттырған, пайым-парасатымды толықтырған күнделікті басылымдар менің жан азығым, ғұмырлық университетім болды. Сол ғұмырымда алдымен «оразамды» «Егемен Қазақстанның» беттерін парақтаумен ашамын.
Аймақтар • 04 Қаңтар, 2018
Атырау облысында әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы бақылауда
Жаңа жылда аймақтағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының көтерілуін болдырмау және тежеу жұмысы жалғасады,-деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қазақстан • 04 Қаңтар, 2018
Алматы облысы, Қаратал ауданының кісі аяғы баса бермейтін бір түкпірінде бірді-екілі ғылыми тұжырым болмаса, әлі күнге зерттеліп үлгермеген таңбалы тастар галереясы бар. Атауы да жасандылықтан ада. Жергілікті жұрт Суреттас деп атап кетіпті. Суреттас десе – ғылымнан, баяғы бір дәуірлерден онша хабары жоқ болса да, өзіне дейінгі әр бір төбе мен тасқа соншалық құрметпен қараған елдің кішік қалпын аңдап қаласың. Заман, жылдардан бері қар мен жаңбырға, аңғар бойында арқаңды мұздай қарып бір тынбайтын жел мен дауылға төтеп беріп келген кереге тастар мүжілгенді ар тұтқандай, сынсам морт сынам дейтіндей тәкаппарлана қалыпты. Солай дегенмен, тас та тозады екен...
Қазақстан • 04 Қаңтар, 2018
Алаштың алғашқы институтына 100 жыл
Жоғары оқу орнының ашылуы – өркениеттіліктің өріне шыққандықтың айшықты бейнесінің бірі. Алаштың арыстары өздеріне мүмкіншілік туғанда қолға алған ең алғашқы шаруаларының бірі де сол болған. Қазақтың оқу-білімге ынтызар жастарының талабын қайтсек тезірек қанағаттандырамыз деген олар қазақтың алғашқы жоғары оқу орнын Ташкент қаласында ашқан...
Қазақстан • 04 Қаңтар, 2018
Қазақ баспасөз тарихы 1870 жылы жарық көрген «Түркістан уалаятының газетінен» бастау алады. Десе де, ел зиялыларының қаламгерлік қарымы мен жазбагерлік машығын қалыптастырған басылым ол – «Дала уалаятының газеті» еді. Тұңғыш басылымнан 18 жыл кейін жарық көрген бұл газет айналасына қазақ оқығандарын топтастыра отырып, өз заманының деңгейінде Алаш жұрты үшін өзекті мәселелерді ортаға салатын пікір алаңына айнала алды.
Қазақстан • 04 Қаңтар, 2018
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы ҮЕҰ үшін мемлекеттік гранттарға байқау жариялады
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ы үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік гранттарға байқау жариялады.
Аймақтар • 04 Қаңтар, 2018
Кәсіби сурет өнерінің классигі – Айша Ғалымбаева
Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде МӨМ ұлттық мәдениет тарихына қазақ әйелдері арасынан шыққан тұңғыш кәсіби суретші ретінде енген Қазақстанның халық суретшісі Айша Ғалымбаеваның туғанына 100 жыл толуына арналған көрменің ашылуы және көркемсуретті альбомының тұсаукесер-таныстырылымы болып өтті.
Жеңіл атлетика • 04 Қаңтар, 2018
«Дакар-2018» халықаралық трансқұрлықтық ралли-марафоны алдағы жылдың қараша айында Оңтүстік Америка елдері – Перу, Боливия және Аргентина аумақтарында өтеді деп күтілуде. Осы ретте ралли-рейд бойынша ел намысын қорғайтын «Астана» командасы алматылық журналистерге өз дайындықтары туралы айтып берді.
Аймақтар • 04 Қаңтар, 2018
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы қолға алынғалы Батыс Қазақстан облысында бірнеше музей ашылды. Соның бірі – Шыңғырлау аудандық тарихи-өлкетану мұражайы.
Қысқы спорт • 04 Қаңтар, 2018
«Беларусь ракетасы» құстай ұшуға әзір!
Санаулы күндерден кейін Эстерсундте 2017-2018 жылғы биатлоннан Әлем кубогы басталады. Белорустардың үкілі үмітін арқалаған Олимпиада чемпионы Дарья Домрачева аталған жарысқа тас-түйін әзір отыр. Араға үш жыл салып үлкен спортқа қайта оралған ару биыл жүлделі орыннан дәмелі. Оның үстіне, биылғы дүбірлі дода Пхенчханда өтетін қысқы Олимпия ойындарымен тұспа-тұс келіп отыр.
Парламент • 04 Қаңтар, 2018
Сенатор Р.Әбдікеров Қарағандыда азаматтарды қабылдады
Парламент Сенатының депутаты Рысқали Әбдікеров Қарағандыда азаматтарды қабылдады. Сенатормен кездесуге әртүрлі әлеуметтік мәселелер толғандырған облыс орталығының тұрғындары барды, деп хабарлайды Сенаттың баспасөз қызметі.
