Соңғы жаңалықтар
Қазақстан • 30 Тамыз, 2017
Сындарлы ой-пікірлерімен есте қалады
Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Пагуош ғалымдар қозғалысының «Жаңа ядролық қауіп-қатерге қарсы іс-қимыл» атты 62-ші конференциясының жабылу рәсіміне қатысты және сөз сөйледі.
Үкімет бес жылға болжам жасады
Жыл басынан бері еліміздің экономикалық белсенділігі жақсарған. Мәселен, өткен 7 айдағы ІЖӨ өсімі 4 пайызды құрады. Ал жыл қорытындысы бойынша экономика өсімі 3,4 пайыз болады деп болжанып отыр. Бұл туралы кеше Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаевтың Төрағалығымен өткен Үкімет отырысында айтылды.
Қазақстан • 29 Тамыз, 2017
Оңтүстік өнерпаздары Астанада әннен шашу шашты
Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері күнгей өлкенің эстрада және дәстүрлі әншілері, ұлттық аспапта орындаушыларының қатысуымен сазды-әуенді шеруімен жалғасты. Нақтырақ айтсақ, оңтүстік өнерпаздары екі қабатты үсті ашық қызыл автобуспен Астана қаласының қоғамдық орындарды аралап, танымал қазақ әндерін шырқады. Ондағы мақсат - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын кеңінен насихаттау.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2017
Павлодарда 11 кәсіпорын аумағындағы ауа тексеріледі
Облыс тұрғындары тарапынан кешкі, түнгі уақыттарда түтін әсеріне шағымдар түсу жиілеген. Өткен жылы ауаны ластайтын заттардың шекті мөлшерінен асып кетуі Ақсу ферроқорытпа зауыты, ЕЭК, «Қазақстан алюминийі» Ақ кәсіпорындарының санитарлық-табиғат қорғау аумақтарында тіркеліпті.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2017
Ақсу қаласында мектеп оқушыларына көмек көрсетілді
Ақсу қаласындағы Еуразиялық Топтың (ERG) құрамына кіретін «Еуроазияттық энергетикалық корпорация» АҚ жалып, жыл сайын аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасыларға, мүгедек және жетім балаларға қолдау көрсетіп келеді.
Президент • 29 Тамыз, 2017
Назарбаев МАГАТЭ-нің Төмен байытылған уран банкінің ашылу рәсіміне қатысты
Қазақстан Президенті МАГАТЭ-нің Төмен байытылған уран банкінің ашылу рәсіміне қатысты. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2017
Мақтаралда педагогикалық жәрмеңке өтті
Мақтарал аудандық Білім бөлімінің ұйымдастыруымен "Мақтаарал" мәдениет үйінде бос жұмыс орындарына арналған педагогикалық жәрмеңке өткізілді. Аудандағы барлық 125 мектептен 108 педагогикалық мамандық, 36 жұмысшы мамандығы жұмыс іздеушілерге ұсынылды.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2017
Маңғыстауда «Жаңа серпін» бағдарламасы бойынша 500 орындық жатақхана берілді
Бүгін Конституция күні қарсаңында Ақтау қаласының Шығыс шағынауданында жұмысшы жастарға 500 орындық жатақхана пайдалануға берілді.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2017
Ақтауда «Меловой» спорттық-сауықтыру кешені ашылды
ҚР Конституция күніне орай «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Ақтауда «Меловой» спорттық-емдеу кешені ашылды.
Қазақстан • 29 Тамыз, 2017
Астанада мерекеге орай музей ашылды
Ел Конституциясының 22 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Астаналық бригада ғимаратында Орталық музей ашылды. Салтанатты шараға Ұлттық ұланның басшылық құрамы мен Халық қаһарманы, Армия генералы Мұхтар Алтынбаев, Ішкі істер органдары және Ұлттық ұлан Ардагерлер кеңесінің төрағасы отставкадағы милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков, Ұлттық ұланның ардагерлері мен әскери қызметшілері қатысты.
Қазақстан • 29 Тамыз, 2017
Алматыда Конституция күні аталып өтті
Еліміздің өркендеуіне және мемлекеттік биліктің қалыптасуына, экономика, әлеумет, мәдениет салаларының қарқынды дамуына жол ашқан Қазақстан Конституциясы күні айтулы мереке ретінде Алматыда да аталып өтті. Тәуелсіз еліміздің тұғырының мықты, туының биік болуының мызғымас тірегіне айналған Қазақстанның Ата заңы қабылданған айырықша маңызы мол мерекені ұлықтау дәстүрі биыл да қала әкімдігінің ұйытқы болуымен елге белгілі зиялы қауым, мәслихат депутаттары, этномәдени бірлестіктердің, жастар ұйымдарының өкілдері Абай атындағы опера және балет театрындағы салтанатты жиынға шақырылды.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2017
Жамбыл облысында егін ору науқаны толығымен аяқталды
Жамбыл облысында бүгінгі күнде орылуға тиіс 257,8 мың гектар дәнді дақылдардың барлығы сәтті орылып, өңір егін ору науқанын алғашқылардың бірі болып тәмамдады.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2017
Атырау облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 86 жоба жүзеге асырылады
Кеше, 28 тамызда облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың төрағалығымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі сараптама кеңесінің бірінші отырысы өтті, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникация қызметі.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2017
Ақтөбеде жергілікті полиция автокөлікпен толық қамтылды
Кеше Конституция күні қарсаңында жергілікті полиция қызметі учаскелік инспекторларына Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев 180 қызмет автокөлігінің кілтін табыс етті.
