Соңғы жаңалықтар
Аймақтар • 10 Қараша, 2017
ОҚО әкімі Францияның Қазақстандағы елшісімен кездесті
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Филипп Мартинэмен кездесті. Кездесу барысында тараптар өзара әріптестік механизмдерін талқылап, екі жақты қарым-қатынасты дамыту жөнінде пікір алмасты, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Қазақстан • 10 Қараша, 2017
Қазақстан, Түрікменстан және Өзбекстан шекара туралы келісімге қол қойды
Қазақстан, Түрікменстан және Өзбекстанның сыртқы істер министрлері үш мемлекеттің шекараларының түйісу нүктесі туралы келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Көрнекті композитордың рухы асқақтады
«Астана Опера» театрының Камералық залында КСРО халық әртісі, республика Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ғазиза Жұбанованың 90 жылдығына арналған концерт өтті.
Тарих • 10 Қараша, 2017
Жезқазғанда Кетбұқа абызға ескерткіш орнатылды
Елбасы алға қойған Рухани жаңғыру аясында тарихи тұлғаларымызды танып-біліп, есімдерін жаңғыртудың маңызы айрықша екені белгілі.
Қазақстан • 10 Қараша, 2017
Жаңажылдық шырша көрме аумағына көрік береді
ЭКСПО-2017 көрмесі аумағындағы туристік аймақ өз жұмысын бастайды. Енді халықаралық шараның символына айналған сфера – «Нұр Әлем» павильоны, Арт-орталық, Үздік тәжірибелер аймағы және Тақырыптық павильон сынды төрт нысан Астана қонақтарына қызмет көрсететін орын ретінде қайта ашылмақ. Салтанатты шараға орай елорда тұрғындары мен меймандары 11-12 қараша күндері ЭКСПО-2017 көрмесінен қалған туристік нысандарды тегін аралай алады.
Футбол • 10 Қараша, 2017
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы биыл жанкүйерлерін қуанта алмады. Еліміздің басты командасы іріктеу турнирін өте сүреңсіз өткізді. Алты команданың ішінде 6-орын алды. Александр Бородюк баптайтын құрамамыз 2017 жылды қандай нәтижемен қорытындылайтыны белгілі. Енді ФИФА жолдастық кездесулерге белгіленген мерзімде ойын өткізуге қарсылас таппай отыр.
Спорт • 10 Қараша, 2017
Азия чемпионаты: 1 алтын, 1 күміс, 4 қола
Вьетнамның Хошимин қаласында өткен бокстан қыздар арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Бір аптаға созылған байрақты бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасының боксшылары бір алтын, бір күміс және төрт қола медаль иеленді.
Әдебиет • 10 Қараша, 2017
Алғаусыз көңіл, аңқылдақ пейіл жырлары
Бүгін шығармашылығы туралы аз-кем сөз еткелі отырған Нұрлан Қалқаның өзіне тән ерекшелігі бар. Оның өлеңдерін оқып, түсіне білген оқырман ең бірінші тап-таза сезім тамшыларынан жиналып, жүрегіне шүпілдеп толып тұрған мөлдірлікті байқайды.
Руханият • 10 Қараша, 2017
Қазір қоғамды көп жамандаймыз. Әсіресе адамдарда бауырмалдық азайды, жұрт қатыгез болып барады дегенді жиі айтамыз. Бұл пікірмен келіскің де келеді, кейде келіспейсің де. Қазір жұрттың көзі жақсылықтан гөрі жамандыққа көбірек түседі. Әйтпесе бауыры үшін жанын берер азамат аз ба? Бәлкім, азайса азайған шығар, бірақ алдымен соларды көрейік те.
Тарих • 10 Қараша, 2017
Бүкіл түркі халықтарының азаттығын аңсаған, осы асқақ мұратқа бар саналы ғұмырын арнаған Мұстафа Шоқай өзінің 1930 жылғы «Түркістан ақындарынан» атты мақаласында «Біз құл болып тұра алмаймыз. Біз ұлт азаттығымызды аламыз» деп келешекке көрегендікпен сенім білдірген еді. Осыдан 60 жылдан кейін туған елі егемендікке қол жеткізіп, ежелгі қазақтың мекені – Ұлы Дала төсіне тәуелсіздік туы тігілген болатын. Содан Мұстафа Шоқай азаттықтың алғашқы жылдары-ақ Отан есігін қақты.