Парламент • 04 Қаңтар, 2018
Сенат депутаттары Зеренді ауданында болды
Парламент Сенатының депутаттары Рашит Әкімов пен Дәурен Әділбеков Ақмола облысындағы Зеренді ауданында жұмыс бабындағы сапармен болды, деп хабарлады Палатаның баспасөз қызметі.
Спорт • 04 Қаңтар, 2018
Жанбота Алдабергенова: Пхенчханда финалға енуді мақсат етемін
Төртжылдықтың басты додасы Пхенчхандағы Олимпия ойындарына санаулы күн қалды. Спортшыларымыз бүгінде соңғы дайындықтарын пысықтап, жолдамалардың тағдырын шешу жолында аянып жатқан жоқ. Еліміздің қысқы спорт түрлерінде кетіп жүрген есесін қайтармақ. Солардың бірі – фристайлдың акробатика түрінен тәп-тәуір жетістіктерге жетіп жүрген, фристайлдан Универсиада ойындарының қола жүлдегері Жанбота Алдабергенова. Алматыда өткен Универсиадада қола жүлдемен көзге түскен Жанбота 2017 жылды қорытындылап, Олимпиадаға даярлығымен бөлісті.
Аймақтар • 04 Қаңтар, 2018
Солтүстік Қазақстанда VIP-нөмірлерге сұраныс артқан
Солтүстік Қазақстан облысында былтыр 24 миллион теңгенің вип-нөмірлері сатылса, биыл бұл көрсеткіш одан әрі өседі деген болжам бар.
Парламент • 04 Қаңтар, 2018
Сенатор Р. Әбдікеров Қарағандыда азаматтарды қабылдады
Парламент Сенатының депутаты Рысқали Әбдікеров Қарағандыда азаматтарды қабылдады. Сенатормен кездесуге әртүрлі әлеуметтік мәселелер толғандырған облыс орталығының тұрғындары келді, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Қазақстан • 04 Қаңтар, 2018
Ол – екінің бірі тәуекелге бара бермейтін бекзат өнерге, қазақ ұлттық балет труппасына жас та болса өзгеше леп алып келуімен ерекшеленді. Бұған қоса қарапайым қазақ баласы 17 жыл Еуропаның ең сәулетті театрларында өнер көрсетіп, Лозаннадағы (Швейцария, 1996 ж.) халықаралық балет әртістері, Новосібір қаласында (Ресей, 1999 ж.) өткен халықаралық балет байқауларында жүлделі орындарға, қысқасы, әлемдік деңгейдегі айтулы сый-сияпаттарға ие болған, бес тілді емін-еркін меңгерген, осы күннің талабына әбден лайық жан. «Астана Балет» театрының солисі, режиссердің көмекшісі Қазбек Ахмедьяровпен кезекті премьерадан соң әңгімелесудің сәті түскен еді.
Білім • 04 Қаңтар, 2018
Ұстаздар қауымының еңбегін танытқан кітап
Жақында ұстаздар қауымының еңбегін танытқан кітап жарық көріп, жұрттың қолына тиді. Көлемді дүние «Ұстазға тағзым» деп аталады.
Білім • 04 Қаңтар, 2018
Жаңа бағдарлама мұғалімдерге үлкен жүк болып отыр
Жалпы, біз Білім және ғылым министрлігінің білім саласына енгізіп жатқан жаңалықтарын, соның ішінде, жаңартылған бағдарлама мәселелерін құптаймыз. Жаңартылған бағдарлама – жас жеткіншектердің дамуына, оқушының ой-өрісінің өсуіне, оның функционалдық сауаттылығын арттыруға даңғыл жол ашып отыр.
Аймақтар • 04 Қаңтар, 2018
ОҚО-дағы 20 елді мекенде қызметтік тұрғын үйдің құрылысы басталады
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың тікелей бастамасы бойынша биыл өңірде қызметтік 20 тұрғын үйдің құрылысы басталмақ. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен салынатын тұрғын үйлер өңірдегі тоғыз ауданның 20 елді мекенінде бой көтеретін болады, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 04 Қаңтар, 2018
Қазақстанда автокөліктерді тіркеу ережелері өзгерді
Қазақстанда көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуге алудың ережелері өзгерді, деп хабарлайды Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
Аймақтар • 04 Қаңтар, 2018
Ақтөбе аймағында үш ауысымды оқуды азайту қолға алынды
Ақтөбе аймағында үш ауысымда білім беретін 24 мектеп бар. Бұл жайт білім беру стандарттары мен нормаларына сәйкес келмейтіні аян. Сондай-ақ қауіпсіздік талаптарына қатысты алғанда да мұның қайшы келетін тұстары көп.
Білім • 04 Қаңтар, 2018
Елордадағы 110 жылдық тарихы бар Жамбыл Жабаев атындағы мектеп-гимназиясы мектепішілік мұражайларды дамыту ісін жас ұрпақты ұлттық танымда тәрбиелеуге тиімді пайдаланып келеді. Бір ғана білім ордасының өзінде Абай, Жамбыл және мектеп тарихы мұражайлары жұмыс істейді. Жуырда мектептің педагогикалық ұжымымен кездесіп, аталған мұражайларымен де танысқан едік.