Аймақтар • 29 Тамыз, 2017
Ақтөбеде 40 отбасы баспаналы болды
Қазіргі күні құрылысы қазандай қайнап жатқан «Батыс -2» тұрғын-үй ауданы аумағы осыдан 5-6 жыл бұрын құлазыған маң дала болып еді десек бұған ешкім қапелімде сене қоймас еді.
Қазақстан • 29 Тамыз, 2017
Әбдіқалықова «Конституция және қоғам мен мемлекеттің жаңғыруы» атты конференцияға қатысты
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған «Конституция және қоғам мен мемлекеттің жаңғыруы» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Қазақстан • 29 Тамыз, 2017
Ж.Түймебаев: Біз рухани жаңғыруға бет бұрған жұртпыз
Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Оңтүстік Қазақстан облысының Астана қаласындағы күндері аясындағы аймақ ақын-жазушыларының шығармашылық кездесуі мен «Тұлға. Тәуелсіздік. Тарих», «Жаһан таныған жеті тұлға» атты кітап көрмесінің тұсаукесерінде айтты.
ЭКСПО-2017 • 29 Тамыз, 2017
ЭКСПО-да Вьетнамның ұлттық күні аталып өтті
Бүгін ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Вьетнам Социалистік Республикасының Ұлттық күні мерекеленді.
Парламент • 29 Тамыз, 2017
Қ. Тоқаев Пагуош конференциясының жабылу салтанатына қатысты
Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Пагуош ғалымдар қозғалысының «Жаңа ядролық қауіп-қатерге қарсы іс-қимыл» атты 62-ші конференциясының жабылу салтанатына қатысты.
Қазақстан • 29 Тамыз, 2017
Елордада «Оңтүстік өнімдері» тауарөндірушілердің көрмесі өтуде
Елордасы – Астанада бүгіннен басталған Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында «Оңтүстік өнімдері» тауарөндірушілердің көрмесі ашылды. Жиынға қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев барша келушілерге алғысын білдіре отырып, күнгейлік көрме арқылы өңірдің инвестициялық және туристік әлеуетімен танысуға мүмкіндіктің мол екенін айтты.
Президент • 29 Тамыз, 2017
Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қаруға ие елдердің саммитін өткізуді ұсынды
Қазақстан аумағында құрылған Халықаралық төмен байытылған уран банкін ресми ашу салтанатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қаруға ие елдердің саммитін өткізуді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Президент • 29 Тамыз, 2017
Назарбаев МАГАТЭ-нің бас директорымен кездесті
Нұрсұлтан Назарбаев Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) бас директоры Юкия Аманомен кездесті. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Қазақстан • 29 Тамыз, 2017
Оңтүстіктің елордалықтарға жеті ерекше тартуы бар
«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Астана қаласында өтетін Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында Оңтүстіктің жеті ерекше тартуы бар. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында айтты.
ЭКСПО-2017 • 29 Тамыз, 2017
ОҚО-ның Астанада өткізген форумында 6 меморандумға қол қойылды
Бүгін Астана қаласында Оңтүстік Қазақстан облысының күндері аясында «Ontustik Business: Мүмкіндіктер мен әлеует» атты бизнес-форум.болып өтті.
Үкімет • 29 Тамыз, 2017
Ерболат Досаев вице-премьер болып тағайындалды
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Премьер-Министрдің орынбасары қызметіне Ерболат Досаевты тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Технология • 29 Тамыз, 2017
Hyperloop капсуласын бұрын соңды болмаған жылдамдыққа жеткізді
Америкалық бизнесмен Илон Маск Twitter-дегі парақшасында Hyperloop жолаушы капсуласы прототипінің видеосын жариялады.
Қазақстан • 29 Тамыз, 2017
Алматы қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімімен Алмас Мәдиев Лондонның экономика және саяси ғылымдар мектебіне оқуға түскен Ерлан Әукеновтың біржарым жылдық оқу демалысы мерзіміне Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 29 Тамыз, 2017
Оңтүстіктен Астанаға 1500 құнды жәдігер келді
Астана қаласындағы этноауылда Оңтүстік Қазақстан облысы күндерінің шеңберінде өңір қолөнершілерінің құнды шығармаларынан жасақталған «Құтты өлке қолөнері» атты көрме өтуде.
Президент • 29 Тамыз, 2017
Назарбаев Төмен байытылған уран банкін ашты
Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан аумағында құрылған Халықаралық төмен байытылған уран банкін ресми ашты. Салтанатты шара барысында Қазақстан Президенті МАГАТЭ-нің бас директоры Юкия Аманоға банктің символдық кілтін табыс етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.