Тарих • 10 Қараша, 2017
Қазақ тілінің кемшілігі жұмсалмай тұтығып жатқандығы
З.Ерғалиевтің «Еңбек туы» газетінің 1920 жылғы №2 нөмірінде жарық көрген «Тіл» мақаласын ұсынып отырмыз. Бұдан ғасыр бұрын айтылған әңгіме әлі маңыздылығын жоймағандай...
Әдебиет • 10 Қараша, 2017
Осыдан тұп-тура жиырма бес жыл бұрын Алматыдағы Концерт залында 1942 жылы туған қаламгерлердің 50 жылдық мерейтойы аталып өтті.
Аймақтар • 10 Қараша, 2017
Латын әліпбиін үйрену орталығы ашылды
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында Латын әліпбиін үйрену орталығының салтанатты ашылу рәсімі, сондай-ақ, «Қазақстан кітапханаларының құқықтық және кадрлық тұғырнамасын жаңғырту» атты жыл сайынғы облыстық әмбебап ғылыми кітапханалар директорларының кеңесі өтті.
Аймақтар • 10 Қараша, 2017
Еңбек ері Кәмшат Дөненбаева дүниеден өтті
Қазақ халқының батыр қызы, даңқты механизатор, тың игеруші, Социалистік Еңбек Ері Кәмшат Дөненбаева қайтыс болды.
Әдебиет • 10 Қараша, 2017
Рухани жаңғыру және Мұхтар Әуезов
Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы шын мәніндегі тарихи мәні зор, халқымыздың ұлттық сана-сезімін биік деңгейге көтеретін, үлкен ойдың, тұғырлы тұжырымның жемісі болғандығы еш дәлелдеуді қажет етпейтін айқын шындық.
Әлем • 10 Қараша, 2017
Өзара әріптестіктің мол мүмкіндігі
Қытай Халық Республикасының арнайы шақыруымен Бейжіңге барған Премьер-Министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов осы елдегі әріптестерімен және ірі компаниялардың басшыларымен кездесті. Тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы серіктестіктің өзекті мәселелерін талқылап, бірлескен инвестициялық жобаларды және органика мен ветеринарияны дамыту бойынша келіссөздер жүргізді.
Қаржы • 10 Қараша, 2017
Болашаққа бағдарланған бюджет қабылданды
Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілік етуімен жалпы отырыс өтіп, күн тәртібінде екі заң жобасы қаралып, талқыланды. Оның бірі – «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы болса, екіншісі – «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымы арасындағы штаб-пәтер туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы. Жуырда ғана Мәжіліс тарапынан мақұлданған аталған заң жобаларын Сенат депутаттары да бір ауыздан қолдап, дауыс берді.
Аймақтар • 10 Қараша, 2017
ОҚО әкімі БҰҰ халықтың қоныстануы саласындағы қор өкілі Джулия Валлеземен кездесті
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж. Түймебаев БҰҰ халықтың қоныстануы саласындағы ЮНФПА қорының Қазақстандағы өкілі Джулия Валлеземен кездесті, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Білім • 10 Қараша, 2017
Студенттік кәсіпкерлік – өңірді дамытудың негізі
Облыс орталығындағы Инновациялық Еуразиялық университеттің оқытушылары мен студенттері ойлап тапқан жылудың кавитациялық генераторы, алты түсті маркер, принтерден шыққан кроссовки жобалары таңғаларлықтай.
Білім • 10 Қараша, 2017
Тегін білім – тегеурінді қадам
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әр Жолдауында әлеуметтік саясатты жүзеге асыруға ерекше мән беріп келеді. Маңызды құжатта Мемлекет басшысы экономикалық кедергілерге қарамастан, әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарды қолдауға бағытталған іс-шаралардың жалғасын табатындығын баса айтады. Аталмыш алғышарттардың негізінде Қарағандының Саран қаласында әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары үшін тегін сабақтар жүргізіліп келеді. Сабақтарды «Zhas Project» бірлескен жоба негізінде Халықаралық қайта құру және даму банкі мен Білім және ғылым министрлігі ұйымдастыруда.
Медицина • 10 Қараша, 2017
Мектеп жабылса, жақсы ғимарат қирап қалады
Иә, өкінішке қарай, осы уақытқа дейін мұндай жағдай болды. Егер жедел де нақты шаралар қабылданбаса, алдағы уақытта да сол жағдай жалғаса беретін түрі бар. Бұл келеңсіздіктің алдын алу үшін солтүстік аймақтағы әкімдердің еңбегін, депутаттардың қызметін жоққа шығара алмаймыз.
