Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 29 Желтоқсан, 2017
Руслан Қуатов: Жақсы жаңалықтарға толы жыл
«Ер еңбегімен сыйлы». Елбасының қолынан «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алған сәтімде менің ойыма осы халық нақылы оралды. Бұл жоғары дәрежеге мен жалғыз жеткен жоқпын.
Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2017
Игі бастама (Жетісай – Шардара тас жолы жайында)
Тарих үшін қас қағым тәуелсіздіктің 26 жылында Қазақстан халқы ғажап жетістіктерге қол жеткізді.
Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2017
Биыл Қостанайда үздік жастардың есімі он екінші рет «Қостанай облысы жастарының алтын кітабына» тіркелді. Олардың барлығы да жастығына қарамай, өмірдің әр саласында үздік жетістікке жеткендер болатын.
Қазақстан • 29 Желтоқсан, 2017
Қазіргі кезеңде егемен еліміздің қай саласында, қай деңгейінде болсын ұлтына адал қызмет жасап жүрген тұлғалар өте көп. Солардың бірі – еліміздегі жоғары білім беру ісінің білікті ұйымдастырушысы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Құсайынов. Әбекең әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті(бұрынғы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті) тарих факультетінің 1969 жылғы түлегі. Университет қашанда өзінің елге адал қызмет етіп жүрген түлектерін мақтан етеді. Әбекеңнің суреті университеттегі тарих археология және этнология факультетінде «Біздің мақтанышымыз» деген қабырға стендінде қазіргі жастарға үлгі болсын деген мақсатта ілулі тұр.
Бизнес • 29 Желтоқсан, 2017
Жылдың үздік кәсіпорындары – «Алтын сапа-2017» сыйлығының иегерлері
Парламент • 28 Желтоқсан, 2017
Қ.Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының отырысы болды
Қ.Тоқаев Мемлекет басшысы белгілеген стратегиялық міндеттерді заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету жөніндегі Сенат қызметіне жоғары баға берді. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 28 Желтоқсан, 2017
Дархан Қыдырәлі Әзербайжанның «Достлуг» орденімен марапатталды
Бизнес • 28 Желтоқсан, 2017
ЭКСПО кезінде қоқыстардың 42 пайызын кәдеге жаратуға мүмкіндік берген жоба
Табиғи ортада пластик ыдыстардың ыдырауы үшін – 50 жыл, полиэтилен пакетіне – 200 жыл, ал шыныға 1000 жыл керек екен. Қазақстанның әрбір тұрғыны орташа есеппен жылына 300 келі қоқыс өндіреді. Былтырғы деректер бойынша біздің елдің аумағында 103 миллион тонна қатты тұрмыстық қалдық жинақталған. Жыл сайын осы санға тағы да 5-6 миллион қосылып отырады. Мұның бәрі жылдар бойы жиналып, қазіргі таңда ел аумағында 4 мыңға жуық полигондар мен қоқыс қоймаларын жасақтауда. Солардың ішінде тек 590-ы экологиялық талаптарға және санитарлық нормаларға сәйкес келеді.
Футбол • 28 Желтоқсан, 2017
Егде тартқан Панама, ұзынтұра Сербия, қандастарын жиған Морокко
Футболдан Әлем чемпионаты Қазақстанға мұнша жақын жерде әлі өтпеген еді. Мысалға мундиальдың ойындары өтетін Екатеринбург қаласы мен Қостанайдың арасы небәрі 540 шақырым ғана. Бұл Алматы мен Тараздың аралығымен бірдей. Әлем чемпионаты жайлы егжей-тегжейлі жазатын «Егемен Қазақстан» газеті бүгін сіздерге командалардың жас мөлшеріне, бойына байланысты мәліметтерін ұсынады.
Президент • 28 Желтоқсан, 2017
Елбасы Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кездесті
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен кездесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2017
Ж.Түймебаев жұмыс сапарымен Арыс қаласы, Саналы ауылына борды
Мемлекеттің көмек арқылы екі қолына күрек тапқандардың қатары көбейіп келеді деп хабарлайды «Egemen.kz» тілшісі.
Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2017
Асылы Осман: «Жер бетінде қазақтай дархан халық жоқ»
Облыстық «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында белгілі қоғам қайраткері, ғалым, мемлекеттік тілдің жанашыры, «Достық» және «Парасат» ордендерінің иегері Асылы Османның кездесу кеші өтті деп хабарлайды «Egemen.kz» тілшісі.
Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2017
Қостанай облысының әкімі Рудный балалар үйіне сыйлық жасады
Жаңа жыл қарсаңында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Рудный қаласындағы балалар үйіне барды. Ол балалар үйді аралап көрді, олармен кездесті.
Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2017
Жалған техникалық құжат жасату тиылар емес
Облыс аумағында тіркелген көліктердің 15 пайызы жалған техникалық тексеру құжатымен жүр деп хабарлайды «Egemen.kz» тілшісі.
Футбол • 28 Желтоқсан, 2017
«Астана» командасы «Дакар-2018» марафонына толықтай дайын
«Дакар – 2018» халықаралық трансқұрлықтық ралли-марафоны алдағы жылдың қараша айында Оңтүстік Америка елдері – Перу, Боливия және Аргентина аумағында өтеді деп күтілуде. Осы ретте ралли-рейд бойынша ел намысын қорғайтын «Астана» командасы Алматылық журналистерге өз дайындықтары туралы айтып берді.