Аймақтар • 04 Қаңтар, 2018
Әулиеатаның он төрт мешітінде имам жоқ
Ұлы даламызда ғасырлар бойы қалыптасқан ілім нұры, білім шуағы ислам дінімен тікелей байланысты. Ата-бабаларымыз қалт жібермей орындаған бес парыз – өмірде өнеге өрнектері арқылы өріліп, Құдіретті тануда даналық пен кемелдікке бас- тайтын жол. Дегенмен, бүгінгі таңда ұлы діннің ұлағатын ұғынбай, жат ағымға еріп жүрген жастардың да бар екені шындық. Бұл орайда баба дінімізді насихаттауда, жастарға оң бағыт көрсетуде мешіт имамдарының алатын орыны үлкен.
Қазақстан • 04 Қаңтар, 2018
Аймақтар • 04 Қаңтар, 2018
Семейдің жаңа төлтаңбасы қашан қабылданады?
2007 жылы 16 маусымда Семейге келген сапарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қала атауын өзгерту туралы ұсыныс жасады. Мемлекет басшысы өз сөзінде: «көшеде «Семей», «Семипалатинск» деп қосарланып жазылыпты. «Абай» яки «Алаш» деп атасақ деген ұсыныс бар. «Семипалатинск» деген сөзді шетел инвесторлары полигон баламасы ретінде түсінеді. Сондықтан бұл қаланы ендігі жерде тек «Семей» деп атасақ қайтеді. Қалалық мәслихат депутаттары солай деп ұйғарса, тездетіп ұсыныс түсірсін», деген еді. Депутаттар бірауыздан қолдау білдірген соң арада 4 күн өткенде Президенттің Шығыс Қазақстан облысының Семипалатинск қаласын қайта атау туралы Жарлығы шықты.
Ақшат ауылында бастауыш мектеп орта мектепке айналды
Соңғы жылдары ел аумағында урбанизация үрдісі терең белең алып отырған жағдайда шағын ауылдарда орта мектеп ашылуы түгілі, бастауыш мектептің жабылып қалуы әбден мүмкін.
Аймақтар • 04 Қаңтар, 2018
Алматы облысында медицина қызметкерлеріне 51 көлік табыс етілді
«Адам жанының арашашысы» деген сөз басқаны қайдам, дәл жедел жәрдем қызметіне арналып айтылғандай көрінетіні бар. Көшеден көре қалсақ, ысырылып жол беру мәдениетін де енді ғана меңгеріп келе жатқан сияқтымыз. Мұның бәрі адам шығынының азаюына, науқасқа дер кезінде көмек берілуіне септесетін жайттар. Мұндағы ең басты қажеттілік техника төңірегінде болатыны анық. Сондықтан медициналық жедел жәрдем көлігінің көптігі, әрине, жақсы. Мерекелер қарсаңында Алматы облысында медицина қызметкерлеріне заманауи жабдықтармен жасанған осындай 51 жаңа көлік табыс етілді.
Аймақтар • 04 Қаңтар, 2018
Қарағанды облысы әкімі жедел жәрдем қызметкерлеріне 35 автокөліктің кілтін тапсырды
Таяуда облыс әкімі Ерлан Қошанов өңіріміздегі жедел жәрдем қызметкерлеріне салтанатты түрде жаңа 35 автокөлік кілтін табыс етті. Қазіргі күні аймағымызда барлығы 117 жедел жәрдем бригадасы халыққа қызмет көрсетеді. Соның 49-ы облыс орталығында жұмыс жасауда. Осы күні аталған барлық бригадалар көлікпен қамтамасыз етілген.
Саясат • 04 Қаңтар, 2018
Елбасына жазылған хаттардың авторы жайлы ой-толғаныс
Қазақстанның Еңбек Ері, екі мәрте «Отан», «Құрмет Белгісі» ордендерін кеудесіне таққан, «Алтын барыс» төсбелгісінің иегері, облыстың құрметті азаматы, даңғайыр диқан, білгір ұйымдастырушы, білікті басшы, «Зенченко және К» командиттік серіктестігінің бас директоры Геннадий Иванович Зенченконың қазасына байланысты Президенттің көңіл айту жеделхатында оның өмірін ауыл шаруашылығына арнағаны, еліміздің экономикалық-әлеуметтік дамуына өлшеусіз үлес қосқаны, еңбекпен есейген азаматтың адами қасиеттері, жоғары кәсіби шеберлігі, бай тәжірибесі, өз ісіне деген адалдығы ерекшеленіп тұратыны, бұл еңбегі Қазақстанның Еңбек Ері жоғары марапатымен, басқа да мемлекеттік наградалармен атап өтілгені айтылған-ды. Содан бері арада тұп-тура бір жыл өтті. Ел тәуелсіздігінің ширек ғасырлық мерейтойына арналған салтанатты жиында Мемлекет басшысы жеке мұрағатында сақталған Геннадий Ивановичтің екі хатын оқып беріп, Қазақстан бизнесі «капитандарының» табыстары мен нақты өмірбаяндары бүгінде баршаға мәлім деп жоғары баға берген еді. Біз әңгімені осы төңіректе өрбітпекпіз.