Аймақтар • 10 Қараша, 2017
Биыл Қазақстанда бес адам «денге» безгегін жұқтырса, үшеуі Қызылжар өңірінің тұрғындары болып шыққан. Бұл туралы облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінде өткен брифингте айтылды.
Медицина • 10 Қараша, 2017
«Ақ таяқ» күні аясында офтальмологиялық тексеруден өтті
Жақында халықаралық «Ақ таяқ» күні аясында «Құрмет белгісі» орденді Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институты Алматы қаласындағы Н.Островский атындағы зағип және нашар көретін балаларға арналған №4 мектеп-интернаттың оқушыларын офтальмологиялық тексеруден өткізді.
Медицина • 10 Қараша, 2017
Аутизм: генетикалық сырқат па, психологиялық ауру ма?
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, елімізде аутизм дертіне шалдыққан 14 жасқа дейінгі 1 мыңнан астам бала бар екен. Бұлар – ресми тіркелгендері ғана. Кейбір мамандар есепке алынбағандар бұдан әлдеқайда көп дейді. Себебі республикада аутизммен сырқаттанатын балаларға дер кезінде дұрыс диагноз қойыла бермейді, тіпті ауруды емдеудің бірыңғай тәсілі де жоқтың қасы.
Медицина • 10 Қараша, 2017
Дипломмен ауылға барған жастар пәтер алды
Лебяжі ауданы ішкі саясат бөлімінің хабарлауынша, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы аясында аудан орталығы Аққулыда салынған 24 пәтерлі тұрғын үй құрылысына облыстық бюджеттен 32 миллион теңге қаражат бөлініпті.
Тәрбие • 10 Қараша, 2017
Бұрынғы өткендердің «мас», «мастық» сөзіне деген пайымы бөлек болыпты. Бүгінгі мастықтың кейпі өзгерген. Біздің сөздік қорымызға енген мас, маскүнем бейнесі адамдықтан айныған, беті көлкілдеп ісіп, маңайына сүйкімі кеткен жан. Қарадай қаның қайнап, қандай керемет деген тұлғаның ішімдіктің құлына айналғанын көргенде жаның ауыра тұра сырт беріп, маңайынан аулағырақ кетуге тырысатын күйге түскенбіз.
Тәрбие • 10 Қараша, 2017
Отбасындағы ошақ жылуын сақтау парыз
Отанымызда тыныштық пен береке, ырыс пен мереке болуы үшін де ең алдымен әрбір отбасында жылылық орнағаны абзал. Алайда отбасыны шағын мемлекет деп қарастырсақ, оның тату тірлігі мен бірлігін шайқаған отағасылар да баршылық. Мәселен, бір Ақмола облысында ғана мыңнан аса әйелдің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағаны туралы ішкі істер органдарына шағымдануы ойлантпай қоймайды. Егер еліміз бойынша қарастырар болсақ, шынымен де мәселе өткір күйінде қалып келеді.
Медицина • 10 Қараша, 2017
Үкімнің орындалуы – заңның үстемдік құруы
Еліміздің соттары шығарып жатқан шешімдер мен үкімдердің уақытылы әрі сапалы орындалуы өте маңызды мәселе. Өйткені халық ол үкімдердің орындалуын заң үстемдігінің толық қамтамасыз етілуінің бір көрінісі ретінде бағалайды. Осыған орай Жоғарғы сотта «Үкімді орындаумен байланысты мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оны Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты мен «IRZ» халықаралық құқықтық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоры ұйымдастырды.
Діни ахуалды жетілдіру – маңызды міндет
Діни ахуалға талдау жасағанда, дін саласындағы күрделі мәселелер қазіргі заманауи қоғамдағы қауіп-қатерлер мен сын-тегеуріндердің арасынан маңызды орын алатыны байқалады. Бұған әлемнің түкпір-түкпіріндегі діни экстремизмнің шиеленісуінен туындаған қайғылы оқиғалар айғақ болады. Қоғам тарапынан қауіп-қатерді жете бағалап, діни мәселелерге жүйелі назар аударылмаса, бұл мәселе әлеуметтік кеңістікте алдыңғы орынға шығып кетуі мүмкін.
«Батпандап кірген мысқалдап шығады»
Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің бүгінгі жаһандық және өңірлік сын-қатерлер жағдайында атқарып отырған жұмыстарының өзектілігі ерекше. Мемлекет басшысының өзі «Қазіргі жағдайда министрліктің жұмысы еліміз үшін аса маңызды», деп аталған ведомство көтерген жүктің ауырлығы мен жауапкершілігіне айрықша мән-мағына берген болатын.