Қазақстан • 28 Желтоқсан, 2017
Тәртіп сақшылары сақтық шаралары жөнінде ескертеді
Жаңа жыл қарсаңы мен мереке күндері азаматтар қоғамдық орындарда өздерінің жеке заттарының ұрланғандығы жөніндегі арызбен полицияға жиірек жүгінеді деп хабарлайды, елорда әкімдігінің медиа орталығы.
Қазақстан • 28 Желтоқсан, 2017
2018 жылы Астананың кітапханалары жаңа форматқа көшеді
Алдағы жылы қала кітапханалары ребрендинг өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің медиа орталығы.
Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2017
Рудныйда Жаңа жыл алдында 120 отбасы қоныс тойын тойлады
Рудный қаласында Тәуелсіздік алған жылдардан бері бірінші рет 60 пәтерлік екі жаңа үй тапсырылды. Бұл арендалық баспаналарды қалалық әкімдікте пәтер кезегінде тұрғандар алды. Оның кілтін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өзі келіп тапсырды.
Қазақстан • 28 Желтоқсан, 2017
Қазақстанның санавиациясы Түркиядан ауыр паталогиясы бар нәрестені алып келді
Еліміздің санитарлық авиациясы Түркиядағы қазақстандықтардың отбасында дүниеге келген нәрестені операция жасату үшін Қазақстанға алып келді, деп хабарлады 31 арна.
Қазақстан • 28 Желтоқсан, 2017
Қазақстан мен Моңғолияны байланыстыратын жол салынады
Бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов азақстан мен Моңғолияны байланыстыратын автокөлік жолын салу талқыланып жатқанын, жол Қытай мен Ресей аумағы арқылы өтетінін хабарлады.
Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2017
Шәкәрімге арналған «Shakarim.kz» сайты ашылды
2018 жылы ақын, аудармашы, сазгер, тарихшы, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 160 жыл толады. Шәкәрім Құдайбердіұлы - Абайдай ұлы ұстазынан тәлім-тәрбие алып, аманат-өсиетін екі етпей, қазақ әдебиетінің дамуына зор үлес қосқан ақын.
Қазақстан • 28 Желтоқсан, 2017
Президент Ақпарат және коммуникациялар мәселелері туралы заңға қол қойды
Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2017
Қостанайда «Шырша» жедел-профилактикалық акциясы жүріп жатыр
Жаңа жыл мерекесі жақсы-ау, бірақ жыл сайын оның табиғатқа әкелер зияны да жоқ емес. Желтоқсан айының басынан бастап, облыстағы ағашты-орманды алқаптардан шырша ағаштарының заңсыз кесілгендігі анықталып отыр. Сондықтан мереке жақындаған сайын табиғат қорғау полицейлері үшін қызу науқан басталды. Осыған орай облыста полицейлерден, учаскелік инспекторлардан, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемін қорғау басқармасының, Қостанай қалалық табиғат ресурсын реттеу басқармасы қызметкерлерінен жедел топтар құрылды. Рейдтер желтоқсан айының 10-нан үздіксіз жүргізіліп келеді.
Президент • 28 Желтоқсан, 2017
ҚР Президенті Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске қол қойды
Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2017
Солтүстік Қазақстанда мұғалімдері Кембридж университетінің сертификатын алды
Өңірде ағылшын тілі мұғалімдерінің біліктіліктерін артыру педагогикалық шеберлік орталығының филиалында 103 ұстаз кәсіби білімдерін жетілдіруде.
Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2017
Маңғыстауда екі қолынан айырылған 11 жасар Балғынбектің отбасына пәтер берілді
Бұл қайғылы оқиға осыдан екі жыл бұрын Бейнеу ауданында орын алған болатын. Ауылдағы трансформатрдың айналасында ойнап жүрген 11 жасар Балғынбек тоққа түсіп, екі қолынан айырылды. Ауыр жарақаттың салдарынан дәрігерлер жарамсыз болып қалған екі қолын кесіп тастауға мәжбүр болды.
Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2017
Маңғыстауда бірнеше нысан ашылды
Ақтау қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде өз тәжірибесін дәлелдеп, емделушілер ықыласына ие болған дәрігер Бубновский емханалар желісінің орталығы ашылды.
Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2017
Жыл жемісі: ОҚО-да жыл басынан бері 6553 пәтер ел игілігіне берілді
Оңтүстік Қазақстан облысында биылғы жылы тұрғын үй құрылысының өсу қарқыны байқалады. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2017
Қостанайда елік атқандар ұсталды
Қостанай облысының Меңдіғара ауданындағы Боровское орман шаруашылығында екі елік атқан броконьерлер ұсталды. Оларды полицейлер «Шырша» жедел-профилактикалық шараларын өткізу барысында ұстаған.
Аймақтар • 28 Желтоқсан, 2017
Атырау облысында «Бекіре-2017» акциясы қандай нәтиже берді?
Атырау облысында «Бекіре-2017» акциясы кезінде браконьерлерден 64 тоннадан астам балық, 118 жүзу құралы және 11 килограмм уылдырық тәркіленді